
- •Мазмұны
- •1 Қоректену көзінің жұмысы
- •2 Кернеу стабилизаторын есептеу және элемент схемасын таңдау.
- •2.1 Бірінші каналдағы стабилизаторды есептеу және оны таңдау.
- •2.2 Екінші канал тұрақтандырғышының есептемесі, транзистор мен стабилитронды тандау .
- •2.3 Үшінші каналды есептеу.
- •3 Сыйымдылықты филтрлі түзеткіштерді есептеу.
- •3.1 Түзеткіш бұйымдарын таңдау.
- •4 Трансформатор параметрлерін есептеу немесе стандартты трансформаторды таңдау.
- •4.1 Бір фазалық трансформаторларды есептеудің жеңілдетілген түрі.
- •5 Пайдалы әсер коэффициентін есептеу.
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Мазмұны
Кіріспе 4
1 Қоректену көзінің жұмысы 5
2 Кернеу стабилизаторын есептеу және элемент схемасын таңдау 5
2.1 Микросхема таңдау, бірінші каналдағы стабилизаторды есептеу 6
2.2 Екінші канал тұрақтандырғышының есептемесі, транзистор мен стабилитронды таңдау 7
2.3 Үшінші каналды есептеу 8
3 Сыйымдылық фильтрлі түзеткіштерді есептеу 8
3.1 Түзетуші саймандарды таңдау 19
4 Трансформатор параметрлерін есептеу немесе стандартты трансформаторды таңдау 20
4.1 Бір фазалық трансформаторларды есептеудің жеңілдетілген түрі 21
5 Пайдалы әсер коэффициентін есептеу 23
6 Қоректендіру көзінің электрлік схемасының принциптік құрылымы 24
7 Қорытынды.........................................................................................................26
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................27
Кіріспе
Тоқ көздері әр түрлі тізбектер арқылы қосылады. Ең алдымен олар томенгі дәрежелі пульсациясы бар тұрақты кірістік кернеумен қамтамасыз етілуі керек. Сонымен қатар олар сенімді болу керек және сәйкес пайдалы әсер коэффициентімен қамтамасыз ету керек.
Кәзіргі уақытта ток көздерінің тізбектік техникасы әр қашан күрделіленіп барады. Ультрадыбыс жиілігінде жұмыс істейтін, кірісінде түзеткіші және түрлендіргіш трансформаторы бар импульстік көздер жасалынды. Бірақ 50 Гц жиілікті трансформаторы бар классикалық тізбекті тоқ көздері әліде құралжабдықтаудың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге қолданылады.
Курстық жобалаудың мақсаты – электр тізбектерін есептеу және анализ жұмыстарын жасау аймақтарында студенттердің білімдерін тереңдету, компоненттерді таңдаудағы жеке басының тапқырлығын, баяндамаларды және энергетикалық тоқ коздердің көрсетулерін есептеуін жетілдіру.
1 Қоректену көзінің жұмысы
Радиоэлектрондық аппаратураның көпканалды тоқ көзінің бірнеше екінші ретті орауыштары бар трансформатордан тұрады. Әр каналдың өзінің екінші ретті орауышына түзеткіш және түзететін фильтр жалғанған салмақ түсіп тұрған кезде кернеуді өзгертпеу үшін қоректену көзінде стабилизатор орналасуы керек. Қоректену көзінің құрылымдық схемасы –суретте көрсетілген.
Қоректену көзінің эксплуатациялық қасиеттерін сипаттайтын негізгі шамалар мыналар:
Шығу кернеуі Ud және тоғыId;
Пульсация коэффициенті Кп – шығу кернеуінің пульсациясының амплитудасының кернеудің орташа мәніне қатынасы.
Сыртқы мінездеме – салмақтағы кернеудің салмақтағы тоққа қатынасы Ud = f(Id);
Пайдалы әсер коэффициенті .
Сурет 1- Қорек көзінің құрылымдық схемасы
2 Кернеу стабилизаторын есептеу және элемент схемасын таңдау.
Кернеу стабилизаторы дегеніміз тұтынушы жағындағы кернеудің тұрақтылығын берілген дәлдік дәрежесімен ұстап тұратын құрылғыны айтамыз. Стабилизатор жұмыс істеу принципі бойынша параметрлік және компенсациялық болып бөлінеді.
Тұрақты тоқтың кернеуін стабилизациялау үшін, солардан өтетін тоқ пен кернеу арасындағы байланыс өте аз сызықтық емес электродтар қолданылады. Бұндай элементтер орнына кремнийлік стабилитрон қолданылады.Керекті кернеуді таңдау үшін стабилитронды тізбектеп қосуға болады. Егер салмақтағы тоқ стабилитронға максимум тоқтан асып кетсе, онда транзисторларда тоқты күшейткіш бір немесе бірнеше транзисторларда қолданылады [1].