Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курстық жұмыс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
329.22 Кб
Скачать

Алюминий:

Зауытында адамның,

Жалтылдаған өң алдым.

Сол адамның қолында,

Сұлу болып жаралдым.

Осы кезде мыс өзінің қасиетін, қолданылатын орындарын айтып, мақтана жөнеледі.

МЫС:

Созыламын сағыздай,

Соқса жұқа қаңылтақ,

Ертегідей, аңыздай,

Қарайды жұрт таңырқап.

Сым болып ұзақ созылып,

Өткізем бойдан тоқты мен.

Жеткізіп әнді, хабарды,

Риза етем кқпті мен.

Манадан бері тыңдап, шыдамы таусылып тұрған күміс кимелей сөйлеп, сөзге араласады.

КҮМІС:

Мақтанасын сен ғана жер бетінде,

Ғажайып бар металдай келбетінде.

Сабырлыны күмістей,

Самақты деп мақтайды.

Мен тұрғанда аппақ боп,

Қарап саған жатпайды.

Күмістің мақтанғанына риза болған ниетін білдіріп кербездене керіліп, сөзге алтын араласады.

АЛТЫН:

Мақтана бер, мақтана бер, күмісім,

Алтын ағаң қоштағанда інісін.

Кетпе бірақ ұмытып сен, парықтым,

Ардақтымын жасыңа да, кәріңе,

Дүниенің менмін көркі, әрі де,

Толықсыған толған айдай жарықпын,

Өшемімін барлық баға, нарықтың

Бар базардың әлемге ортақ тілі – мен,

Данқ болып омырауға да ілінем.

Металдар қатарынан бір адым алға шығып, алюминий сөйлеп жөнеледі.

Алюминий:

Болмаса да айтарлықтай салмағым,

Ұшақ болып аспанға ұшып, қалықтап,

Жердің жүзін, көк аспанды шарладым.

Дюралюминий дейтін менің қоспамды,

Әспеттейді химияның достары.

Осыларға төсек, үстел, ыдыс пен

Бағандардың бұйдаларын қос тағы.

Қағаз да мен қант-шайды сәндеген,

Тоққа балқып келіп тұрған ән де мен.

Манадан бәріне байыппен қарап, мән беріп тыңдап тұрғпн темір қаншалықты мықты болғанына қарамастан, алюминийдің сөзінің аяқталып біткенін күтпей, сөзді бастап кетеді.

ТЕМІР:

Мақтанбаймын, қараңдаршы,

Айналаға көз жүгіртіп қарайық.

Болат жолды бөгей алмас ешбір күш,

Кәне, менің қасиеттімді санайық.

Жыртсам тыңның топырағын көтеріп,

Тырмалаймын, тұқым шашып неше пұт.

Ғарышқада алып ұшып адамды,

Жерді айналдым, артыма ізім от өріп.

Осы кезде барлық металдар бір – бір қадам ілгері басып, темірдің қатарына келіп тұрады. Оған өршеленген темір тағы да бір адым ілгері басып, қайтадан сөйлеп кетеді.

ТЕМІР:

Мақтанбандар, тыңда, достар, барлығын,

Адам атты құдіреттің жарлығын.

Темірдің қатарына алтын келіп тұрып, оған келіскендей кейіп білдіріп, сөйлей жөнеледі.

АЛТЫН:

Қалар едік белгісіз боп мәңгіге,

Ақылында адамның – бар әңгіме.

Оның қасына күміс келеді.

КҮМІС:

Адам ашып, өңдемесе біздерді,

Мекен етіп жатар едік, сыз жерді.

Оның қасына мыс келеді.

МЫС:

Мақақта да жырла, металл, тірлікті,

Адам саған жан сап қойды, тіл бітті.

Тағы да бір адым алға барып.

ТЕМІР:

Жер ананың құрсағынан шықсақ та,

Өңдеп бізді, кескенде адам кіндікті.

Қалғандарының бәрі ілгері басып:

Ақылына тәнті болып әмәнда,

Алғыс айтып бас иелік адамға.

Кәдесіне бәрімізді жаратып,

Ғұмыр кешсін мамыражай заманда [6].