
- •2. Әбілхайыр ханның саяси қызметі
- •3) Абылай ханның саяси қызметі.
- •4) Орыс патшасының Казакстанды отарлау саясаты
- •6) XVIII-XIX ғғ Қазақстанда әдебиет пен өнердің дамуы
- •7) XVIII-XII ғғ Қазақстандағы ғылым мен мәдениеттің дамуы
- •9) Патша өкіметінің қоныстандыру саясаты.
- •8) 1867-1868 Жылдардағы Қазақстандағы реформа
- •10) Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс және оның тарихи маңызы
- •12) 1931—1933 Жылдардағы Қазақстандағы аштық
- •13)Тың және тыңайған жерлерді игеру
- •14) Ксро ыдырауы. Тәуелсіз Мемлекетер Достығын (тмд) қурылуы.
- •15) Қр тәуелсіздігінің жариялануы
- •16) Қр президентінің «Қазақстан 2030-ң жариялануы»
8) 1867-1868 Жылдардағы Қазақстандағы реформа
Бұл реформа Ресейде басыбайлық құқығының жайылуымен және бірқатар буржуазиялық реформалардың қабылдауымен тұстас келеді. Капиталистік қатынастардың ұлттық аймақтарға таралуы да осы кезден басталады.
ХІХ ғ 60 жылдарында қазақтарды басқару жүйесін өзгерті үшін стас-хатшы И.И.Бутках басқарған комиссия құрылды.
Қазақ өлкесін басқару ісін өзгертуді дайындау үшін ішкі істер министірлігі кеңесінің мүшесің Гире басқарған «Дала комиссиясына жүктелді. Құрамында: бас штабтан – полковник Ф.К.Гейне, Орынбор өлкесінен полковник К.К Путковский Батыс Сібір Генерал-губернаторы капитан А.П.Процнко енді.
1865 ж 5 маусымындағы ІІ Александр патшаның әмірі бойынша өлкені зерттеп білу мәселелері дайындалды. Әкімшілік басқарудың жаңа жүйесіне сай келетін жағдайлардың көпшілігі сонда қамтылған еді: өзіндік ауыртпалықтар, жерді иелену түрлері, сот ісі, ағарту ісі, алым-салық, діни мәселелер, т.б. Алайда реформаны әзірлеуде бұқараның талап тілегі ескерілмеді. Ғалым Ш.Уәлиханов Қазақстанды билеуді халықтың өзін-өзі басқару негізінде қайта құруды талап еткен еді.
1867 жылы 11 шілдеде ІІ Александр патша «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша Ережені» Орынбор және батыс Сібірге генерал-губернаторы Дала облыстарын басқару туралы уақытша Ережені» бекітті.
Бүкіл қазақ жіре үш генерал-губернаторлыққа бөлінді: Түркістан, Орынбор және Батыс Сібір.
Генерал-губернаторлық жеке облыстарға жіктелді.
1872 жылдан бұрыңғы Бөкей хзандығының жері Астрахан губерниясына, ал Маңғыстау приставтығы 1870 жылдан Кавказ әскери округінің басқаруына, кейіннен Закаспий облысына енгізілді. Әскери және азамаьттық биліктің генерал-губернаторлығы қолында шоғырланды. Түркістан генерал-губернаторлығы Қытай және Иран сияқты елдермен дипломатиялық келіссөз жүргізуге де рұқсат етілді.
Облыс басында әскери губернатор болды.
Облыстар уездерге бөлінді. Басшысы – уезд бастықтары
Уезд бастықтарына полдиция да уездегі мекемелер де, бекіністер де бағындырылды.
Уездер болыстарға бөлінді. Болыс басқарды.
Болыстар – 100-200 шаңырақтан тұратын ауылдарға бөлінді. Ауылнай басқарды.
Ірі ақсүйектерден іріктеп алынатын болыс және ауылнайлар патша үкіметінен Қазақстандағы отаршылдық саясатынап тірек болды. Шыңғыс тұқымдары – сұлтандар үкіметтен өмірлік зейнетақымен қамтамасыз етіліп, ауыртпалықтар мен салықтардан босатылды.
Сырдарияның отырықшы елді мекендерінің басқару билігі ақсақалдар қолына берілді. Олар үш жылға сайланатын арнайы билік көрінісі ретінде қоладан құйылған арнай белгі және мөр тапсырылатын.
1867-1868 ж реформа арқылы әскери сот комиссиясылары мен уездік соттар құрылды. Ашық таптық сипаты бар соттар патша үкіметінің отаршылдық саясатын жүргізу құралына айналды.
Шын мәнінде, әскери губернаторлар бекіткен билер мен қазылар соты сот жүйесінің төменгі буыны болды.
Реформа маңызы:
1) реформа арқылы отарлық басқару, билік нығайтылды.
2) өлкенің табиғи байлықтарын игеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты. Әлеуметтік, шаруашылық өмірге капиталистік өмірге капиталстік құбылыстар ене бастады.
1867 жылғы 11 шілдеде – «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша ереже» бекітілді.
1868 жылы 21 қазан – «Төрғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы уақытша ереже» бекітілді.
Реформа нәтижесі.
1) Өлкенің табиғи байлықтарын игеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты.
2) Феодалдық – патриархалдық қатынасты әлсіреткен капиталистік құбылыстар ене бастады.
3) Таптық жіктелу салдарын жатақтар қалыптаса бастады (кедейленген қазақтардың өндіріске жұмысқа жалдануы).
4) Отарлық басқару күшейді.
5) Қазақ жері Россия үкіметінің меншігі болды.
6) Орыс шаруаларын жаппай қоныстандыру басталды.