Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кіріспе Курсавой работа ДАЙ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
144.92 Кб
Скачать

1.3. Шаңның организмге әсері

Шаңның негізгі қасиеттерінің бірі болып оны өкпелердің кәсіптік ауруларын, оң бірінші кезекте, пенвмокониоздарды тудыру қабілеті саналады. Ең көп тараған және ауыр өтетін пневмокониоз болып силикоз саналады. ОЛ құрамында бос қостотықты кремний бар шаңды жұту нәтижесінде пайда болатын өкпелердің шаңдың фиброзы. Ал силикатоз аурулары құрамында қос тотықты кремнийдың басқа қоспалармен байланған күйде болатын силикат шаңдарының әсері жағдайында жұмыс істеуші адамдарда пайда болады. Силикатоздардың ішінде асбестоз, толькоз, цементоз, слюдалық пневмокониоз, каолиноз, оливиноз, нефелиноз, шыны талшықтары шаңының силикатозы сияқты түрлерін ажыратады. Пневмокатоздардың тудырушы себептері болып, құрамында қос тотықты кремнийжоқ, әр түрлі өнеркәсіптік шаңдары да болуы мүмкін. Оларға мына металлокониоздар жатады: бериллиоз, сидероз, алюминоз, баритоз, станиоз т.б. және де органикалық шаңдарының пневмокониоздары (биссиноз, микоз т.б.) мақталық, бидайлық, саңырауқұлақтық, пластмассалық пнемокониоздары.

Шаңның өзінен басқа, шаңдық патологиялардың дамуында бронх-өкпе жүйесінің аллергиялық реакцияларының маңызы да үлкен. Өндірістік шаңның өзі де аллерген болып астмоидты бронхит, бронхиальды астма, эозинофильді инфильтрат сырқаттарын тудыруы мүмкін. Ал басқа жағдайларда шаң аллергиялық өзгерістердің аллергопневмониттік дамуына тек ықпал етеді. Осыпроцесстер ауқымды пневмокониоздардың дамуына үшін зең (фон( болып келеді. Пневмокониозардың ең жиі кездесетін асқынуы болып туберкулез саналады. Бұл сырқатты кониотуберкулез деп, яғни пневмокониоздың туберкулез ауруының әртүрлі формаларымен қабысуы (үйлесуі) деп сипаттау керек. Пневмокониоздың пайда болу тегіне байланысты силикотуберкулез, антрокотуберкулез, асбестотуберкулез, сидеротуберкулез т.б. ажыратады. Туберкулезбен асқынуы әсіресе силикозда жиі кездеседі. Бұл каниотуберкулез өте ауыр өтеді.

Шаң бронхиттері. Бұл сырқаттар барлық «шаңдық» өндірістерде кең тараған. МЫсалы, көмір шахталарында, көп уақыт еңбек етуші жұмысшылардың шамамен 40% бронхит ауруынан азп шегеді. Бұл сырқаттар фарфоро-фаянстік, асбестік өнеркәсіптерінде, жіп иіруші, цемент өндірістерінде кеңінен тараған.

Пневмониялар. Пневмониялар арнаулы емес сырқаттары болып келеді, олардың жиілігі шаңның әрдайымдық әсерінің нәтижесінде өсе түседі. Мысалы: ваннадий-немесе фосфор бар конвенторлық шлактары шаңының әсеріне ұшыраушы жұмысшыладың пневмониямен сырқаттану жиілігі шаңы жоқ кәсіптермен шұғылданушы адамдарға қарағанда 4-6 есе жоғары келеді. Пневмокониощдардан азап шегуші жұмысшылардың ішінде әдетті пневмониялармен сырқаттану жиілігі, шаңдық кәсіптік сырқаттары жоқ жұмысшыларға қарағанда едәуір жоғары.

Жоғары тыныс жолдарының сырқаттары. Мұрын-жұтқыншақтың шаңдылық қатарлары өте тараған. Сырқат шырышты қабықшасында гипертрофикалық процссінен басталып, біртіндеп атрофикалық қатарға ауысады. Осының нәтижесіндежоғары тыныс жолдарындағы шырышты қабықшасының сүзгіз және барьерлік функциялары айтарлықтай төмендейді. Сонымен қатар, әдетте, мұрынның шырышты қабықшасындағы сезімталдық нерв түптерінің зақымдалу нәтижесінде, тіпті аносмияға дейін, сезгіш функциясы төмендейді.Жұтқыншақпен, көмеймен, өңешпен және ірібронхылармен салыстырғанда мұрынның шырышты қабықшалары неғұрлым қатты өзгерістерге ұшырайды, өйткенітап осында шаңның ең ірі бөлшектері ұсталып, оған жарақаттаушы әсерін тигізеді.

