
- •10 Сағат ішінде 31-36 санитарлық-гигиеналық, 100-120 радиологиялық және 31-36 химиялық-токсикологиялқ зерттеулер жүргізе алады;
- •Майданның (корпустың) емдеу мекемелері
- •Госпиталдық базаны ұйымдастыру
- •Әскери-далалық неврологиялық госпитальды ұйымдастыру (әднг)
- •Жеңіл жарақаттанғандарға арналған әскери госпиталь ұйымдастыру (әджг)
- •200 Орынды әдиг бактериологиялық қарумен зақымданған инфекциялық науқастарға арнайы медициналық көмек көрсету және оны емдеу мақсатында ұйымдастыры лады.
- •Тылдық госпиталдық базаның емдеу мекемелері:
- •500 Орынды госпиталда 5 медициналық бөлімше, ал 300 орынды госпитадда 3 медициналық бөлімше болады.
- •Майданның санитарлық-эпидемиологиялық мекемелері
- •Медициналық мүлікпен және техникамен жабдықтау мекемелері
- •Әскерді медициналық жабдықтауды жетілдірудің негізгі бағыттары
- •Казіргі жергілікті әскери кақтығыстардағы санитарлық шығындар Дәрежесі мен құрылымы
- •Әскери қызметкерлердің медициналық жабдықталуы және медициналық тасымалдау кезендерінің кейбір жаңа талдамалары. Қарқындылығы аз әскери кақтығыстарда емдеу-тасымалдау шаралар жүйесінің сипаты.
- •Қорытынды
Сұрақтар:
1. Бірлестіктердің медициналық кызметінің күші мен құралдарының қысқаша сипаттамасы
2. Жеке медициналық жасақтың тағайындалуы: ұйымдастырушылық құрылымы, орналастыру сызбасы және пайдалану кағидалары.
3. Әскери дала госпиталдарының ұйымдастырылуының қағидалық сызбасы. Госпиталдық база туралы түсінік: оның міндеттері мен құрамы. Әскери дала госпиталдарының тағайындалуы, ұйымдастырушылық құрылымы және кағидалық сызбасы. Санитарлық-эпидемиялық жасақтар бөлімшелерінің тағайындалуы, ұйымдастырушылық құрылымы және пайдалану принциптері.
4. Әскерді медициналық жабдықтауды жетілдірудің негізгі бағыттары.
І. Бірлестіктердің медициналық кызметінің күші мен кұралдарының қыскаша сипаттамасы
1. Әскердің (әскери корпустың) медициналық қызметінің күші мен кұралдарының міндеттері: кұрамы және пайдалану қағидалары. Әскердің (әскери корпустың) медициналық кызметінің күштері мен кұралдары деп әскердің (ӘК) медициналық қызметі бастығына тікелей бағынатын бөлімдер мен мекемелерді айтамыз. Бұл бөлімдер мен мекемелерге мынандай негізгі міндеттер жүктеледі:
-Аймақтық медициналық қызметін жеке құраммен, санитарлық көлікпен,
эпидемияға қарсы құралдармен күшейту;
-Бөлімдердің медициналық роталарындағы жаралылар мен
науқастардың тасымалдауға катысуы: кажет жағдайларда жаппай
санитарлық шығын ошағынан ЖмедЖ, әскердің
ЖмедЖ(ӘК) дейін;
-Жаралылар мен науқастарға бірінші дәрігерлік және білікті
медициналық комек көрсетуге қатысу;
-Көлікпен жүре алмайтын жаралылар мен науқастарды уақытша
госпитализациялау;
-Жеңіл жарақат алған және жеңіл науқастарды 5-10 тәулік ішінде ұрыска қабілеттілігін қалпына келтіру;
-Әскерді және олар орналасқан аумақтарда санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралар жүргізу;
-Әскердің жеке құрамын корғау бойынша медициналық қызмет
шараларын жүргізу және медициналық қызметтің күштері мен кұралдарын жаппай қырып-жою қаруынан қорғау:
-Әскердің жеке кұрамын әскери-медициналық дайындау және
санитарлық ағартуды ұйымдастыру, оны жүргізу: әскердің
медициналық құрамын арнайы дайындау;
-Медициналық есеп пен есеп беруді енгізу, әскердің медициналық қызметінің
ұрыстык тәжірибесін жинақтау.
