
- •10 Сағат ішінде 31-36 санитарлық-гигиеналық, 100-120 радиологиялық және 31-36 химиялық-токсикологиялқ зерттеулер жүргізе алады;
- •Майданның (корпустың) емдеу мекемелері
- •Госпиталдық базаны ұйымдастыру
- •Әскери-далалық неврологиялық госпитальды ұйымдастыру (әднг)
- •Жеңіл жарақаттанғандарға арналған әскери госпиталь ұйымдастыру (әджг)
- •200 Орынды әдиг бактериологиялық қарумен зақымданған инфекциялық науқастарға арнайы медициналық көмек көрсету және оны емдеу мақсатында ұйымдастыры лады.
- •Тылдық госпиталдық базаның емдеу мекемелері:
- •500 Орынды госпиталда 5 медициналық бөлімше, ал 300 орынды госпитадда 3 медициналық бөлімше болады.
- •Майданның санитарлық-эпидемиологиялық мекемелері
- •Медициналық мүлікпен және техникамен жабдықтау мекемелері
- •Әскерді медициналық жабдықтауды жетілдірудің негізгі бағыттары
- •Казіргі жергілікті әскери кақтығыстардағы санитарлық шығындар Дәрежесі мен құрылымы
- •Әскери қызметкерлердің медициналық жабдықталуы және медициналық тасымалдау кезендерінің кейбір жаңа талдамалары. Қарқындылығы аз әскери кақтығыстарда емдеу-тасымалдау шаралар жүйесінің сипаты.
- •Қорытынды
Әскерді медициналық жабдықтауды жетілдірудің негізгі бағыттары
Қазіргі соғыс қимылдары қарсы тұрушы жақтарда оқ ықпалынын жоғарғы карқындылығымен ерекшеленеді. Ал бұл өз кезегінде әскери хиургиялық травма сипатының ауырлауына, көптеген байланысқан зақымданулардың салмағының өсуіне 25%-дан 62%-ға (Ауғаныстан және Шешенстандағы соғыс кимылдарының берілгендері бойынша) өсуіне әкеліп соқты, Ұлы Отан соғысы жылдарында 14%. Көрсеткіштер медициналық көмек көрсету сапасын, толыктығын және уақытына қатаң талаптар кою кажеттігін туғызады. Егер көмек жараланған сәттен алғашкы жарты сағатта көрсетілсе, бірінші дәрігерлік көмек бір тәулікке кеш көрсетілсе де, өлім кауіпін үш есе төмендетеді.
Жаралыларды кезеңдік емдеу жүйесі белгілі бір жетіспеушіліктері мен акаулары бар. Ең бірінші көмектін барлық түрлерін жүргізу сапасы, жаралыларды тасымалдау күрделілігі, БрМР және ЖмедО тұтастығының жеткіліксіздігі , жарақат алу мен алғашқы дәрігерлік және білікті хирургиялық көмек көрсету арасындағы үлкен уақыт интервалы болып табылады. Бірқатар шетел әскерлерінде бірінші дәрігерлік және білікті медициналық көмек көрсету нормативтері сәйкесінше 30 минут- 1 сағат және 4-5 сағат құрайды.
Қазіргі заман шарттарында мұндай көрсеткіштерге алғашкы медициналық көмек көрсету шаралары тізбегін көбейту жолымен медициналық тасымалдауды алғашкы кезеңдерінде жаралылар мен науқастарды жеткізу мерзімін қыскарту, сондай-ақ медициналық қызметтің бөлімшелері мен бөлімдері тұтастығын жоғарылату, олардың қабылдау кабілетін кеңейту, медициналық қызметкерлердің жұмыс істеу шарттарын жақсарту және хирургиялық көмек көрсету сапасын арттыру аркылы кол жеткізуге болады.
Казіргі жергілікті әскери кақтығыстардағы санитарлық шығындар Дәрежесі мен құрылымы
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы, Ауғаныстан мен Шешенстандағы соғыс қимылдары барысында әскери ауданда медициналық көмек көрсету шарттарын талдау нәтижесінде медициналық қызметкерлер мен жаралылардың қайталап зақымданудан қорғансыздығы және медициналық қызмет бөлімшелерінін тұтастығының жеткіліксіздігі жалпы шешілмеген мәселелер қатарында екенін көрсетеді.
