
- •10 Сағат ішінде 31-36 санитарлық-гигиеналық, 100-120 радиологиялық және 31-36 химиялық-токсикологиялқ зерттеулер жүргізе алады;
- •Майданның (корпустың) емдеу мекемелері
- •Госпиталдық базаны ұйымдастыру
- •Әскери-далалық неврологиялық госпитальды ұйымдастыру (әднг)
- •Жеңіл жарақаттанғандарға арналған әскери госпиталь ұйымдастыру (әджг)
- •200 Орынды әдиг бактериологиялық қарумен зақымданған инфекциялық науқастарға арнайы медициналық көмек көрсету және оны емдеу мақсатында ұйымдастыры лады.
- •Тылдық госпиталдық базаның емдеу мекемелері:
- •500 Орынды госпиталда 5 медициналық бөлімше, ал 300 орынды госпитадда 3 медициналық бөлімше болады.
- •Майданның санитарлық-эпидемиологиялық мекемелері
- •Медициналық мүлікпен және техникамен жабдықтау мекемелері
- •Әскерді медициналық жабдықтауды жетілдірудің негізгі бағыттары
- •Казіргі жергілікті әскери кақтығыстардағы санитарлық шығындар Дәрежесі мен құрылымы
- •Әскери қызметкерлердің медициналық жабдықталуы және медициналық тасымалдау кезендерінің кейбір жаңа талдамалары. Қарқындылығы аз әскери кақтығыстарда емдеу-тасымалдау шаралар жүйесінің сипаты.
- •Қорытынды
500 Орынды госпиталда 5 медициналық бөлімше, ал 300 орынды госпитадда 3 медициналық бөлімше болады.
Майданның жеке медициналык жасақтары (ЖМЖ) өздерінің тағайындалуы және ұйымдастырылуы бойынша әскери (корпустық) ЖМЖ ұқсас. Майданның ЖМЖ ең алдымен басты соқкы беретін әскерді, майданның оперативті маневрлі тобын күшейту үшін, сонымен қатар екінші эшелон әскерлерінде, қордағы (резервтегі) және тылдағы майдан құрамаларындағы жаппай санитарлық шығындар ошақтарын жою жұмыстарына қатысу үшін пайдаланылады.
Майданның стоматологиялық жасағын ұйымдастыру (СЖ)
Стоматологиялық жасақ (СЖ) майданның госпиталдық базаларында емделіп жатқан жаралылар мен науқастарға стоматологиялық көмектін барлық түрлерін көрсету үшін, әскердін жеке құрамына тісдәрігерлік және тіспротездік көмек көрсетуге арналған. Жасақта стоматологиялық, тіспротездік (тістехникалық зертханасымен) және 10 жылжымалы стоматологиялық бөлімшелер бар.
Басқарма
Негізгі бөлімшелер:
- стоматологиялық бөлім;
- тістехникалық зертханасымен тіспротездік бөлім;
- жылжымалы стоматологиялық белім -10; Жабдыктау бөлімшелері.
Майданның санитарлық-көліктік бөлімі
Жеке автомобильдік санитарлық батальонды ұйымдастыру (ЖАСА) Басқарма
Негізгі бөлімшелер:
- автомобильдік санитарлық рота — 2;
- автомобильдік рота-2;
- техникалық қызмет көрсету бөлімі — 2. Жабдықтау бөлімшелері
Майданның жеке автомобильдік санитарлық батальондары жаралылар мен науқастарды дивизияның жеке медициналық жасақтары мен медициналық батальондарынан госпиталдық базаға тасымалдау үшін және майданның госпиталдық базаларының емдеу мекемелерін ұйымдастыру орындарына тасымалдау үшін ұйымдастырылады. Автомобильдік санитарлық көліктің бір бөлігі жаралылар мен науқастарды госпиталдық базалар арасында тасымалдау ұшін пайдаланылады және майданның медициналық қызметі бастығының қорында тұрады. Автомобильдік санитарлық ротада 72 санитарлық автобус, автомобильдік ротада 75 жүк автомобильдері және 75 тіркегіш (прицеп) бар. Батальон өз санитарлық көліктеріне бір жолы 3000-ға дейін жаралылар мен науқастарды тасымалдай алады, ал тасымалдауға автомобильдік роталарды пайдаланса косымша тағы да 3000 жаралылар мен науқастарды тасымалдайды.
Жеке көліктік санитарлық әуе бригадасы (ЖКСӘМ) ауыр жарақаттанғандар мен ауыр науқастарды әуеде тасымалдау үшін пайдаланылады. Бригада құрамында әрқайсысында АН-2 (ЯК-40) 10 ұшағы бар 3 эскадрилья бар. Бір жолы 180 зембілдік немесе 300 отыра алатын жаралылар мен науқастарды тасуға қабілетті.
Әдетте жаралылар мен науқастарды әуе арқылы тасымалдау дивизиянын медициналық отрядтарынан (ЖМО, АТМЖ) басталады. Санитарлық ұшақтар аса ауыр жарақат алғандарға қажетті медициналық көмек тез көрсетілетін госпиталдық базаларға (бөлімшелерге) тікелей жеткізіп, тасымалдау үшін пайдаланылады. Ұшақтарды кері қайтатын жолында әскер мен емдеу мекемелеріне медициналық мүлік (қан, қан алмастырғыштар, сары су, антидоттар және т. б.) жеткізу үшін пайдаланған дұрыс.
Әскери санитарлық пойыз (ӘСП) майданның госпиталдық базасындағы жаралылар мен науқастарды шекаралас ауыстырғыш аудандарға, белгілі бір шарттарда майданның бір госпиталдық базасынан басқасына жіберу үшін пайдаланылады. Пойыз құрамында 19 вагон бар, соның ішінде:
кадрлік бөлімде 3 вагон (дәріхана, байлап-таңу бөлімі, асхана,электрстанция, дегазациялык камера-кір жуу бөлімі);
штаб-канцелярия (кеңсе) үшін 1 вагон;
ауыр жаралыларға 7 вагон;
женіл жаралыларға 3 вагон;
изолятор (окшаулағыш) — 1 вагон;
психикалық науқастарға 1 вагон;
I вагон азық-түлік коймасына; - 1 вагон мүліктік коймаға;
1 вагон командаға (жеке құрамға).
Әскери санитарлық ұшпа (ӘСҰ) тұракты бөлімнін 10 вагонынан тұрады, соның ішінде:
- ауыр жарақат алғандарға 4 вагон;
- жеке құрамға 2 вагон;
- дөріхана-байлап-тану бөліміне 1 вагон;
- асханаға 1 вагон;
- азык-түлік және мүлік коймасыиа 1 вагон;
- электрстанциясымен бірге санитарлық-шаруашылық мүлік
қоймасына 1 вагон.
ӘСП қалыпты жағдайда көлемі 448-470 адам, соның ішінде 286-306 адам ауыр жарақат алғандар. Жеңіл жарақат алғандардың вагондарына тығыз орналастырылған кезде олардың саны 162-ден 216-ға дейін өседі, ӘСП жалпы сиымдылығы 502-524-ке дейін өседі.
ауыспалы бөлімге 20 вагон, соның ішінде:
- ауыр жарақат алғандарға 14 вагон;
- жеңіл жарақат алғандарға 5 вагон;
- изолятор (окшаулау)- 1 вагон.
ӘСП көлемі 884 адамға арналған, соның ішінде 684 ауыр және 200 женіл жарақат алғандар.