- •2. Әбілхайыр ханның саяси қызметі
- •3) Абылай ханның саяси қызметі.
- •4) Орыс патшасының Казакстанды отарлау саясаты
- •6) XVIII-XIX ғғ Қазақстанда әдебиет пен өнердің дамуы
- •7) XVIII-XII ғғ Қазақстандағы ғылым мен мәдениеттің дамуы
- •9) Патша өкіметінің қоныстандыру саясаты.
- •8) 1867-1868 Жылдардағы Қазақстандағы реформа
- •10) Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс және оның тарихи маңызы
- •12) 1931—1933 Жылдардағы Қазақстандағы аштық
- •13)Тың және тыңайған жерлерді игеру
- •14) Ксро ыдырауы. Тәуелсіз Мемлекетер Достығын (тмд) қурылуы.
- •15) Қр тәуелсіздігінің жариялануы
- •16) Қр президентінің «Қазақстан 2030-ң жариялануы»
14) Ксро ыдырауы. Тәуелсіз Мемлекетер Достығын (тмд) қурылуы.
КСРО-ның қүлауының басты себептерінің бірі — экономикалық дамуда артта қалушылық. Атап айтқанда, Одақ экономикасының технологиялық жағынан артта қалуы, сондай-ақ оның өндірісі шығарған тауарлардың бүкіл әлемде бәсекеге түсу қабілетінің төмендігі еді.
Сонымен қатар, соғыстан кейінгі жылдары КСРО АҚШ-пен эскери бәсекеге түсіп және капиталистік елдермен әскери-стратегиялық тепе-теңдікті сақтау үшін қорғаныс ісіне аса көп қаржы шығарды. 1950—1990 жылдар арасындагы 40 жылда эскери шығын 20 триллион долларға жеткен. Мүндай зор шығындар экономиканы орасан зор зардаптарға үшыратты.
1991 жылы 8 желтоқсанда РСФСР, Украина, Белеорусь басшилары Минск қаласында кесдесті (Беловеж келесімі). Талқыланған негізгі мәселелер-1922 жылғы КСРО қүру тұралы келісімшартты жою, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығын құру. Бас қосуда осы мәселелер туралы қағаздарға қол қойылды. Бұл кездесуге Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев та, басқа Ортаазиялық республикалардың басшылары да шақырылмады.
1991 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қыргызстан, Туркіменстан, Тәжікстан басшылары Ашхабадта бас қосты. Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Минск (Беловеж келесімі) шешімін қолдайтындықтарын білдірді. 1991 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Туркіменстан, РСФСР, Украина, Белорусь, Армения, Молдова Алматыда бас қосты. Оған Грузия бақылаушы есебінде ғана қатысты.
1991 жылы 21 желтоқсанда аталған 11 республиканың басшылары КСРО-ны ыдыратып, ТМД-ны құру туралы келісімге қол қойды.
Алматы кездесуі кезінде келісілген мәселелердің аса бір маңыздысы ядролық қаруға қатысты бірлескен шара жөніндегі келіссөз еді. Оған қолдарында ядролық қарауы бар мемлекет есебінде Белорусь, Казақстан, Россия Федерациясы және Украина республикаларының басшылары қол қойды. Мемлекеттер келісімі бойынша-қатысушылар ядролық мәселе жөніндегі саясатты бірлесе жасап, Тәуелсіз Елдер Достығына енетін барлық республиқалардың ұжымдық қаупсіздігін қамтамасыз етуге тиісті болды.
КСРО-ның ыдырау процесін тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Қеңесінің жетінші сессиясында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Осы күні Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Сонымен, 1991 жылғы 16 желтоқсан Республиканың тәуесіздік алған күні.
15) Қр тәуелсіздігінің жариялануы
Тамыздағы мемлекеттік төңкерістің болуымен жэне орталық- тың ешқандай ымыраға келмеуімен байланысты одақтас республикалардың жетекшілері бүған дейін жүргізіп келген келіссөз та- лаптарынан бас тартты. Ол КСРО-ның күйреуін және бүрынғы одақтас республикалардың, оның ішінде Қазақстанның егемендік алуын шапшаңдатты. КОКП, оның бір бөлігі Қазақстан Компартиясы тарихи аренадан кетті.