Көздің шаңдық сырқаттары.

Шаң көру органдарына әсер етіп, конъюктивада қабыну процесстерін тудыру мүмкін( конъюктивиттер). Мысалы, мышьяк қоспалары бар шаңдарымен , анилин бояуларымен және акрихинмен жанасуда болған жұмысшыларында конъюктивиттер мен кератиттердің болған оқиғалары тіркелген, ал тринитротолуолдың шаңы кәсіптік катаракталарды тудырады. Күмістің күкірттік және бромдықтұздарының шаңдарымен ұзақ жанасу кәсіптік аргирозды тудырады.

Тері аурулары. Теріні ластап, әр түрлі құрамындағы шаң тітіркендіруші, сенсибилизациялаушы және фотодинамикалық әсерлерді беруі мүмкін.

Мышьяктің, әктің, кальций карбиінің, суперфосфаттың шаңдары тері бетіне тітіркендіруші әсер етіп дерматит ауруларын тудырады. Ағаш, бидай дәндері, шаш шаңдары терінің құрғап кетуі, дерекіленуі, фурункулез сияқтызақымдалуына келтіреді.

Өндірістік шаңның адам ағзасына әсері

Өндірістік шаң адам организміне кері әсерін әсерін тигізеді және кері әсерлердің нәтижесінде кәсіби аурулар пайда болады.

Кәсіби аурулар– белгілі бір мамандыққа байланысты кәсіпорынның зиянды әсерінен болатын кесел. Кәсіби аурулар кәсіпорындардағы санитарлық-гигиеналық ережелердің дұрыс орындалмауынан, шу, діріл, тағы басқа әсерінен пайда болады. Мысалы, шаң-тозаңы көп жерде жұмыс істеген адамның өкпесі пневмокониозға (өкпені шаң басу), ал радиоактивті препараттармен жұмыс істейтіндер сәуле ауруына шалдығады. Қатты дірілдейтін аспаптармен ұзақ уақыт жұмыс істеу тамыр неврозына (ангионеврозға) ұшыратады.

Кәсіби созылмалы аурулар ішінде шаң-тозаңнан болатын тыныс алу мүшелерінің зақымдануына байланысты түрлі аурулар (11-13%), /пневмокониоздар (13-14%)/, демікпе ауруы (51%-ға дейін). Кәсіби уланулар, көбіне жұмыс орнында улану (5-6%) фактілері негізінен қорғасынның әсерінен және оның қосындылары: сынап, көмірқышқыл тотығы, хлор және фосфордан уланулар бойынша көбірек тіркеледіЖұмысшылар арасында кәсіби аурумен ауыратындардың көп үлесін әйелдер.

Өндірістік шаңның әсерінен адам организмінде пайда болатын кәсіби аурулардың түрлеріне тоқталсақ. Бұл топқа бронхит, өкпе туберкулезiнiң барлық түрлерi бiрмезгiлде шаңды кәсiптiк аурулары: силикоздар, асбестоздар және басқалар бiрге болуы кiредi. Диагноз тұжырымдамасында "Кониотуберкулез" деп жазу керек, содан соң кониоздың кең түрдегi сипаттамасын - "антракоз", "силикоз" және т.б., және туберкулез үрдiсiнiң кең түрдегi сипаттамасын беру керек.

Тітіркендіргіш шаңдар (синтетикалық смола, ізбес, кальций карбидінің шаңдары) әртүрлі ауыр жағдайларға (дерматиттер, экземалар) әкелуі мүмкін. Ауа құрамының көп мөлшерде шаңдануынан теріге әсер ететін шаң бөлшектері тері құрамын өзгертеді, яғни оның сезімталдығын арттырады және микробтарға қарсы тұру иммунитетін төмендетеді.

Ұшы үшкір қатты шаң бөлшектері көздің жарақаттануын тудыруы мүмкін. Егер көз шаңнан зақымданса, онда көздің мөлдір қабатының өзгеруіне және конъюктивтің үлкеюіне әкеледі.

Бронхит - тыныс жолдары мен қолқаның қабынуынан болатын ауру. Соның ішінде жедел бронхит кезінде бронхиалды секреция ұлғайып, шырышты қабықты тітіркендіреді және қабындырады. Осының салдарынан қақырықтың бөлінуіне жә­не жөтелуге, ал ұсақ бронхылар зақымданғанда, ентікпеге әкеп соқтыратыны рас. Ауру көп жағдайда - ұзақ уақыт шаң-тозаң мен улы газ жұтқаннан және темекі тартқаннан, созылмалы өкпе ауруларына жол ашса, өкпеге әсер етуінен болады. Жөтел (құрғақ немесе қақырықты жөтел), кейде ентігу (созылмалы бронхитте) дененің қызуы 37-38 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Науқас әлсіреп, дел-сал күйге түседі.

