
- •10 Сағат ішінде 31-36 санитарлық-гигиеналық, 100-120 радиологиялық және 31-36 химиялық-токсикологиялқ зерттеулер жүргізе алады;
- •Майданның (корпустың) емдеу мекемелері
- •Госпиталдық базаны ұйымдастыру
- •Әскери-далалық неврологиялық госпитальды ұйымдастыру (әднг)
- •Жеңіл жарақаттанғандарға арналған әскери госпиталь ұйымдастыру (әджг)
- •200 Орынды әдиг бактериологиялық қарумен зақымданған инфекциялық науқастарға арнайы медициналық көмек көрсету және оны емдеу мақсатында ұйымдастыры лады.
- •Тылдық госпиталдық базаның емдеу мекемелері:
- •500 Орынды госпиталда 5 медициналық бөлімше, ал 300 орынды госпитадда 3 медициналық бөлімше болады.
- •Майданның санитарлық-эпидемиологиялық мекемелері
- •Медициналық мүлікпен және техникамен жабдықтау мекемелері
- •Әскерді медициналық жабдықтауды жетілдірудің негізгі бағыттары
- •Казіргі жергілікті әскери кақтығыстардағы санитарлық шығындар Дәрежесі мен құрылымы
- •Әскери қызметкерлердің медициналық жабдықталуы және медициналық тасымалдау кезендерінің кейбір жаңа талдамалары. Қарқындылығы аз әскери кақтығыстарда емдеу-тасымалдау шаралар жүйесінің сипаты.
- •Қорытынды
Әскери қызметкерлердің медициналық жабдықталуы және медициналық тасымалдау кезендерінің кейбір жаңа талдамалары. Қарқындылығы аз әскери кақтығыстарда емдеу-тасымалдау шаралар жүйесінің сипаты.
Әскери қызметкерлерді медициналық корғаудың жеке құралдарын жаңадан жасау және жаңарту кажет. Осы көзқарас бойынша карапайым кару колданыдған соғыс кимылдары барысында жеке медициналық кұралдар кұрамында жансыздандырғыш дәрмектер, жараларды таңу құралдары, қан тоқтату, парентералдық енгізуге арналған антибиотиктер, суды залалсыздандыратын дәрмектер болады. Дәрілік заттарды парентералдык енгізу үшін колдануға ыңғайлы бір рет кана пайдаланылатын автоматты инъекторды колданған дұрыс.
Жеке табельдік байлап-таңу пакетін жаңарту керек (жараны толық жабатын, жоғары сорбциондык қасиеттерге ие, жараланған және күйген жерге жабыспайтын заттарды пайдалану); дәрілік заттарды байлап-таңғыштарда иммобилизациялау — емдік байлап-таңғыштар жасау).
Сыртқы қан кетуден дозаланған компрессиямен тиімді тоқтатуға сәйкес келетін жаңа эластикалық мата материалдарынан жаңа жгуттар жасау және асқынулардан қорғайтын коллатералдық қан кетуді сақтайтын ыңғайластырылған құралдардын болуы, өзіне өзі көмек көрсете алатындай ерекше құралған, әрбір әскери қызметкерді осындай жгутпен қамтамасыз ету мүмкіндігін туғызады.
Ұрыс даласындағы ең маңызды шокқа қарсы әдіс көліктік иммобилизация болып табылады. Медициналық қызметтің жабдығындағы шиналар эксплуатация жасау үшін ыңғайсыз. Алғашкы медициналық көмекті төжірибесі мол адамдар көрсеткенде де зақымданған жерді сенімді белгілей алмайды. Шиналарды дайындауда жаңа композициялық заттарды пайдалану көліктік иммобилизацияда асқынулар мен ақаулардың алдыналуға септігін тигізеді.
Реанимациялық көмектің маңызды алғашқы элементтеріне ерте инфузиондық терапия жатады, бірак оның мүмкіндіктері қан алмастырғыштары бар арнайы ыдыстардың және трансфузияға арналған реттік жүйенін болмауымен шектелген.
Санитар мен санитарлық нұсқаушының өзімен бірге алып жүретін жинағы (сөмке) бүгінгі күн талаптарына сай алғашқы медициналық көмек көлемін жүргізуді қамтамасыз ете алмайды, оны жетілдіру қажет.
Медициналық қызмет бүгінгі таңда іздеу, жинау және жаралыларды ұрыс даласынан алып шығуы үшін механикаландырылған құралдары жок. Қазір маңызды мәселелер қатарында штатқа ұрыс даласындағы тасымалдау кезінде медициналық қызмет сауытталған машиналарын енгізу болып отыр.
