Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курстық жұмыс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
329.22 Кб
Скачать

Қорытынды

Металдар туралы оқу материалын өткенде химиялық элемент жай зат және күрделі зат, заттың құрылысы ен қасиеттері, хииялық реакция, т.б. ұғымдар нығаяды, жаңа деректермен толысады. Периодтық заң, атом құрылысы, химиялық байланыс және металдардың халық шаруашылығындағы маңызы туралы нақты ұғым қалыптасады.

Металдарды жүйелі түрде қарастырғанда оқушылардың 8-9 сыныптардың жеке тақырыптарында алынған мына тірек білімі ескеріледі: ″Химиялық алғашқы ұғымдар ″ тақырыбынан элементтердің жіктелуі; металдар туралы алғашқы ұғым; ″Оттегі″ тақырыбынан металдардың тотығуы, металл оксидтері туралы ұғым; ″Сутегі. Қышқылдар. Тұздар″ тақырыбынан металдардың қышқылдармен әрекеттесуі және металдардың активті қатары туралы алғашқы түсінік, металл оксидтерінің сутегімен тотықсыздануы және қышқылдармен алмасу реакцияларына түсуі, металдардың тұздар құрамына кіруі; ″ Су. Негіздер. Ерітінділер″ тақырыбынан металдардың сумен әрекеттесуі және негіздер құраына кіруі; ″ Бейорганикалық қосылыстардың маңыздв кластары жөнінде білімді қортындылау″ тақырыбынан металдардың бейметалдармен және қышқылдармен әрекеттесуі, оксид және гидроксид қосылыстарның қасиеттері, ″Периодтық заң және периодтық жүйе ″ тақырыбынан сілтілік металдардың табиғи тобы, периодтық жүйеде металдардың орналасуы, электрондық құрылысының ерекшеліктері иондануға бейімділігі; бейметалдар орналасқан негізгі топшаларды оқығанда металдардың тотықсыздандырғыш қасиеттері, қышқылдарен әрекеттесудің ерекшеліктері, оксидтер, гидроксидтері және тұздары ескеріледі.

Бұл білім металдардың жалпы қасиеттерін дедуктивті тәсілмен, оқушыларды белсенді қатыстыру арқылы, оқып үйренуге негіз болады.

Алдымен металдардың периодтық жүйедегі орны туралы кіріспе оқылып, мына мәселелерге назар аударылады: ″метал″ термині химиялық элементтерді және олар түзетін жәй заттарды белгілейді; бір термин арқылы берілетін екі ұғымның әрқайсысының өзіндік мазмұны және көлемі нақтыланады; периодтық жүйеде орналасуы, салыстырмалы атомдық массасы, реттік нөмірі, атом радиусы, иондану энергиясы, т.б. элементке тән сипаттамалар. Металдарға жататын химиялық элементтер саны жағынан бейметалдардан гөрі көбірек, сексеннен асады. Олар I-III негізгі топшаларда (бордан басқа) және барлық топшаларда периодтық жүйенің сол жағында орналасқан. Металл атомдарының негізгі ерекшелігі – сыртқы қабатындағы электрондар саны аз, атом радиуыстары едәуір үлкен. Әр период S- деңгейшесін электрондармен толтыратын сілтілік металдардан басталады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Н.Нұрахметов, К.Сарманова, К.Жексембина «Химия 8-сынып»,

180-183 беттер, Алматы «Мектеп» 2012ж

  1. Н.Нұрахметов, Н.Заграничная, К.Жексембина «Химия 9-сынып»,132-186 беттер, Алматы «Мектеп» 2013ж

  2. Қ.Бекішев, Н.Заграничная, Н.Нұрахметов «Химия 10-сынып», 88-118 беттер, Алматы «Мектеп» 2006ж

  3. Ә.Темірболатов, Р.Жұмаділова, С.Әлімжанов, Н.Нұрахметов «Химия 11-сынып», 11-бет, Алматы «Мектеп» 2007ж

  4. И.Нұғыманұлы, Ж.Шоқыбаев, З.Өнербаева «Химияны оқыту әдістемесі» оқу құралы, 290-бет, Алматы 2005ж

  5. А.Мырзабаев. «Сыныптан тыс химия», 3-7 беттер, Алматы 2007ж

30