Пневмокониоз (грекше pneumon — өкпе және konіa — шаң) - ұзақ уақыт өндірістік шаң жұтудан пайда болатын, нәтижесінде өкпеде әртүрлі склероздық құбылыстар, әрқилы өзгерістер және асқынулар туындайтын кәсіби ауру. Төменде пневмокониоздың түрлері келтірілген.

Силикоз (латынша sіlіcіum — кремний) — өкпеде кремний қос тотығының (SiO2) жиналуынан дамитын сырқат. Силикоз —өндірістік шаң-тозаңмен ұзақ уақыт тыныс алу нәтижесінде пайда болатын өкпе ауруларының бір түрі. Бұл ауру тау-кен, керамика өндірісінде, металл құю цехында, көмір өндіру саласында жұмыс істейтіндер арасында жиі кездеседі, яғни Силикоз кәсіби аурулар қатарына жатады. Аурудың дамуы тыныс органдарына түскен шаң-тозаңның түріне байланысты. Кварц тозаңдары өкпенің аралық тінінде жиналып, сол жерде үдемелі түрде склероз тудырады. Өкпеге жиналған кремний қос тотығы еріп, кремний қышқылына айналады да, сол жердегі тіндерге зиянды әсер етеді. Силикозбен ауырғанда алғашқы кезде науқас ентігеді, кеуде тұсы шаншып ауырады. Дерт асқынса адам қозғалмай жатып-ақ ентігеді, жөтелуі күшейіп, қақырық түседі. Клиникалық-рентгенология зерттеулер бойынша Силикоздың: түйінді, аралық (интерстициалды) және ісікті түрлерін ажыратады. Түйінді силикоз өкпеде диам. бірнеше мм-ден бірнеше см-ге дейін жететін сұр, қара сұр түсті түйіндердің пайда болуымен сипатталады. Бұл түйіндерді микроскоппен қарағанда, гиалинденген қатты дәнекер тіннен тұратыны көрінеді. Өкпе тіні бұл кезде тығыз, көп жері ауасыз, серпімді болады. Силикоздың жиі кездесетіні — аралық түрі. Ол дәнекер тіннің бронхтар мен қан тамырлары айналасында, альвеоланың (өкпедегі кеңірдек тарамы) шетінде өсіп, жайылады. Ал ісік тәрізді Силикоз өкпедегі түйіндердің бір-бірімен қосылып кетуі нәтижесінде ірі ошақтардың пайда болуымен сипатталады. Бұл түйіндер ыдырағанда өкпеде ірі қуыстар (каверна) түзіліп, оған стафиллококк, стрептоккок (екіншілік инфекция) түскенде, өкпеде созылмалы қабыну дамиды. Өкпедегі Силикоздық өзгерістерге кейде туберкулез инфекциясы қосылып, силикотуберкулездің өршуі мүмкін. Бұл кезде өкпедегі дәнекер тінінің мөлшері ұлғайып, қанның өкпеге өтуі қиындайды, жүректің оң қарыншасы ұлғайып, созылмалы жүрек ауруына шалдығады. Ауру асқынғанда өкпе қабынады, созылмалы бронхит, бронхоэктатик. ауру пайда болады. Туберкулез, жүрек, қантамыр аурулары бар адамдарда Силикоз өте ауыр өтеді. Аурудың алдын алу шараларының ең бастысы — өнеркәсіп орнында шаң-тозаңды белгілі мөлшерден асырмау, еңбек гигиенасын сақтау қажет.

1-сурет. Силикоз кезіндегі бронха мен өкпе формасы

Силикатоз- SiO2 кремний қос тотығының Mg, Ca, Al, Fe және тағы сол сияқты элементтердің араласқан шаңдарымен тыныс алу кезінде пайда болатын склеротикалық өкпе ауруы.

Антракоз- көмір шаңының әсерінен пайда болатын пневмокониоз.

Сидероз- темір шаңынан пайда болатын пневмокониоз.

Электро-сваркалы пневмокониоз- FeO темір тотығы мен Mg (марганец) немесе F (фтор) элементтерінен тұратын сваркалы аэрозолының жоғары концентрациясында пайда болады.

2 – сурет Пневмокониоздің адам организміне әсер ету стадиялары

3-сурет Пневмокониозбен ауырған адамның рентгенограммасы