Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OTMS_T14_kaz(1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.58 Mб
Скачать

Әскери-далалық неврологиялық госпитальды ұйымдастыру (әднг)

Басқарма

Негізгі бөлімшелер:

- қабылдау-іріктеу бөлімі;

- неврологиялық бөлім;

- психо-неврологиялық бөлім;

- анестезиология және каркынды терапия бөлімі;

- физиотерапиялық бөлім;

- рентгенологиялық бөлім;

- зертханалық бөлім.

200 орынды ӘДНГ орталық және шеттік жүйке жүйесінің зақымданған, психикалық қызметі бұзылған жаралылар мен науқастарға арнайы психоневрологиялық көмек көрсетуге арналған. Сонымен қатар ӘДНГ жүйке-психикалық кызметі бұзылған жаральшар мен науқастарға сараптама жасау міндеті жүктелген.

Медициналық көмек көрсетілуі және ем қабылдауы үшін госпитальға бас-мидың жабық жарақаттары бар (анық клиникалық көріністері мен мидын шайқалуы және соғылуы), ботулотоксинмен, уландырғьші заттармен зақымданған, жүйке-психикалык бұзылыстары жетекші орын алатындар (полиневрит, спастикалық парездер мен параличтер (сал ауруы), айқын астеникалық невриттер, айқын астеникалық жағдай және т.б.); орта, ауыр және өте ауыр дәрежедегі жедел реактивтік жағдайдағы закымданғандар жіберіледі.

ӘДНГ госпиталдық база құрамында ұйымдастырылады (ГБ бөлімі), басы, мойыны және жұлыны жараланғандарға арналған әскери далалық хирургиялық госпиталда жаралылар мен науқастарды бір госпиталдан екіншісіне жиі ауыстыру қажеттілігінен жақын жерде орналастырылады.

Жеңіл жарақаттанғандарға арналған әскери госпиталь ұйымдастыру (әджг)

Басқарма

Негізгі бөлімшелер:

-қабылдау-іріктеу бөлімі;

- хирургиялық белім - 2 ;

- травматологиялык бөлім-2;

- терапиялық бөлім;

- психоиеврологиялық бөлім;

- стоматологиялық бөлім;

- емдік дене шыныктыру бөлімі;

- рентгенологиялық бөлім;

-физиотерапиялық бөлім.

Жабдықтау бөлімшелері.

1000 орынды ӘДЖГ көп салалы арнайы емдеу мекемесі болып табылады, жеңіл жаралылар мен жеңіл науқастарға арнайы медициналық көмек көрсету, олар толық жазылып шығуы мен кауіпсіздігі калпына келтірілгенге дейін арнайы емделеді. Сонымен қатар ӘДЖГ берілген госпиталдық базада жаралылар мен науқастарды қайта қалпына келтіру орталығы есебінде пайдаланылады.

  • ӘДЖГ-ға келесі контингенттегілер жіберіледі: жұмсак тіндері зақымданған, қол буындары шыкқан, саусақ немесе алақан фалангасының біреуінің сүйегі сынған III, ІҮ және Ү саусақтар жұлынған, бұғанасы сынған, білек сүйектері сынықтарында, кіші балтыр жілігі (егер жұмсак тіндері бүлінбесе), бір немесе бірнеше қабырғанын жабық сынықтарында, қуыска еніп жарақаттамаған травмаларда (соның ішінде көз алмасы), магистралды қантамыр тутіктері мен ірі нерв бағандары зақымданбағандар;

  • күйік шалғандар, қабағы мен көз алмасы бірінші дәрежелі күйгенде, тыныс алу жолдарының жеңіл күйігінде, алаңда шектелуіне байланыссыз дененің сыртқы қабатының 10 % аспаған І-ІІІ дәрежелі күйіктерінде, бетті, кол басын, өкше, ірі буын аралықтары мен аймақтарын қамтымаған шектелген терең күйіктерінде(дененің сыртқы қабатынын 1-2%); үсік шалғандар —

  • І-ІІ дәрежелі үсіктер;

  • I дәрежелі сәуле ауруына шалдыққан терапевтік зақымданғандар (1-2 Гр шамасында сәулелену) фосфорорганикалық заттармен уланғандар, кездін миотикалық зақымдануы, аккомодациянын түйілуі, бронхоспастикалық дағдарыстың жеңіл рецидивтік нысандары және вегетативті нерв жүйесі кызметінің айқын емес бұзылыстарында, тұрақты УЗ зақымданған, бірақ асқынбаған иприттік конъюктивит (дәнекер қабықтың қабынуы) (қасаң қабық зақымданбаған), тері эритематоздық дермиттермен үстірт шектеулі буллездік зақымданған, сонымен қатар тітіркендіргіш және психосоматикалық қызметтегі психика мен соматикалық бұзылыстардың терең функционалдық өзгерістері жоқ уландырғыш заттармен зақымданғандар;

  • Психоневрологиялық сипаттағы аз ғана клиникалық көріністері бар бас миының шайқалуы, бірінші дәрежелі ЛОР (құлак, мұрын және жұтқыншақ аурулары) контузиялары, ортанғы құлактың баротравмасы, жеңіл реактивті жағдайлар;

  • Байланысқан және аралас зақымданғандар, аталған жеңіл механикалық және термикалық травмалардың байланысуы. Соның ішінде терапевтік сипаттағы жеңіл зақымданулар;

  • Соматикалық науқастар, жүрек-тамыр жүйесінін функционалдық бұзылыстарымен сырқаттанғандар, жедел және созылмалы бронхит, гастрит және т.б. аурулар, арнайы ұзақ тексеруді қажет етпейтіндер;

  • Тері және венерологиялық аурулар.

ЭДЖГ емдеу кешенді түрде, хирургиялық, физиотерапевтік әдістер, емдік дене шынықтыру, дәрілік терапия, еңбек терапиясын қолдану арқылы жүргізіледі. Госпитальға келіп түскен жаралылар мен науқастардың бір бөлігі (20-30%) 3-4 тәуліктік палаталық режимді қажет етеді, ал қалғандары казармалық түрде орналастырылып, қатардағы бөлімдер тәртібімен өмір сүреді. Емдеумен қатар әскери, саяси және физикалық дайындық сабақтар жүргізіледі.

ЭДЖГ емдеу бөлімшелерінен шыққан жеңіл жарақаттанғандар мен жеңіл науқастарды тексеру нәтижесінде оның кызметі басталуынан 20 күн өткен сон бос орындар көбейетіні байқалды (жалпы көлемінен 45%-65%). Босаған орындарға госпиталдық базаның басқа мекемелерінен қатарға оралатын, жазылып шықкан жаралылар мен науқастарды ауыстыруға болады.

ЭДЖГ осы кезеңде госпиталдық базаның реабилитациялау орталығы ретінде қолдану жаралылар мен науқастардың көпшілігінін ұрысқа қабілеттілігін қалпына келтіру уақытын қыскарту, базаның баска мекемелерінің келесі соғыс қимылдарын медициналық жабдыктау мақсатында босатуға мүмкіндік береді.

Әскери далалық инфекциялық госпиталды ұйымдастыру (ӘДИГ) Басқарма

Негізгі бөлімшелер:

- қабылдау-диагностикалық бөлім;

- инфекциялық бөлім- 2;

- рентгенологиялық бөлім;

зертханалық бөлім. Жабдықтау бөлімшелері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]