Әскердің медициналық қызметінің ұйымдастырушылық-штаттық құрылымын анықтайтын міндеттер.
Әскердің медициналық қызметін (ӘК) медициналық қызмет бастығы баскарады. Әскердің (ӘК) медициналық қызметінің күштері мен кұралдарына мыналар жатады:
-Әскердің (ӘК) медициналық кызметін басқару органы;
Әскердің (ЭК) әскери медициналық және медициналық қоймасы;
Әскердің (ЭК) медициналық қызметінің басқару органы (Әскердің (ӘК) медициналық қызмет бастығының аппараты)
Бұл ұжым әскердің тыл басқармасының құрамына кіреді әскердің (ӘК) медициналық қызметі деп аталады. Әскердің (ӘК) медициналық қызметінің бөлімдері мен мекемелерін жан-жақты баскаруға арналған, сонымен қатар құрамалардын медициналық кызметі және әскери бөлімшелердің әлеуметтік мәселелерін басқарады.
Медициналық қызметті басқару органы ретінде әскердің (ӘК) медициналық қызметінің бастығы басқарады. Әскердің медициналық қызметі құрамына бастықтың орынбасары: 4 аға офицер, және 1 офицер кіреді. Олардың әрқайсысының міндеттері аппараттың, белгілі 6ip бағыты бойынша кызмет етеді (ұйымдастырушылық-жоспарлық, емдеу-тасымалдау, санитарлық-гигиеналық, эпидемияға карсы, медициналық жабдықтау). Сонымен қатар басты әскери мамандар: хирург, терапевт, эпидемиолог, токсиколог-радиолог бар.
Әскердің (ЭК) медициналық қызметі басқару органы ретінде әскери (ӘК) баскарманың тылдық пунктінде соғыс жағдайында жұмыс істейді.
Әскери (корпустық) медициналық бригада
Әскердің (ЭК) медициналқ қызметінің алдына қойған міндеттері шешуге арналған бригада құрамында:
- басқарма;
- жеке медициналық жасақтар (ЖМЖ);
- жеке медициналық рота (ЖмедР);
- жеке медициналық кушейту жасақтары (ЖМКЖ);
- жеке санитарлық-эпидемиялық жасақ (ЖСЭЖ);
- жеке автомобильдік санитарлық рота (ЖАСЖ)
2. Жеке медициналық жасақтың тағайындалуы, ұйымдастырушылық
құрылымы, орналасу сызбасы және пайдалану кағидалары.
Жеке медициналық жасақ (ЖМЖ) - бұл түмен ЖмедО жургізетін емдеу-тасымалдау шараларды орындайтын медициналық бөлімм. ЖМЖ міндеттері:
- білікті медициналык көмек көрсету;
- көлікпен журе алмайтындарды уақытша госпитализациялау;
- жеңіл жарақат алған және жеңіл науқастарды 5-10 тәулік ішінде ұрыска кабілеттілігін қалпына келтіру;
- жаралылар мен науқастарды жаппай санитарлық шығындар ошағынан және ЖмедОтрядтан өзіне қабылдау.
ЖМЖ құрамына: Басқарма
Негізгі бөлімшелер:
1. Қабылдау-іріктеу
2. Хирургиялық
3. Анестезиология және қарқынды терапия
4. 30 орындық (уақытша) госпитализациялау
5. Стоматологиялық
6. Рентген кабинеті
7. Зертхана
Жабдыктау бөлiмшeлepi:
ЖМЖ құрамында 16 дәрігер, соның ішінде: ұйымдастырушы-1, хирург-9, терапевт-2, токсиколог-1, анестезиолог-1, стоматолог-1, рентгенолог-1.