Медициналық қызмет жабдықталуында сауытталған медициналық машиналардыа (БММ) болуы ұрыс даласынан жараяыларды іздеу, жинау және алыл шығуды жоғарылатады. БММ тыныс алдыру аппараттарымен, оттегі және қан алмастырғьштармен, құралдар тобымен, байлап-таңу үстелімен жабдықтау алғашкы дәрігерлік көмекке дейін медициналық шаралар тобын жүргізуді ұлғайтады, осылайша алғашқы дәрігерлік көмекті 4-5 сағаттан 1 сағатқа дейін жақындатады.
Бригаданың медицина ротасы әскерді емдеу-тасымалдау жабдықтауда жетекші орынға ие. ММП- жабдықталуында тұтастықты қажет ететін техникалық құрал есебінде (АП-2) автобайлап-таңу бөлімі болып табылады, бірақ ол қабылдау шамасының аздығы (сағатына 7-10 адам) және көлемі (зембілдегі 15 жаралы) жағынан бүгінгі күн талаптарына сай емес. Ол үшін БрМР-де алғашкы көмек көрсету кезінде мынандай жылжымалы кешендер болуы шарт:
- сағатына19-20 адам қабылдау мүмкіндігі
- 40 адамға дейінгі көлем (пневмоқұрылымдар пайдалану есебінен)
- наркоз-тыныс алдыру аппараттары (ФАЗА типіндегі), электркардиограф, бактерицидтік сәулелендіргіш, венесекция, торакоцентез, аяқ-қолды ампутациялау және т:б. үшін кажетті хирургиялық құралдар;
- қазіргі энергетикалық комплект (электростанция); қолдану барысында ынғайлы және қуаты жағынан жеткілікті;
- инфузиондык терапия және реанимациялық шараларды жүргізуге болатын жаңартылған байлап-таңу үстелі.
Осындай жабдыктар сырткы қан кетуді біржолата тоқтату, күшейген пневмоторакс кезіндегі торакоцентез, санитарлық шығындардың жалпы санында ¥лы Отан соғысы және жергілікті әскери кақтығыстарда 30% дейін жеткен аяқ-қолды ампутациялау және БрМР дәрігері көрсете алатын көмек көлеміне байланысты жедел араласудықажетететін оперативтік жүргізуге мүкіндік береді.
Өміріне қауіп төнген кезде соғыс қимылдары жүріп жатқан стресстік және невротикалық жағдай туғызады, ал бүл әскери кызметкерлердің соғысу қабілетін толығымен немесе жартылай жоғалтуына әкеліпсоғады. Соғыс қимылдары кезеңінде 70% әскери қызметкерлерде психофизиологиялық түзету жүргізуді қажет ететін невротикалык және психикалық бұзылыстар байқалған. Сарбаздарда (75%) және офицерлерде (46%) стресстік реакция пайда болған бөлімдер мен бөлімшелердің соғысу: кабілетінін төмендеуіне және соғыс шығындарынын көбеюіне әкеледі. Әскердің соғысу кызметін психофизиологиялық қамтамасыз ететін, сонын ішінде әскерилердің психофизиологаялық жағдайын экспресс-диагностикалау әдістерін жасау және олардың соғысу кабілетін жоғарылату әскери медицинанын түбегейлі мәселелерінің бірі болып табылады.
Білікті медициналық көмек көрсететін медициналық тасымалдау қызметінің кезеңдерін талдау онын бүгінгі күн талаптарына сай еместігін көрсетті. 1 сағаттан 6 сағатқа дейін мерзімде көрсетілген хирургиялық көмек нәтижесінде өлім жиілігі операция жасалғандардың ішінде 10,3% құрады. Операция 13-24 сағаттан сон жасалса, өлім жиілігі 20;7%, яғни 2 есе өсті.
Әскери-далалық шарттарда хирургтың жұмыс орнын ұйымдастыру келелі мәселелердің бірі (оның шатырларда істеген жұмысы әскери-далалық хирургияның қазіргі талаптарына сай емес).
Білікті медициналық көмек көрсету кезеңдерін ұйымдастырудың штаттық құралдарымен (УСБ және УСТ шатырлары) жабдықтау да казіргі талаптарға сай емес. Медициналық қызметтің бөлімдері мен мекемелерін медициналық қызметкерлердің жұмыс істеу шарттарының ыңғайлы болуы және жаралылар мен науқастар орналастырудың жоғары деңгейде тұтастығын қамтамасыз ету қажеттігі туды.
