Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OTMS_T14_kaz(1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.58 Mб
Скачать

Майданның санитарлық-эпидемиологиялық мекемелері

Майданның санитарлық-эпидемиологиялық жасағын ұйымдастыру (СЭЖ)

Басқарма

Негізгі бөлімшелер:

- эпидемиологиялық бөлім;

- микробиблогиялық бөлім;

- гигиена (тазалық) бөлімі;

- зертханалық бөлім;

- жуу-дезинфекциялық рота;

- медициналық, жабдықтау бөлімі.

Жабдықтау бөлімшелері.

Майданның СЭЖ әскерде және майданның қимыл ауданында санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралар ұйымдастыру және жүргізу үшін қажет.

Эпидемиологиялық бөлімшеде санитарлық-эпидемиологиялық және бактериологиялық барлау жүргізуге, эпидемия ошағында (бактериологиялык қарумен зақымдану ошағында) жұмыс жүргізуге, әскери эпидемияға қарсы шараларды күшейтуге, майданға келген немесе одан келген адамдардың санитарлық жағдайын бақылауға және әскери эшелоңдарға санитарлық қызмет көрсету тәртібіне арналған бірқатар арнаулы бөлімшелер біріктірілген.

Микробиологиялык, гигиеналық және зертханалық бөлімшелер бактериологиялық, вирусологиялык, токсикологиялық, гигиеналық зерттеулерді, бактериологаялық қаруды табуды, медициналық қызметке жуктелген радиоактивтік және химиялық заттарға сынамаларға сараптама жасауды қамтамасыз етеді. Гигиена бөлімшесі әскердің далада орналасуын, қару-жарактың кешенін және әскери техника нысандарын бақылайды.

Медициналық мүлікпен және техникамен жабдықтау мекемелері

Майданның медициналық қоймасын ұйымдастыру

Басқарма

Негізгі бөлімшелер:

- бакылау-сараптама бөлімі;

- сақтау бөлімі;

- экспедиция бөлімі;

- газбен қамтамасыз ету бөлімі;

-медициналық техниканы жөндеу шеберханасы.

Жабдықтау бөлімшелері.

Майданның медициналық қоймалары номенклатура бойынша бекітілген медициналық мүлікті сақтау, олармен әскерді, госпиталдық базаны, майданның құрамалары мен бөлімдерін қамтамасыз етуге арналған. Олар мүлікті қабылдауды, сақтауды және жіберуді қамтамасыз етеді. Медициналық қоймалар майданның жабдықтау бригадалары мен тылдык базаның құрамына кіреді.

Жөндеу құралдары МТБ медициналық қоймасының медициналық техника жөндеу шеберханасымен, сонымен қатар майданның материалдық жабдықтау бригадасы тылының жеке жөндеу-қалпына келтіру батальонының медициналық техниканы жөндеу взводымен айқындалады.

Оттегі алу жасағын ұйымдастыру (ОАЖ) Басқарма

Негізгі бөлімшелер;

- оттегі алу станциясы;

- газбен қамтамасыз ету бөлімшесі.

Жабдықтау бөлімшелері.

Оттегі aлy жасағы (ОАЖ) әскердің медициналык қызметін және госпиталдық базаларды оттегімен қамтамасыз етуге арналған.

Басқа бөлімдер мен мекемелер

Майданның қан дайындау жасағы (ҚДЖ) қанды дайындауға және сактауға, сонымен катар оның компонеттері мен стандартты сарысуларын дайындауға арналған.

Майданның жеке оку медициналық батальоны (ЖОМБ) негізгі әскери-медициналық мамандықтар бойьшша дәрігерлік құрамды мамандандыру және жетілдіру, сонымен қатар санитарлар мен санитарлық нұскаушыларды дайындау үшін ұйымдастырылады.

Майданның медициналық зертханасы сот-медициналық саралтама, майдан мен өскердің емдеу мекемелерінде патология-анатомиялық жұмыстар ұйымдастырады және жүргізеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]