Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курстық жұмыс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
329.22 Кб
Скачать

2.5 Металдар тақырыбына арналған кеш.

Химия кешін өткізу сыныптан тыс жұмыстардың бір түрі ретінде кеңінен пайдаланылып жүр. Химия кештері оқушылардың алған біліміне сәйкес, олардың өз шығармашылығына негіздей жүргізілсе, қызықты бола түседі. Онда оқушылар өздерінің білімін көрсетіп қана қоймай, сол білімді жолдастарына баяндап беру жағы ескеріледі, керек болса, алған білімін әр түрлі жұмбақ, жаңылтпаш немесе тапқыштар клубының жұмысы түрінде де көрсетулеріне көп көңіл бөлінеді. Кештің бағдарламасында «Металдар – өмір өзегі, тіршіліктің тірегі» (баяндама), қызықты тәжірибелер ( «Отпен ойнама» деген тақырыпта), металдар тақырыбына арналған монтаж, химиялық сөзжұмбақтар мен викториналарды шешу, химиялық би, әр түрлі химиялық қысқа әңгімелер. Монтажды жүргізу «металдар» тақырыбына арнап сөз сөйлейді. Оны монтажбен жалғастырады.Барлық оқушылардың төсіне ромба тәрізді қағазға ірілеу етіп жазылған әр түрлі металдардың таңбасы тағылады.

Жүргізушінің сөзі. Адам мен қоғамымен бірге жасап, біте қайнап келе жатқан бір ғажайып дүние бар. Тіпті ол қоғамның даму тарихын, оның жай-жапсарын да баян етеді. Бұл – металдар дүниесі. Жаратылыста барлық химиялық элементтердің 70-ке жуығы металдар. Жер астында, өзен, көл, теңіз, мұхит суларында, хайуанаттар мен өсімдіктер ағзасында, тіпті атмосферада да металдар бар. Металдар өздерінің қасиеттері жөнінен басқа бейметалдарға қарағанда өзгешелеу келеді. Металдар майысқыш та берік. Металдар жылуы мен электр тогын жақсы өткізеді. Міне, осы қасиеттерінің арқасында олар техникада және тұрмыста кеңінен пайдаланылады. Металдар мен қоспалар екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа қара металдар, темір және оның балқымалары жатады.

Екінші топқа түсті металдар жатады, олар өз кезегінде ауыр, жеңіл, сирек және асыл металдар болып төрт түрге бөлінеді. Қандай топқа жататынына қарамастан, металдардың барлығы адам баласының мүддесіне қызмет етеді. Металсыз -бірдебір машина, алып құрылыс жоқ. Химия кештерінде осы металдардың кейбіріне сөз беріп, қасиеттері мен қолданылатын жерлерін айтқызады. Металдар өкілдері сипаттарын, артықшыларын айтысып, бір-бірімен сынасады. Бұл ретте тек бәріне осынша нұр беріп тұрған адам екенін естерінен шығармауға тырысулары керек.

Осы кезде темір шығып, адамға басын иіп, сәлем береді де, сөз бастайды:

ТЕМІР:

Дір еткізіпмаужыраған даланы,

Тау тастары көкке атылып барады.

Динамитпен жер қопарып адамдар,

Қойнауынан асыл байлық алады.

Темірден кейін алтын шығып, темірдің қасына каліптұрып, ол да адамға қарап ізет білдіреді.

АЛТЫН:

Өндірістер – ұлы таудың алыбы,

Кәрі Алтайдың сырын ашты ел ғалымы.

Тұрған жоқ па байтақ қазақ жеріне,

Нұрын төгіп Теміртаудың жарығы.

Алтыннан кейін күміс шығып, жан-жағына қарап, адамға бас иіп, сөзін бастайды.

КҮМІС:

Түрлі элемент, металдары бағалы,

Көктен емес, жерден іздеп табады.

Бар әлем мен табиғатты билеген,

О металдар, құрметтейік адамды.

Күміс соңынан алюминий, мысты қолынан тартқылап сахнаға ала шығып, мысты қағытып сөз бастайды.