Білікті медициналық көмек көрсету шараларын ұйымдастыруды жетілдіру келесі бағыттарда жүргізілуі тиіс:
- жылжымалы операциялық-реанимациялық кешендерді жасау (КОРП). оларды орналастыру мен жұмысын атқаруда ауыспалы және тұрақты көлемдегі кузов-контейнерлер пайдаланылады. Бұл жерде жұмыс істеу шарттары шойын пештерін элекгрқыздырғыштарымен алмастыру, кондиционерлер құру және пластикалык жабындылар колдану есебінен стационарлыкка жақын. Медициналык жабдықтардың басым бөлігінін стационарлық жағынан күшейтілуі ықтимал. Бұл өз кезегінде операциялық-байлап-таңу бөлімін ұйымдастыруға жұмсадатын уақытты қысқартады, ал кузов-контейнерлер сәйкес мүліктерді тасу қызметін атқарады. ЖМЖ-тың функционалдык бөлімшеяерін ұйымдастыруда осындай вдістерді пайдалану операциялық қарқынды терапия мен реанимация шатырларының эргонометриялық өлшемдерін жоғарылатып, медицина кызметкерлерінің жұмысына қалыпты шарттар жасайды.
- Операциялық - байлап-таңу бөлімшелерін жылжымалы операциялық үстелдермен- каталкалармен жабдықтау кіші медицина қызметкерлерінің еңбегін біршама жеңілдетеді, операция дайындалу уақытын қыскартады;
- Жұмыста қауіпсіз цеолиттік құрылымдарды оттегімен қамтамасыз ету үшін пайдалану. Мұндай құрылымдардың болуы оттегіні арнайьі ыдыстармен әкелу және сақтау сияқты қиындықтарды жеңуге көмектеседі.
Жаралыларға медициналық көмек көрсетудің тиімділігі, медициналық тасымалдаудың алдыңғы кезеңдерінде хирургиялық кұралдар көлемінін кеңеюі, реанимациялық шаралардың жүргізілуі әскерді дәрі-дәрмектен қамтамсыз ету жүйесін жетілдіруді талап етеді. Қазір дәрілік қалыптарды жасай алатын және дала шарттарында жаңа технологияны қолдана отырып оттегі алатын жылжымалы фармацевтикалық кешендерді құру кажет.
Соңғы он жыл ішінде болған жергілікті кақтығыстар, техногендік және табиғат апаттары әскери-медицина кызметінің мамандарын төтенше жағдайлар мен қарқындылығы төмен қарулы қақтығыстар кезінде көрсетілетін медициналық көмек көрсетуге өзгерістер енгізуге мәжбүр етті.
Емдеу-тасымалдау жабдыктауды көп кезенділігі шарасыздықтан жасалып отыр. Арнайы медициналық көмек көрсетуді жетілдіру қажет.
Ұйымдастыру шараларына өзгерістер енгізудің басты шарттарының бірі-бұл 62 % құрайтын қазіргі заманғы ұрыстық патология. Бұл кезде жарақаттар мен закымдар арасында өзара әсерлесу жүреді. Өлім жиілігі 37-40%, ал мүгедектік 60-62%.
Алғашкы кезеңде қажет емдеу-диагаостикалық көмек көрсетілмеген осындай жаралыларды жағдайларының ауыр болуы салдарынан медициналық тасымалдаудын келесі кезеңдеріне тасымалдау мүмкін емес. Алғашкы арнайы медициналық көмек көрсету мәселесі ең маңызды мағынаға ие бола бастайды. Ұрыс даласына немесе санитарлық шығын ошақтарына жақын орналастырылған емдеу мекемелері көп жағдайда материалдық-техникалық жағынан жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етілмеген және жоғары білікті мамандар да аз.
Арнайы тапсырмалы медициналық жасактар 1990 жылы құрылған болатын ҚРҚК медициналық қызметінде дәл сондай құрылымдардың құрылуы төтенше жағдайларда техникалық жабдықталуы жеткіліксіз болуы салдарынан білікті және арнайы медициналық көмек көрсете алмайды. Ресей федерациясындағы (МДЛК) "ЭСКУЛАП" біртұтас емдеу-диагностикалық кешені жаңа технологияларды пайдалана отырып, озық үлгідегі техникалық құралдармен жабдықталған. Оны медициналық қызметтің жабдықталуын жетілдіру үлгісі ретінде қарай аламыз.