Міне, осындай күрделі жағдайда республикадағы жоғары атқарушы жэне билік жүргізуші өкімет басшысы ретінде Қазақ КСР- ның Президентіне жеткілікті өкілеттік беру қажеттігі пісіп жетілді. Мүндай өкілеттіктер республика парламенті 1991 ж. 20 қарашада қабылдаған Қазақ КСР-ның “Қазақ КСР-нда мемлекеттік өкімет билігі мен басқару қүрылымын жетілдіру жэне Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі заңына) өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы” Заңы бойынша берілді.
1991 ж. 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында түңғыш рет республика Президентін бүкілхалықтық сайлау болып өтті. Халықтың демократиялық жолмен өз еркін білдіруі арқасында Н.Ә.Назарбаев Президент болып сайланды. Республикада көптеген өзгерістер жасалды: прокуратура, мемлекеттік қауіпсіздік, ішкі істер, эділет, сот органдары қайта қүрылды; Қазақстанның мемлекеттік қорғаныс комитеті үйымдастырылды; Президенттің одаққа бағынатын кәсіпорындар мен үйымдарды Қазақ КСР-і үкіметінің қарамағына беру туралы, республиканың сыртқы экономикалық қызметінің дербестігін қамтамасыз ету туралы, Қазақстанда алтын запасы мен алмас қорын жасау туралы жарлықтары шықты. 1991 ж. 2 қазанда қазақ жерінде Байқоңыр ғарыш алаңы 40 жыл өмір сүргенде түңғыш рет одан ғарышқа бірінші ғарышкер қазақ Т.О.Әубәкіров үшты.
1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25-қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті.
Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады, екінші болып айдаһардай айбарлы Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Иран — Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекеті. Ал “Тәуелсіздігімізді ең алғаш болып бауырлас Түркия мемлекеті мойындады” деген сөздің ақиқат еместігін білгеніміз жөн. Түркия алғаш болып Қазақстанда өз елшілін ашты, бірақ тәуелсіздігімізді мойындауда он жетінші болды. Бұл деректі еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған, елдің сыртқы саясат тұжырымдамасы авторларының бірі болған Вячеслав Ғиззатов келтірген. ҚР Сыртқы Істер министрлігінде тіркелген дипломатиялық құжаттарда Түркияның Қазақстан тәуелсіздігін ресми түрде мойындайтын протоколға 1992 жылдың 2-наурызы күні қол қойғандығы көрсетілген. Алғашықы күндері әлемнің салмақты елдері мойындап, кейіннен басқа да елдер мойындап жатты. Осылайша әлемдік саясат аренасында ҚАЗАҚСТАН деген мемлекет тәй-тәй басты. Небары бірнеше аптаның ішінде әлемнің көптеген беделді елдері Қазақ елінің тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық қатынастар басталды.
11) Қазақстанда ұжымдастырудың басталуы. 1927 ж желтоқсанда компартияның XV съезінде ауыл шаруышылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. Орталық комитет Қазақ КСР-інде ұжымдастыруды негізінен 1932 ж көктеміне қарай аяқтауды белгіледі. Астықты аудандарда колхоз формасы – ауыл шаруашылық артелі, мал шаруашылықты аудандарда – жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу серіктестігі құрылу көзделді.1929 ж II жартысынан бастап республикада ұжымшар құрылысы жедел дамыды. 1929 ж машина – трактор станциялары МТС-тер құрылды. Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жаппай жүргізу үшін, жергілікті белсенділерге қосымша 8 мың жұмысшы – «ұжымдастырушылар» тартылды. Ресейден 1204 адам жіберілді.1928 ж Қазақстанда шаруашылықтың 2 ұжымдастырылған болса, 1931 ж қазан айына қарай 65 ұжымдастырылды. 1932 ж ақпанда Шу ауданында 150 шақырым жерден жүздеген шаруашылықтарды жинап, 400 киіз үйден қала үлгісіндегі поселке тігілді. 1931-32 ж Шұбартау ауданында барлық малдың 80 етке өткізілді. Торғайлық асыра сілтеушілер «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын!» деп ұран көтеріп, онда 1 миллион малдан небары 98 мыңы қалды.
