Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tarikh-nd-13-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
58.63 Кб
Скачать

12) 1931—1933 Жылдардағы Қазақстандағы аштық

Қазақстан тарихында екі алапат ашаршылық халық жадында қатты сақталған. Олардың алғашқысы — 1921/22 жылы болған ашаршылық Оның басты-басты екі себебі бар: алғашқысы — Ресейдегі Азамат соғысының кесірінен Қазақ даласындағы шаруашылықтардың күйзеліске ұрынуы (қ. Азық-түлік отрядтары, Азық-түлік салғырты), екіншісі — табиғи апат, қолайсыз ауа райы салдарынан орын алған жұт.. Санақ материалдары 1921 — 1922 шаруашылық жылында Батыс Қазақстандағы шаруалар шаруашылықтарының 1920 жылмен салыстырғанда 23,8 процентке қысқарғанын, Ақтөбе, Торғай аймақтарында шаруашылықтардың үштен бірінің жойылып кеткенін көрсетеді. 1921 жылғы ашаршылық Батыс Қазақстан халқының 31,4 процентін алып кетті. Санақ материалдарының толық болмауы осы ашаршылық жылдарында қанша адамның қырылғанын нақты айтуға әлі де мүмкіндік бермей отыр. Екінші ашаршылық 1930 — 33 жылы болды. Оның себебі — Қазақстанда жүргізілген сталиндік-голощекиндік реформа, содан туындаған шаруалардың жекеменшігін тәркілеу мен жою, бас көтертпес ет, астық т.б. ауыл шаруашылығы өнімдері салықтары, көшпелі және жартылай көшпелі Қазақ шаруаларын жаппай және күшпен отырықшыландыру науқандары болып табылады. 1937 жылғы Бүкілодақтық халық санағының алғашқы мәліметтеріне сүйенген ресми дерегі бар. Осы деректер бойынша Қазақстанның ауыл халқы 1930 жылдың 1 маусымынан 1933 жылдың 1 маусымына дейін 3 млн. 379,5 мың адамға кеміп кеткен. Егер бұл кемуден 1 млн-нан астам босқындарды шығарып тастасақ, 1930 — 33 жылдардағы аштық құрбандарының 2 млн. 200 мың адамнан асып түсетінін аңғарамыз. Ашаршылықтан Қазақстанда қазақтардың үштен бірі ғана қалды. Негізінен жас балалар мен Әйелдер қырылғандықтан оның демогр. зардабы ауыр болды. Қазақтардың сан жағынан өсуін қатты тежеді. Кейіннен асыра сілтеушіліктің шын мәні саяси бүркемеленгенімен бұл А. “қызыл қырғын”, “голощекиндік геноцид” деген тарихи атқа ие болды. Голощекиндік геноцидтің Қазақ халқына алып келген шығыны әлем тарихында (процент есебімен) гитлершілдердің Еуропадағы еврейлерге жасаған сойқанымен пара-пар келген. 1932 жылы болған бұл зұлмат 20-ғасырдағы адамзат баласына қарсы жасалған ең өрескел қылмыстардың бірі болып саналады. Әр жылдың 31 мамыры күні Қазақстан халқы осы “қызыл қырғын” құрбандарын еске алады

13)Тың және тыңайған жерлерді игеру

XX ғасырдың 50- жылдарында елде астықтың тапшылығы айқын байқалды. 1953 жылы 31 миллион тоннаға жетер-жетпес астық дайындалды, бірақ 32 миллион тоннадан астам астық жұмсалды. Әсіресе азық-түлік дақылы-бидай өте тапшы болды. Мал шаруашылығының жағдайы да мәз емес болатын.

Ендеше Кеңес үкіметі дағдарыстан шығудың жолы тың игеру деп тұжырымдады. Сонымен КОКП ОК-нің 1954 жылғы Ақпан-Наурыз Плеиумында Қазақстанда, Сібірде, Оралда, Солтүстік Кавказ және Қиыр Шығыстың кейбір аудаидарында жаңа тың және тыңайган жерлердің есебінен астықты дакылдар егістігінің колемін кеңейту көзделді. Пленум Қазакстанның жөне Сібірдің ұжымшарлары мен кеншарларында әр гектардан 14-15 центнерден астықалуға және екі жылдан кейін қосымша 1 млрд. 200 млн. пұт астық өндіру ге толық мүмкіндік бар деп санады.