Жаралылар мен науқастарды тасымалдау батальон бөлімшелерінде УАЗ-542 немесе АС-66 типіндегі 10 санитарлық көлік бар, жана ауданға орналасу ушін ЗИЛ-130 типіндегі 9 жук автомобилі, толық санитарлық тазалау жургізу үшін 1 ДДА-66 бар.
ЖМЖ соғыс барысында әскердің (ЭК) батальондарын жабдықтау ушін қолданылады, ЖмедО 6ipre жаралылар мен науқастарғга үздіксіз медициналық көмек көрсетеді.
ЖМЖ жұмысын ұйымдастыру мен орналастырудың қағидалық сызбасы түменнің ЖмедО-ға ұқсас, мұнда медициналық жабдықтау бөлімі болмайды. Дәріхана бар.
Мумкіндіктері:білікті медициналық көмекті толық көрсеткенде (тәулігіне 20-130 жаралы).
ЖМЖ-та 100 сауыққан жаралылар мен науқастар болуы мумкін.
Жеке медициналық рота (ЖМР) - ЖМЖ орындайтын емдеу-тасымалдау
шараларды жургізеді.
ЖМР мынандай жағдайларда қолданылады:
жеке кызмет жасайтын бөлімшелердің медициналық қызметін күшейту
жаппай санитарлық шығыңдар ошағында орналастыру.
ЖмедР құрамында:
Баскарма;
Негізгі бөлімшелер:
1. Кабылдау-ipiктey взводы;
2. Медициналық аэромобильдік бөлімшемен 6ipre операциялық, байлап-тану взводы;
3. Анестезиология және қарқынды терапия бөлімі;
4. Госпиталдық взвод (30 орын);
- Жабдыктау бөлімшелері:
1. Дәріхана;
2. Байланыс бөлімі;
3. Материалдық жабдықтау бөлімі.
ЖмедР құрамында 14 дәрігер, соның ішінде:
- ұйымдастырушы-1;
- хирург-7;
- анестезиолог - 3;
- реаниматолог-1;
- терапевт-2;
ЖмедР 12 автомобиль бар, соың ішінде:
- жук машинасы - 5;
- санитарлық - 3 (УАЗ-452 немесе АС-66);
- арнайы - соның ішінде 2 автобайлап-тану АП-2 (АГ-2).
ЖмедР жұмысын ұйымдастыру ЖМЖ-ка ұқсас. Тәуліне 75 жаралы мен науқасқа білікті медициналық көмек көрсете алады (қысқартылған көлемде-150). ЖмедР-тің сауығып келе жатқандар командасында 10 адамға дейін болады.
Аэромобильдік бөлім арнайы дайындықтан өткен медициналық құраммен жене арнайы мулікпен жабдықталған. Ол тактикалық және оперативтік әуе десанттарының құрамында пайдаланылады, бөлім парашют әдісімен де десант құрамында болады.
Жеке медициналық кушейту жасағы (ЖМКЖ) - жеке оқшауланған бағытта жұмыс жасайтын және әскердің (ӘК) ЖмедО құрамаларын кушейтуге арнапған.
Медициналық кушейту топтары және ЖмедО құрамаларында жұмыс істейтіндер бұл құрамалардың жаралылар мен науқастарды ipiктey мен оларға білікті медициналық көмек көрсету мүмкіндіктерін ұлғайтады. Медициналық кушейту топтары 6ip жерде 10-12 сағат жұмыс істейді.
ЖМКЖ құрамында:
медициналық бұйрық беруші топ - 1;
хирургиялық- 4;
оториноларингологиялық -2;
күйіктік- 2;
психоневрологиялық - 2;
токсикологиялық - 2;
радиологиялық - 2;
Барлығы - 15 топ.