Дер кезінде және тиімді жолмен жедел қан жоғалтумен күрес және ұрыс даласында гипоксияны жою әлі де маңызды мәселе болып қалып отыр. Ұлы Отан соғысы кезінде жаралылардың 37,2% дейін кан жоғалтудан өлімге душар болған. Ауганыстандағы 40 әскер мәліметгері бойынша 44%, оның 37,2% жаралылардың 21,2% дер кезінде алғашкы медициналық көмек көрсетілген жағдайда өмірін сақтап қалуға болатын жарақат алған. 40 әскердің медициңалық қызметінің берілгендері бойынша егер жедел кан жоғалтқан жаралыдарға госпиталға дейінгі кезевде инфузиондык терапия жүргізілмесе, өлім жиілігі 67 % кұрады, ал егер оны толық көлемде көрсетсе, бұл көрсеткіш 25% төмендеді. Оттегілік терапия болмаған жағдайда тыныс алу бұзылыстарында өлім жиілігі 30%-ке жетті. Зақымданған адамға бір сағат ішінде көмек көрсетілсе өлім болмаған.
Ұлы Отан соғысы, Ауғаныстан және Шешенстан ұрыс далаларында өлім себептері
өлім себептері |
¥лы Отан соғысы |
Шешенстан |
Ауғаныстан |
Өлу |
52,3 |
69,1 |
49,3 |
Қан жоғалту (токтатылмаған қан кетуден) |
32,6 |
22,0 |
16,0 |
Шок және кан жоғалту |
4,6 |
4,6 |
11,0 |
Гемопневмоторакс |
2,0 |
2,3 |
7,0 |
Шок |
4,0 |
0,5 |
5,0 |
Ішкі бас сүйек қысымынын жоғарылауы |
1,9 |
0,5 |
3,0 |
өлімнің басқа да себептері |
2,6 |
1,0 |
9,0 |
РФ Бас әскери-медициналык баскармасынын оперативтік берілгендері бойынша федералдық өскерлердің Солтустік Кавказдағы (1994-1996) карулы қақтығыс кезіндегі санитарлық шығындары 26 мыңнан астам жаралылар (соның ішінде 14 мың, яғни 53,2% хирургиялық сипатта) болды.
Максималды санитарлық шығындар 1994 жылдың 31 желтоқсанынан 1995 жылдың 20 қантарына дейін Грозныйға шабуыл жасау кезінде барлык санитарлық шығындар санының 28,6% құрады.
Бұл кезенде БрМР келіп түскен жаралыларды бір тәулік ішіндегі орташа саны 60-80 жаралы болса, АТМЖ-ка 100-120, арнайы медициналық көмектің бірінші эшелонының емдеу мекемелеріне 100-ге дейін жетгі,
Әскери хирургиялық травма құрылымында басымдыққа ие оқпен жарақаттану (соның ішінде мина-жарылғыштық)-64,1%- Механикалық травмалар 33,2%, күйіктер -4,1%, үсік шалу -1,3%.
Солгустік Кавказ қарулы қақтығысьгада жеңіл (49,3%) және орта (29,9%) дәрежедегі жараланудың көп болуы тән. Ауыр және аса ауыр жаралану сәйкесінше 17,9 және 2,9 % тұрды. Оқшауланған жаралар мен травмалар-64,7+0,6%. Байланыскан жарақаттар мен травмалар 22,4%±0,9%, көптік 13,3%±0,9%. Бастан жарақаттану жиіледі (35,8%).
Осылайша, алғашкы медициналық көмек көрсетуге кажетті табельдік құралдар, медициналық кызметтің жабдықталуы, олардағы техникалық құралдар, емдеу-тасымалдау жабдықтаудың классикалық түрлері мен әдістері бүгінгі күн талаптарына сай емес.