
- •2. Әбілхайыр ханның саяси қызметі
- •3) Абылай ханның саяси қызметі.
- •4) Орыс патшасының Казакстанды отарлау саясаты
- •6) XVIII-XIX ғғ Қазақстанда әдебиет пен өнердің дамуы
- •7) XVIII-XII ғғ Қазақстандағы ғылым мен мәдениеттің дамуы
- •9) Патша өкіметінің қоныстандыру саясаты.
- •8) 1867-1868 Жылдардағы Қазақстандағы реформа
- •10) Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс және оның тарихи маңызы
- •12) 1931—1933 Жылдардағы Қазақстандағы аштық
- •13)Тың және тыңайған жерлерді игеру
- •14) Ксро ыдырауы. Тәуелсіз Мемлекетер Достығын (тмд) қурылуы.
- •15) Қр тәуелсіздігінің жариялануы
- •16) Қр президентінің «Қазақстан 2030-ң жариялануы»
4) Орыс патшасының Казакстанды отарлау саясаты
Патша өкіметі Қазақстан жеріндегі отарлау шараларың біртіндеп жүзеге асырды. Оның 1742 жылғы 19 қазандағьі жарлығы бойынша Жайық өзені жағасының қамалдар ма-ңында қазақтардың көшіп-қонуына тыйым салынды, соны-мен қатар олардың Каспий теңізінің жағалауында көшіп-қонып жүрген жерлері шектелді. XVIII ғасырдың 50-60 жылдары Ертіс, Тобыл, Есіл, Үй өзендері алқаптарындағы Орта жұздің қазақтары да өздерінің мекендеген жерлері-нен ығыстырылды.
Қазақ даласында патша екіметінің отарлау саясаты үш бағытта: біріншіден, гарнизондар мен күшейтілген бекіністі әскери шептер қүрылысын тездетіп салу және түрақты казак-орыс (Орынбор, Жайық, Батыс-Сібір, кейін Жетісу) мекендерін күру жолымен, екіншіден, саяси әкімшілік ре-формалар жасау, сыртқы округтер мен приказдарды одан ары күру, басқарудың дистанциялық жүмыс түрін енгізу жолымен, үшіншіден, қазақ даласын өзіне біржолата қосу, ал Орта Азия хандықтармен сауда-саттықты кеңейту жо-лымен жүргізілді. Алайда, отарлау барысында патша үкіме-тіне жергілікті барлық билікті ресейлік әкімшіліктің қолы-на шоғырландыру саясатын жүзеге асыру сүлтандардың, ру шонжарларының, билердің наразылығын тудырды. Өйткені оларды патша өкіметі орындары сот-әкімшілік қызметіне қатыстырмауға тырысты.
Патша өкіметі қазақ даласын түпкілікті билеу үшін әуелі әр түрлі реформалар жүргізіп, қазақтың елдік-этникалык үйытқысын ірітіп, үлыстарды бөлшектеп, оларды губерни-яларға, округтерге теліп, үлтанды елді түтастықтан айыр-ды. Рас, олар мүның бәрін бірден жүзеге асыра қойған жок Бүқпантайлап, торғай ұстаған мысықтай, жақыннан кар-мау үшін алыстан арбап, зымияндық саясат жүргізді. Патша өкіметі оны кезең-кезеңімен іске асырды.
Оның алғашқысы - 1731 жылдан 1822 жылға дейін со-зылған ел билеу жүйесіндегі протектораттық дәуір, яғни күшті мемлекеттің әлсіз мемлекетке формальды түрде бол-са да қамқорлық жасау саясатын жүргізу еді. Бүл кезДе патша окіметі ел билеудің бүрынғы хандық жүйесін сактап, оның ішкі тірлігіне араласпай, түзақты алыстан күрып, сырт иелігін жасады, яғни казак елін өзіне жағынып, бас щүлғып, бағынышты болған хандар арқылы басқарды. Сөйте түра, қазак жүртының арасына өз білімдар адамда-рьін қаптатып, ғылымды бет перде етіп алға үстап, соның тасасында түрып, елдің әдет-ғүрпын, салт-дәстүрін, мінез-күлқын жан-жақты зерттеп, қазақ халқының осал түстарын пайдалануға тырысты. Оны меңгергеннен кейін хан тағына үміткер ханзадалар мен сүлтандар арасында ши жүгіртіп, оларды тақ таласына итермеледі. Солардың ішінде шенге күмар, атаққүмарлары ерекше бағаланып, бүлардан патша өкіметі ештемені де аяған жоқ. Патша отаршылары казак жүртшылығының арасына алауыздық үрығын осылайша енгізе бастады.
Патша үкіметініц казақ елінің басына тәуелділік нокта-сын біржола кигізуі 1822 жылдан 1867 жылға дейін со-зылды. Сөйтіп, патша үкіметінің отаршылдық саясаты-ның екінші кезеңі басталды. Бүл кезде ол әскер күші арқылы елдің ішкі тірлігіне араласып, жергілікті қазақ шаруаларын қонысынан куа бастады. Олардың орнына ішкі Ресейде жоқшылыққа үшыраған орыс босқындарын әкеп орналастырды.
Отарлаудың осы әскери-әкімшілік кезеңінде патша өкіметінің тірек пункттері ретінде әскери бекіністердің іргесі қалана бастады. Оларды түрақтандыру үшін шекаралық белгілермен бөлді. Біртіндеп бекіністер Қазақстанның ішкі аймақтарына тамыр жайды. Бастапқы кезде бүл бекіністер Орал, Ертіс сияқты өзен-арналарына орналасты. Ал кейінірек патша өкіметініц отарлау саясатының күшеюі нәтижесінде әскери қамалдар салу Қазақстанның батыс, солтүстік-шығыс аймақтарын тегіс қамтыды. 1744 жылы Орынбор қаласы, 1752 жылы Петропавл қаласы салынды. Ресейдің Шығыс Қазақстан жеріндегі экспансиясы бұрынғысынан неғүрлым күшейе түсті. 1752 жылдан бастап Оңтүстік Алтайдың, Ертістің жоғарғы ағысындағы Үлбі, "Үктырма және Нарым бойьшдағы жерлердің Ресейге қосылғаны туралы ресми түрде жарияланды. 1760 жылы Өскемен бекінісінен Телецк коліне дейін бекіністер салына бастады. Келесі 1761 жылы Өскеменнен Зайсан көліне дейін ҮКтырма шебінің бекіністері пайда болды