Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бюджетке тленетін баса да міндетті тлемдер.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
132.61 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлiк құралдарының жүргенi үшiн алым (бұдан әрi – алым):

1) халықаралық қатынастарда жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан кетуi;

2) халықаралық қатынастарда жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына келуi (кетуi), Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитi; 

3) iрi көлемді және (немесе) салмағы ауыр отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүруi; 

4) концессияға берілген ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарын қоспағанда, ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарымен отандық және шетелдік автокөлік құралдарының жүруi үшiн өндiрiп алынады. 

Қазақстан Республикасының аумағымен автомобиль құралдарының жүруi, егер ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарымен жүру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, көлік саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган беретін рұқсат құжаттары негiзiнде жүзеге асырылады. 

Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлiк құралдарының жүру және рұқсат құжаттарын беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

Көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша алым төлеушілер мен салық салу объектілері туралы ақпарат береді.

Салық Кодексінiң 459-бабында белгiленген жағдайларда, Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлiк құралдарының жүруiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.

Алым ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшері негізге алына отырып, мынадай мөлшерлерде белгіленеді:

1) халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан кетуi үшін - АЕК-тің 2 еселенген мөлшері;

2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес күнтізбелік бір жылға шетелдік рұқсат ала отырып, тұрақты негізде халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан кетуi үшін - АЕК-тің 10 еселенген мөлшері;

3) халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) келуi (кетуi), Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитi үшін - АЕК-тің 10 еселенген мөлшері; 

4) iрi көлемді және (немесе) салмағы ауыр отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүруi үшін алым ставкасы мынаны қамтиды: 

автокөлік құралының (жүгі бар немесе жүгі жоқ) жалпы нақты салмағының жол берілетін жалпы салмақтан асып түскені үшін есеп-қисап, бұл 0,005 еселенген АЕК мөлшеріндегі төлемақы ставкасын асып түскен әрбір (толық емесін қоса алғанда) тоннаға және бағыт бойынша тасымалдау арақашықтығына (километрмен) көбейту арқылы жүргізіледі;

Отандық және шетелдік автокөлік құралдарының ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарымен жүруі үшін алым ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Алым сомасы белгiленген ставкалар бойынша есептеледi және рұқсат құжаттарын алғанға дейiн төленедi.

Алым сомасы рұқсат құжаттары алынған жер бойынша және (немесе) ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарын пайдалану орны бойынша бюджетке төленеді.

Аукциондардан алынатын алым (бұдан әрi – алым) аукциондарда мүлiктi (оның iшiнде мүлiктiк құқықтарды) сату кезiнде алынады.

Аукциондарда мүлiктi (оның iшiнде мүлiктiк құқықтарды) сатуға шығаратын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады. 

Мүлiктi (мүлiктiк құқықтарды) сатудың аукцион өткiзу нәтижелерi бойынша белгiленген құны алым алу объектiсi болып табылады.

Алым ставкасы аукцион өткiзу нәтижелерi бойынша айқындалған мүлiктi (мүлiктiк құқықтарды) өткі-зу құнының 3 проценті мөлшерiнде белгiленедi.

Төлеушiлер алым сомасын салық салу объектiсiне ставка қолдану арқылы дербес есептейдi.

Атқарушы iс жүргiзу органдары соттардың атқарушы құжаттары бойынша өткiзетiн аукциондар бойынша алым сомасын есептеу кезiнде салық салу объектiсін бюджетке есептелетiн атқару санкциясының сомасына түзету жүргiзiледi. 

Алым төлеу алым төлеушілердің орналасқан жері бойынша аукциондар (аукцион) өткiзiлген есептi айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрілмей жүзеге асырылады.

Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым (бұдан әрi – алым) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялануға тиiстi белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысуға лицензиялар (лицензиялардың телнұсқасын) беру (қайта ресiмдеу) кезінде және осы тарауда көзделген өзге де жағдайларда алынады.

Лицензиялар берудi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен және жағдайларда уәкiлетті мемлекеттік орган (бұдан әрi – лицензиар) жүзеге асырады.

Лицензиарлар тоқсан сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша алым төлеушiлер мен салық салу объектілері туралы ақпаратты табыс етеді.

Лицензия алатын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.

Алым ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерін негізге ала отырып белгіленеді.

Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат бергенi үшiн алым (бұдан әрi – алым) байланыс саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат берген кезде алынады.

Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган берген лицензияның негiзiнде жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасының телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына қолданылады. 

Рұқсат беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. 

Байланыс саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органдар телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарының орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша алым төлеушiлер мен салық салу объектілері туралы ақпаратты тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-інен кешiктiрмей табыс етедi.

Алым ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерін негізге ала отырып, аумағында телевизия және радио хабарларын тарату қызметтері көрсетілетін елді мекенде тұратын халық санына, хабар таратқыш құралдың қуаты мен телевизия және (немесе) радио хабарларын тарату арналарының санына байланысты белгіленеді.