
- •Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер: алымдар, төлемдер мен баждар
- •Қазақстан Республикасындағы алымдар:
- •1) Мыналарды:
- •3) Жылжымалы мүлік кепілін, кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу кезінде:
- •Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлiк құралдарының жүргенi үшiн алым (бұдан әрi – алым):
- •2 С. Төлемақы дегеніміз — белгілі бір қызмет түрін пайдаланған кезде төленетін міндетті төлем.
- •Мемлекеттік баж алу объектілері.
- •Кеден төлемдерінің түрлері.
Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер: алымдар, төлемдер мен баждар
1. «Алым» ұғымы, түрлері және оларды төлеу ерекшеліктері
2. Төлемақылардың экономикалық мазмұны, түрлері мен оларды есептеу ерекшеліктері
3. Баждардың экономикалық табиғаты, мазмұны және құрылу негіздері
1с. Алым дегеніміз - белгілі бір қызмет түрін бастар алдында немесе осы қызмет түріне құқық берер кезде төленетін міндетті төлем.
Алым да төлем болып табылады. Ал, енді алымдардың салықтардан бірнеше айырмашылықтары бар, атап айтқанда:
1. алым мемлекеттік аппараттың шығындарын жабады, яғни мемлекет заңды іс–әрекет түрінде тұлғаларға қызмет ұсына отырып, сол қызметіне төлем қабылдайды. Ал салықтар мемлекетті толығымен қаржыландыруға жұмсалады;
2. салықтың өтеусіз және баламасыз белгілері болады. Ал, алым баламалы төлем болып саналады, яғни алымды төлеу арқылы мемлекеттен белгілі бір құқық, мәртебе немесе рұқсат алынады. Мысалы, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алымды алсақ, салық төлеуші осы алымды төлеу арқылы өзіне белгілі бір қызмет түрін ашуға рұқсат алады немесе лицензиялық алым белгілі бір қызметпен айналысу үшін рұқсат қағаз, яғни салық төлеушіге белгілі бір қызмет түрімен айналысуға құқық береді. Сонымен салық жай ғана төлем ретінде төленеді, содан салық төлеуші төлеуіне, айырбасқа ешнәрсе ала алмайды, ал алымда салық төлеуші мемлекеттік органмен байланысты жетілдіре отырып, өзіне басқа да заңды іс–әрекеттер жасайды;
3. алым біржолғы төлем болып табылады, яғни бір рет қана төленеді. Ал, салық ұзақ мерзімді және тұрақты түрде төленіп отырады, ұашан салық міндеттемесі тоқтағанға дейін жалғаса береді;
4. салықты төлеуде күштеу әдісі қолданылады, яғни салық төлеуші салық міндеттемесін орындамаған жағдайда, мәжбүрлі түрде өндіріп алу іс–шаралары қолданылады. Салық төлеуші алымды ерікті түрде төлеп отырады. Мысалы: бір тұлға мемлекеттік органға келіп, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға өтініш береді. Берілген рұқсат негізінде кез–келген қызмет түрімен айналысуға құқылы. Бұл жерде тұлға алымды өз еркімен төлейді.
Қазақстан Республикасындағы алымдар:
тіркеу алымдары;
автокөлік құралының Қазақстан Республикасы аумағымен жүргені үшін алым;
аукционнан алынатын алым;
жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;
телевизия және радио тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алым.
Тіркеу алымдары (бұдан әрі – алымдар) – уәкілетті мемлекеттік органдар Салық Кодексінің 455-бабында белгіленген тіркеу іс-әрекеттерін жасаған кезде, сондай-ақ осындай тіркеу іс-әрекеттерінің жасалғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын берген кезде өздері алатын бір жолғы міндетті төлемдер.
Тіркеу іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда уәкілетті мемлекеттік органдар (бұдан әрі – тіркеуші органдар) жүзеге асырады.
Тіркеуші органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеу іс-әрекеттерін солардың мүдделерінде жүргізетін жеке және заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.
Алымдар мынадай тіркеу іс-әрекеттері: