Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Хирургия РК 2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
194.05 Кб
Скачать

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Физиотерапия және ЕДШ бар №1 хирургиялық аурулар,

әскери-далалық хирургия кафедрасы

Аралық бақылау № 2

Пән Жалпы хирургия

Мамандық «051301 – Жалпы медицина» Курс 3

Нұсқа № 8

Тесттер

1. Іріңді туғызатын микробтардың организмдегі алғашқы көріністерінің реакциясын

көрсетіңіз: 3%

  1. гипотермия

  2. қызба

  3. брадикардия

  4. тахикардия

  5. жүректің қалыпты ырғағы

2. Сепсистің клиникалық көрінісі үшін сипатты: 3%

а. тек тыныс алу мүшелернің зақымдалуы

b. тек іріңді аурулар кезінде дамиды

c. оны туындатқан қоздырғыштардың әртүрлілігіне қарамай,біртипті клиникалық көрініс

d. тек балаларда дамиды

е. клиникасы қоздырғыш түріне байланысты

3. Радикальді секвестрэктомиядан кейін сүйек қуысын тазалауға қандай әдіс төзімді: 3%

  1. гипспен толтыру

  2. ұзақ уақыт жуу

  3. миопластика

  4. тампондау

  5. антисептикамен коллагенді губкамен пластика

4. Газды гангренаның жергілікті симптомдарына мынадан басқаның бәрі жатады: 3%

а. жарадан сарғыш-қоңыр түсті сұйықтықтың ағуы;

b. жарадағы бөліндінің жағымсыз шіріктік иісі;

c. жарадағы бөліндіде газ көпіршіктерінің болуы;

d. жара айналасындағы терінің ақ жылтыр болуы;

е. жарада қызғылт, жылтыр, қол тигізгенде тез жиырылатын бұлшықеттердің болуы.

5. Сіреспенің спецификалық активті және пассивті алдын алу үшін науқасқа не егеміз: 3%

  1. 1 мл сіреспе анатоксині және антибиотик

  2. 1 мл сіреспе анатоксині және миорелаксант

  3. 3000 АЕ сіреспеге қарсы және миорелаксант

  4. 1 мл сіреспе анатоксині, 3000 АЕ сіреспеге қарсы сарысу

  5. 3000 АЕ сіреспеге қарсы сарысу және антибиотик

6. "Үшкір стебель" дегеніміз: 3%

а. диаметрі 1 см жіңішке стебель тәрізді лоскут

b. жуандығы 3 см болатын стебель тәрізді лоскут

c. бір қоректік аяқшасы бар стебель тәрізді лоскут

d. ұзындығы 20 см аспайтын стебель тәрізді лоскут

е. түтікке тігілмеген лоскут

7. Эризипелоидта не зақымдалады: 3%

  1. саусақ

  2. табан

  3. бет

  4. бас

  5. қолтық аймағы

8. Пирогов кеңiстiгiндегi iрiңдiктi кесу тереңдiгiн көрсетiңiз: 3%

  1. шел майына дейiн

  2. саусақтың беткейлiк бүккiштерiне дейiн

  3. төрт бұрышты пронатарға дейiн

  4. бiлектiң беткейлiк фациясына дейiн

  5. саусақтардың терең бүккiшiне дейiн

9. Науқасты аспаптық тексеру әдісі блып табылады: 3%

а. қанның зертханалық тексерісі

b. қарау

c. пальпация, перкуссия, аускультация

d. лапароскопия

е. анамнез жинау

10. Жедел холециститте диета құрамы: 3%

а. көп витаминдер және аз мөлшерде май;

b. көп май және аз мөлшерде көмірсу;

c. көп көмірсу және аз мөлшерде ақуыз;

d. көп мөлшерде ақуыз және аз мөлшерде витамин;

е. көп мөлшерде витамин және аз мөлшерде майлар.

Сұрақтар

1. Сіреспенің арнайы жаралық инфекция ретінде туындауындағы емдеу тактикасы. 15%

2. Тері және теріасты клетчаткаларының жедел іріңді аурулары. 15%

Жағдайлық есептер

Сізге қабылдауға мерзімдік пайда болатын бөртпелерге, терісінің қышуына шағымданатын науқас келді. Тексеріс барысында сіз бауырдың оң жақ бөлігінде қабырғалары қалың, көлемі 9х8,5 см, сұйықтықты, біркамералы кистозды түзілімді анықтадыңыз.

Сіздің алғашқы диагнозыңыз? 40%

Кафедра меңгерушісі м.ғ.д. доцент Шакеев К.Т.