Жеке автомобильдік санитарлық рота (ЖАСР) міндеттері:
- әскердің (ӘК) түмен ЖмедО, ЖМЖ, ЖМР санитарлық-көліктік бөлімшелерін күшейту;
- әскердің (ӘК) түмен ЖмедО, ЖМЖ, ЖмР жаралылар мен науқастарды тасымалдау және жаппай санитарлық шығын ошақтарынан майданның емдеу мекемелеріне тасымалдау; * ;*
- түменге, әскердің (ӘК) медициналық бөлімдері мен мекемелеріне медициналық мүлікті жеткізу.
ЖАСЖ құрамы:
Басқарма
Негізгі бөлімшелері:
1. үш автомобильдік санитарлық взвод (АС-66 типіндегі автомобильдер)
2. екі техникалық қызмет көрсету бөлімі Жабдықтау бөлімшелері:
Жеке санитарлық-эпидемиялық жасақ: (ЖСЭЖ) міндеттері:
санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды әскер құрамында және олар орналасқан аумақта жүргізу;
білікті санитарлық-эпидемиялық барлау жүргізу;
түменнің медициналық кызметін күшейту;
білікті сараптау және зертханалық зерттеулерді (бактериологиялык, санитарлык-эпидемиялық, санитарлық-гигиеналық, токсикологиялық) жургізу
Жасақ құрамына:
басқарма:
негізгі бөлімшелер:
1. санитарлық-эпидемиологиялық бөлім (зертханамен 6ipгe)
2. козғалмалы зертханалар (екеу);
3. санитарлық тазалау взводы;
4. изоляциялық-карантиндік бөлім;
5. зерттеу орталарды жасау бөлімі;
- жабдықтау бөлімшелері .
Санитарлық-эпидемиологиялық бөлім - химиялық және бактериологиялық қарулар мен сараптауларға бактериологиялық, вирусологиялық, токсикологиялық, радиометриялық және санитарлық-гигиеналық зерттеулер жүргізу.
Козғалмалы зертханалар - білікті санитарлық-эпидемиологиялық барлау. санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралар жүргізуге арналған.
Изоляциялық-карантиндік ,бөлім - әскери медициналық қызметте бригаданы немесе түменді карантинге енгізуді күшейтеді.Ол науқастар қауіпты жұқпалы аурулармен ауырғанда БрМР, ЖмедО, ЖмедЖ, ЖМЖ берілуі мумкін.
Санитарлық тазалау отыздығы - эпидемия ошақтарында жеке құрамды және эпидемиялық көрсеткіштері бойынша медициналық тасымалдау кезеңдерінде жаралылар мен науқастар арасында санитарлық тазалау жургізу.
Взводта 10 ДДА-2 бар.
Зерттеу орталарды жасау бөлімінде СЭБ зертханаларын және түменнің санитарлық-эпидемиологиялық зертханаларын бактериологиялық зерттеулер жүргізу үшін қоректендіргіш заттармен жабдықтауға арналған.
СЭБ мүмкіндіктері:
10 Сағат ішінде 31-36 санитарлық-гигиеналық, 100-120 радиологиялық және 31-36 химиялық-токсикологиялқ зерттеулер жүргізе алады;
қыс мезгілінде 600, жаз мезгілінде 1150 адамға санитарлық тазалау жүргізеді.
Әскери операция барысында санитарлық-эпидемиялық бөлімше көп жағдайда әскердің (ӘК) медицина кызметінің басқару органының жанында тыл желісіне орналастырылады. Осы жерде изоляциялық-карантиндік бөлім санитарлық тазалауды, взводтың жуу-дезинфекциялық бөлімі және пайдалану қажет болған жағдайға дейін дезинфекциялық-дератизациялық бөлім бар.
Әскердің (ӘК) медициналық қоймасы
Әскери (корпустық) материалдық жабдықтау, бригадасының құрамына кіреді Әскер (ӘК) соғыс барысында медициналық жабдықтау, яғни медициналық мүлікті қабылдау, сақтау және босатуға арналған.
Қойма құрамына:
Басқарма
Негізгі бөлімшелері:
1. сақтау бөлімі- 2;
2. газбен қамтамасыз ету бөлімі Жабдықтау бөлімшелері кіреді.
ІІ. Майданның медициналық қызметінің міндеттері мен ұйымдастырылуы
Майдан,Қарулы Күштердің оперативтік-стратегиялық бірлестігі соғыс басында құрылады. Әскери қимылдар ауданында 6ip немесе бірнеше оперативтік бағыттар бойынша оперативтік-стратегиялық міндеттерді шешуге арналған. Майданның ұрыстық құрамы алдына қойылған міндеттерге, ол кызмет ететін бағыттардың маңыздылығы мен ауқымдылығына байланысты.
Kaзipгi таңда майданның медициналық қызметіне келесі міндеттері жүктеледі:
- медициналық кызметтің төменгі сатыдағы бөлімшелері міндеттері шешуге көмектесу;
- жаралылар мен науқастарды көрсеткіштері бойынша ЖмедО, ЖмЖ, ЖМЖ-тан госпиталдық базалардың емдеу мекемелеріне тасымалдауды жүргізуді ұйымдастыру;
- білікті медициналық көмек көрсетуді аяқтап, арнайы мамандандырылған медициналық көмекті көрсету;
- уақытша госпитализациялау, тылда емделуді қажет ететін жаралылар мен науқастарды тасымалдауға дайындау, емдеу;
- жау жаппай қырып-жою қаруын қолданған кезде, оның зардаптарын жоюға қатысу;
- ЖММ жеке құрамын қopғay бойынша жүргізетін медициналық қызмет шараларын ұйымдастыру және iскe асыру;
Майдан әскерлері мен олар орналаскан аумаққа санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру және жургізу; Медициналық мүлікпен, медициналық аппаратура және техникамен, какмен жэне онын препараттарымен, оттепмен камтамасыз ету;
- санитарлық нұскаушылар мен санитарларды дайындау;
- әскери-дәрігерлік комиссия және әскери-соттық медициналық сараптау, патологоанатомиялық жұмысты ұйымдастыру және жургізу;
- медициналық есеп пен есеп беруді ұйымдастыру.
Басқару органдары:
- майданның медициналық қызметі;
- майданның тасымалдау пункті;
- госпиталдық базаны басқару.
Емдеу бөлімдері мен мекемелері:
- алдынғы госпиталдық базалар;
- тылдық госпиталдық базалар;
- жеке медициналық жасақтар;
- стоматологиялық жасақ.
Санитарлы-көліктік бөлімдер:
- жеке автомобильдік санитарлық батальон;
- жеке транспорттық-санитарлық әуе бригадасы;
- әскери-санитарлық пойыз:
- әскери-санитарлық ұшпа.
Санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы мекемелер:
- санитарлық-эпидемиялық жасақ.
Медициналық мулікпен, техника және оттегімен жабдықтау мекемелері:
- медициналық қойма;
- оттегі жасаушы жасақ.
Басқа бөлімдер мен мекемелер:
- Медициналық зертхана ;
- Жеке оқу медициналық батальоны;
- Қан дайындау жасағы
Әскери дала госпиталдарын ұйымдастырудың қағидалык сызбасы, Госпиталдық база туралы түсінік, оның міндеттері мен құрамы. Әскери дала госпиталдарының тағайындалуы, ұйымдастырушылық құрылымы, орналастырудың принципиалдық сызбасы. Санитарлық-эпидемиялық жасақтар бөлімшелерінің тағайындалуы, ұйымдастырушылық құрылымы, пайдаланылу қағидалары