Кешен білікті және арнайы көмектіц жедел шараларын көрсетуге арналған, ол АТМЖ, әскери далалық госпиталдар құрамында немесе медициналық және тылдық құралдармен жабдықталу күшейтілгенде өз бетімен жұмыс істей алады. Оның міндеттері:
- медициналық, іріктеу;
- арнайы медициналық шаралардың білікті және жедел шараларын көрсету;
- анестезиологнялық және реанимациялық шаралар;
- қанды экстракорпоралдық детоксикациясының белсенді әдістері;
- зардап шеккендерді уакытша госпитализациялау және эвакуацияға дайындау.
МДЛК бес функционалдық модуль мен кузов-фургондарьшыд көлемі ұлғайтылған (27 кв.м) ұзынбазалық атомобильдердің шассиі үстінде орналаскан электр станциялары (МАЗ-543А). Ол тәулігіне 100-120 жаралы адамды өткізе алады. Кешеннің жабдығында жеке электрмен жабдықтау жүйелерін, байланыс, желдеткіш, жылыту, ыстық, суық сумен қамтамасыз ету, жарықтандыру, ауаны арнайы тазалау және залалсыздандыру, оттегімен жабдықтау жүйелері бар. Кешен құрамына детоксикациялык және операциялық модульдер, диагностикалық және байлап-тану модульдері, сондай-ак, қарқынды терапия модулі кіреді.
Детоксикация модулі. Қанды экстракорпорациялық детоксикациялауды жүргізуге арналған. Ол ауыр механикалық және термикалық травма, жедел уланған, токсикоз, жедел бүйрек және бауыр жеткіліксіздігінен зақымданған төрт адамға көмек көрсетуге арналған. Аталған модуль асқьшулардын, алдын алуға, ары карай ем көрсетудің тиімділігін арттыруға көмектеседі.
Операциялык және байлап-тану модулі Мұнда үстел-каталкаларды пайдалану арқылы хирургиялық көмекті көрсетуде жаңа технологияларды пайдаланады. Модульдерді озық үлгідегі отаңдык және шетелдік құралдармен жабдықтау арнайы хирургиялық көмек көрсетуді, жараларды хирургиялық тазалау, фасциотомия, невротомия, остеосинтез, аяқ-қолды ампутациялауды жеңілдетеді. Сондай-ак, хирургиялық көмектің паллиативті нұсқаларын жасауға да мүмкіндік береді.
Алғаш рет әскери-далалық жағдай шарттарында гемодиализ, гемосорбция, плазмаферез сияқты озық технологияларды медициналық көмек көрсету кезінде қолдану мүмкіндігі пайда болды.
Қарқындылығы аз әскери қақтығыстарда жаралыларға медициналық көмекті ұйымдастыру кезінде медициналық көмекті соғыс даласына жақындату кажет.
Осыған сай, жаралыларға медициналық көмек көрсету үшін әрбір ұрыс тобына — дәрігер (фельдшер), 2 санитарлық нұсқаушы, жаралыларды тасымалдау үшін 1 сауытталған көлік бөлінуі қажет.
Әрбір соғыс жасағына (батальон) дәрігер, фельдшер, 4 санитарлық нұсқаушы, санитарлық көлік және 3 сауытталған көлік жіберіледі. Көмек көлемі — дәрігерге дейінгі жене жедел көрсеткіштер бойынша бірінші дәрігерлік.
Бөлімдердің медициналық пункггерін жеке медициналық батальондар құрамынан хирургтармен, анестезиологтармен күшейтіп отырған дұрыс.
Осылайша, тұтас әскери медициналық бөлімшелер алғашкы медициналық көмекті толық көлемде, ал қажет жағдайларда - жедел көрсеткіштер бойынша білікті медициналық көмек көрсете алады.
Білікті хирургиялық көмекті тікелей өскери қимылдар аймағында орналасқан емдеу мекемелерінде көрсету қажет. Сол мақсатта бір немесе бірнеше (әскери қақтығыстың көлеміне карай) АТМЖ ұйымдастырылады;
Бұл міндеттерді бөлімдердің біріктірілген медициналық роталарына; ЖМЖ құрамдарына жүктеуге болады; егер қақтығыс жалпы тағайындалған күштердін араласуын қажет етсе, сондай-ақ аймақка жақын орналасқан стационарлық әскери госпиталдарға жүктеледі.
Арнайы медициналық көмек көрсету үшін тағайындалған емдеу мекемелері үш эшелонға топтастырылады.
Емдеу мекемелерінің бірінші эшелоны соғыс кимылдарымен шекаралас аймакта орналасқан медициналық құрамалардан тұрады.
Емдеу мекемелерінің екінші эшелоны ҚР Қорғаныс Министрлігінін орталық және гарнизондык әскери госпиталдары кіреді.