Пленумда 1954-1955 жылдары жалпы елде кемінде 13 млн. га, оның ішінде 6,3 млн. га жерді Қазақстанда жырту көзделді. 1954 жылы 13 тамызда кабылданған партия және үкіметтің ” Астық өндіруді молайту үшін тың жерлерді онан әрі игеру туралы” каулысында аталған жерлердің аумағын 1956 жылы 28-30 млн. гектарга жеткізу белгіленді. 1955 жылы елде жаңа тың және тыңайған жерлер көлемі 29,7 млн. гектар, соның ішінде Қазақстанда 18 млн.

Гектар қажетті.

Тың белсенді игерілген 1954- 1960жылдарда РКФСР-да 16,6млн. гек-тар, ал Қазакстанда 25,5 млн гектар тың және тынайған жерлердің игерілгені қазір мәлім болып отыр. Республика бүкіл егістігінің көлемі 1953 жылы 11 млн. гектардай еді, енді тын игерілгеннен кейін оның көлемі 36 млн. гек-тардан асты. Қазакстан территориясы 272 млн. гектарды (2 млн. 717 мын шаршы шакырымды) кұрайды десек, ауыл шаруашылығының балансындағы жер 223 млн. гектарға жетті.

Тың игерілген жылдардағы Қазақстанның астық жинаудағы көрсеткіштері мынандай:

1) 1955 ж. республика475 млн. пұтастык жинады;

2) 1956 жылы 1 млрд. тұтастықты мемлекетке тапсырды; 3)1954-1964 жж. одақ колемінде 3 рет қана (1956,1958,1964 жж.) астық сату жоспары орындалды;

4) тың игерілгеннен кейін Қазақстан небәрі 6 рет мемлекет қоймасына 1 млрд. немесе одан да артық астық өткізді.

Тың игеруде қол жеткен оң нәтижелерге қарағанда жіберілген қателіктер басым болды:

  • тың игеру тым шұғыл және асығыс жүргізілді. Республикада 25 млн. ғектардан асатын және тыңайған жерлер өте қауырт жағдайда игерілді;

• 1951-1965 жылдарда республикада қазақтың ежелгі түлігі – жылқының саны 365,7 мың басқа шұғыл азайып кетті, тек жылқы саны 80-жылдары ғана әсім бере бастады;

• керісінше шошқа басы 4 еседен астам өсіп, Солтүстік Қазақстан, Целиноград (қазіргі Ақмола), Қостанай, Көкшетау облыстарында ерекше қарқынмен жүрді;

90-жылдардыцбасындагы мәлімет бонынша, республикада 106 млн. гектар жер әртүрлі дәрежедегі жел эрознясына ұшыраган;

• топырақ кұнарының негізі, яғни қара шірігі (гумус) тың игерілген жылдарда 15-30%-га кеміген. 90-жылдарда Көкшетау облысында топырақтың қара шірігі 4,3%-дан 3,6%-ға, Қостанай облысында – 3,7%-дан 2,7%-ға азайыпкеткен;

• Тын өлкесі деген аймактың құрамына кірген бес облыстың – Солтүстік Қазақстан, Акмола, Костанай, Көкшетау, Павлодар-жеріи игеруге 1,5 млн. адам келді, ал жабык әскери объектілер мұның үстіне 150 мын адамды қабыл-дады. 1954-1956 жылдары тынды игеруге 391,5 мың механизатор әкелінді. 1959 жылғы санак бойынша казақтар республиканыц 30%-ы.н, орыстар 42,7%-ын, 1962 жылы қазақтар сан жағынан өз мекенінде жалпы тұрғыңда-рының уштсн бірінсн де аз немесе 29 пайызды ғана қурады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]