Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
патфиз 800 каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
946.69 Кб
Скачать

01_ Патологиялық филиология _ қаз

$$$001

Патологиялық физиология зерттейді:

A) Аурулар пайда болуының жалпы заңдылықтарын, ағымын және ауру аяқталуын.

B) Физиологиялық жағдайлардағы организмнің тіршілік әрекетін.

C) Адам организміне дәрілік заттардың ықпал жасауын.

D) Аурулардың жіктелулері мен номенклатурасын

E) Аурулардың клиникалық көріністерін.

{Правильный ответ}= A

$$$002

Патофизиологияның негізгі әдісі:

A) Клиникалық.

B) Статистикалық.

C) Морфологиялық.

D) Тәжірибелік.

E) Рентгенологиялық.

{Правильный ответ}= D

02 _01_ Патологиялық филиология _ қаз

$$$003

Нозология зерттейді:

A) Әр ағза қызметтерінің бүзылыстары.

B) Аурулардың ағымы мен даму типтерін және түрлерін.

C) Аурулардың емдеу принциптерін.

D) Ауру дамуының жалпы механизмдерін.

E) Аурулардың себептерін.

{Правильный ответ}= B

$$$004

Ампутациядан кейінгі қалдық, көздің күюінің салдарынан болған соқырлық, ненің мысалы:

A) Аурудың.

B) Ауру асқынуының.

C) Дерттік серпілістің.

D) Дерттік жағдайдың.

E) Типтік дерттік үрдістің.

{Правильный ответ}= E

$$$005

Ауруға жатады:

A) Инфаркт.

B) Аллергия.

C) Гипоксия.

D) Өкпе қабынуы.

E) Сладж-феномені.

{Правильный ответ}= D

$$$006

Аурудың соңын атаңыз:

A) Толық сауығу.

B) Дерттік серпіліс.

C) Дерттік үрдіс.

D) Асқыну.

E) Ремиссия.

{Правильный ответ}= A

$$$007

Өлімнің қайтымсыз сатысы-ол:

A) Кома.

B) Агония алды.

C) Агония.

D) Клиникалық өлім.

E) Биологиялық өлім.

{Правильный ответ}= E

$$$008

Шок кезіндегі қан айналымның орталықтануының негізгі механизмі неге байланысты:

A) Анафилаксияға.

B) Уыттануға.

C) Жүрек аритмиясына.

D) Симпатоадреналды серпіліске.

E) Парасимпатикалық жүйенің белсендірілуіне.

{Правильный ответ}= D

$$$009

Этиология- ол осыларды зерттейтін ілім:

A) Ауру пайда болуы, дамуының жалпы заңдылықтарын.

B) Ауру туындататын себептер мен жағдайларды.

C) Ауру дамуының жолдарын.

D) Ауру көріністерін.

E) Ауру нәтижелерін.

{Правильный ответ}= B

$$$010

Аурулардың биологиялық себептеріне жатады:

A) Стресстер.

B) Қысылу.

C) Электр тоғы.

D) Ашығу.

E) Вирустар.

{Правильный ответ}= E

$$$011

Сәуле ауруының себебі:

A) Адамның иммундық тапшылық вирусы.

B) Ультракүлгін сәулелену.

C) Иондаушы сәулелену.

D) Үдемелі жылдамдық.

E) Қысылып қалу.

{Правильный ответ}= C

Кинетоздардың себебін атаңыз:

A) Вирустар.

B) Үдемелі жылдамдық.

C) Радиациялар.

D) Стресс.

E) Қышқылдар.

{Правильный ответ}= B

$$$013

Организмге жоғары атмосфералық қысым әсер еткенде:

A) Сұйық ортада газдар еруі төмендейді.

B) Қанның қайнау нүктесінің төмендеуі.

C) Дене температурасы жоғарылайды.

D) Қанда газдардың еруі жоғарылайды.

E) Дене қуыстарында газдар көлемінің өсуі.

{Правильный ответ}= D

$$$014

Ауру туындауын қолдайтын ішкі жағдайға жатады:

A) Жыныс.

B) Бойы.

C) Жас шамасы.

D) Конституциясы.

E) Патологиялық тұқым қуалаушылық

{Правильный ответ}= E

$$$015

21. Ауру туындауын қолдайтын сыртқы жағдайға жатады:

A) Организмді шынықтыру.

B) Патологиялық конституция.

C) Жұмыс пен демалу режимінің бұзылуы.

D) Дұрыс тамақтану.

E) Бактериялар.

{Правильный ответ}= C

$$$016

Этиотропты емге жатады:

A) Қабынуға қарсы ем.

B) Десенсибилизациялау.

C) Уытсыздандыру.

D) Бактерияларға қарсы ем.

E) Өспелерге қарсы ем.

{Правильный ответ}= D

{Сложность}=3

{Учебник}= (Патологиялық физиология, Нұрмұхамбетов Ә.Н., Дәленов Е.Д., 1995)

{Курс}=2

{Семестр}=4

{Шифр специальности}=051101, 051102, 051104, 051106

{Предполагаемое знание тестируемого}=PA