
- •2. Әбілхайыр ханның саяси қызметі
- •3) Абылай ханның саяси қызметі.
- •4) Орыс патшасының Казакстанды отарлау саясаты
- •6) XVIII-XIX ғғ Қазақстанда әдебиет пен өнердің дамуы
- •7) XVIII-XII ғғ Қазақстандағы ғылым мен мәдениеттің дамуы
- •9) Патша өкіметінің қоныстандыру саясаты.
- •8) 1867-1868 Жылдардағы Қазақстандағы реформа
- •10) Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс және оның тарихи маңызы
- •12) 1931—1933 Жылдардағы Қазақстандағы аштық
- •13)Тың және тыңайған жерлерді игеру
- •14) Ксро ыдырауы. Тәуелсіз Мемлекетер Достығын (тмд) қурылуы.
- •15) Қр тәуелсіздігінің жариялануы
- •16) Қр президентінің «Қазақстан 2030-ң жариялануы»
1 . Қазақстанның Ресей құрамына енуінің себептері
ХУШ ғ. басы орыс мемлекетінің нығаюының және империялық кезеңге етудің басы болып саналады. Ол XVIII ғ. 20-жылдарында бастау алған қазақ хандығымен белсенді саяси байланыстардың дамумен сипатталады. Жоңғарлардың шабуылынан кейін (1717-1718 жж. және 1723-1725 жж.) қазақтың көп теге тайпалары ғасырлар бойы мекендеген жерлерінен кетуге мәжбүр болды. Көптеген тайпалар Әбілқайыр ханмен бірге Жайық өзенінің оң жақ жағалауына көшуге әрекет жасады. Осы жерде олар Ресей бодандығындағы калмақ, башқұрт елдерімен қоныстас болды. 1726 ж. Кіші жүз езінің шекаралық келіспеушіліктерін реттеу үшін Ресейге елшілік жібереді. Екі ел арасындағы сауда-дипломатиялық қатынастардың дамуы Ресейге де аса пайдалы екендігі Петр I заманында-ақ белгілі болды.
1730 ж. маусымда Әбілқайыр хан өзіне бағынышты қазақтарды Ресейдің қол астына алуын сұранып патша Анна Иоанновнаға тағы да өтініш хат жолдайды. Сейіт құл Қайдағұлов пен Құтлымбет Қоштаев бастаған хат жеткізуші елшілікті 1730 жылы қыркүйекте Петербургке жібереді. Осы уақытта Ресейдің құрамына Еділ қалмақтары, Қабардин княжествосы, Грузия енген болатын. Ресей Әбілқайырдың елшілерін құрмет көрсетіп және сыйлықтар сыйлап қарсы алады. 1731 жылы 19 ақпанда Анна Иоанновна Әбілқайыр ханға және оның қарамағындағы қазақ ұлысына Ресейге ерікті түрде қабылданғаны туралы грамотаға қол қойды.
Қазақстанға Әбілқайыр ханнан ант алуға Шет ездер коллегиясының аудармашысы А.Тевкелев басшылығымен елшілік келеді. 1731 жылы А.Тевкелев 5 қазанда Ырғыз өзеніндегі Майтөбе деген жердегі Әбілқайырдың ордасына жетеді. Осы жерде қазақ билеуін ілерінің арасында бодандыққа көшу туралы бірліктің жоқтығы байқалды. Билердің және сұлтандардың көпшілігі «орыс боданды» туралы естігілері де келмеді. Бірақ Тевкелев табын руынан шыққан Бөкенбай батырың және оның күйеу баласы Есет батырға арқа сүйеді. Нәтижесінде 1731 жылдың 10 қазанында Әбілқайыр хан, Бекенбай және Есет батырлар бодандықта қабылдап, ант береді. Осылайша, Ресейге Кіші жүздің қосылуы басталды. 1732 жылы 24 қарашада А.Тевкелев елшілігі кері қайтады. Қазақстанның Ресейге қосылуы қиын жағдайлармен басталды және бейбіт тур де жүріп, XIX ғ. 50-60 ж. әскери-соғыс шаралары арқылы аяқталды. Сонымен бұл процесс бір жарық ғасырға созылды деп айта аламыз.
XVIII г. 30-ж. ортасында жоңғарлар қайтадан қазақтарға, әсіресе Орга жүзге қысым керсе те бастады. Орта жүз ешкімге тәуелді болмай, ез еркімен өмір сүрді. Сәмеке хан өлгеннен соң да (1822 Сібір қазақтарының жарғысына дейін) Орта жүз тәуелсіз болып қала берді.
2. Әбілхайыр ханның саяси қызметі
Әбілқайыр (Әбілқайыр Мұқамбет Ғази баһадур хан) (1693 — 12.08.1748) — хан, қолбасшы, 1718—1748 жж. билік құрған Кіші жүз ханы. Соғыстарда батырлығымен, айлакерлігімен, айқас-шайқастарды ұйымдастыра білуімен даңқы шығып, мұрагерлік жолмен емес, өз беделімен Кіші жүздің ханы болды.
Әбілқайыр қазақ хандары мен сұлтандарының алауыздығы артып, сыртқы қауіп күшейген шақта Ресей империясына арқа сүйеуді ойлады. Әбілқайырдың Құндағұлов Сейітқұл мен Көштаев Құтлымбет бастаған елшілігі Петербургке барып (1730), Ресей сыртқы істер министрлігі коллегиясының М. Тевкелев бастаған елшілігі оған келді (1731). ( Құндағұлұлы елшілігі, Құтлымбет елшілігі). Елшілік қазақ ұлысын Ресейдің қарамағына алу туралы келіссөз жүргізді. Әбілқайыр 1731 қазанда Ресей империясының қарамағына кіргендігі жөнінде ант берді (Бұл антты 1738, 1740, 1742 қайталады). Ант беру арқылы ол Ресеймен тату тұруды, оның қарамағына өткен башқұрт пен Еділ қалмақтарының қазақ қоныстарына шапқыншылығын тоқтатуды, Ресейдің көмегімен жоңғар қалмақтарының қол астында қалған қазақ жері мен қалаларын қайтарып алуды, империя әкімшілігіне сүйеніп, қазақ арасындағы беделін арттырып, үш жүздің басын біріктіріп өзі билеуді, хандықты балаларына сайлау тәртібімен емес, мұрагерлік жолымен қалдыруды көздеді. Сөйтіп ол жеке мүддесімен бірге халықты апаттан сақтауды да ойлады. Алайда Ресей саясаты да тереңде жатты. Империя қазақ жерін бүтіндей отарлауды ойлады. Әбілқайыр Петербург сарайы мен оның Орынбор әкімшілігінің саясатын дер кезінде түсінді. Ханның өз ұлы Қожахметті аманаттан қайтарып алудағы Ресей әкімдерімен тартысы, императрицалар Анна Иоановнаның, кейіннен Елизавета Петровнаның талаптарына мойынсұнбауы, Кіші жүзде дербес саясат жүргізуге тырысуы, ел тәуелсіздігін сақтау бағытындағы шаралары отаршылдықтың барлық көріністеріне қарсылығын байқатады. Орыс үкіметімен әртүрлі қатынастарды үзбей, Әбілқайыр, сонымен қатар, жоңғар қоңтайшысы Қалдан Серенмен (Цэренмен) астыртын байланыста болды.
3) Абылай ханның саяси қызметі.
18-ші Қазақ ханы. Орта жүздің ханы: 1733 — 1737. Ізашары: Әбілмәмбет хан. Ізбасары: Уәли хан
Дүниеге келуі: 1711 жыл
Қайтыс болуы: 1781 жыл
Жерленді: Түркістан Қожа Ахмет Ясауи кесенесі
Әкесі: Көркем Уәли Сұлтан
Жұбайы: Қарашаш
Балалары: Уәли хан, Қасым сұлтан
Абылай хан – XVІІІ ғасырдағы тарихымыздың аса ірі тұлғасы. Ол туралы орыс ғалымы А. Левшин былай дейді: «Абылай тәжірибесі, ақыл – айласы жағынан болсын, қол астындағы халқының саны, күші жағынан болсын, сондай-ақ өзінің Ресей патшалығымен, Қытайдың боғда ханымен жүргізген тапқыр, шебер қатынастары жағынан болсын өз тұсындағылардың бәрінен де басым еді. Ол ұстамды, досына мінәйім мінезді, жауына қатал, қаһарлы кісі еді. Сондықтан жұртты өзіне тарта, ерте білетін еді».
Абылай ханның алға ұстаған саясаты, мақсаты – қазақ халқының бостандығы мен бірлігі, мемлекеттігі мен тәуелсіздігі еді. Алайда ол дүние салғаннан кейін қазақ мемлекеті қайта бөлшектеніп ыдырай бастады. Ресей империясы қазақ жерін отарлауды қызу қолға алды. Оны іске асыру әр түрлі жолдармен іске асты, яғни әскери шеп бекіністер салу, қазақ жерін тартып алу, хандық билікті жою, рухани отарлау және т.б.
Абылай кезінде қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы жақсарды. Қазақ халқы бірлікке, тәуелсіздікке, бейбіт өмірге ұмтылды. Абылай сұлтан болған кезінде ақыл–айласымен, сабырлы салмақтылығымен маңайына Төле би, Айтеке би, Қазыбек би, Байдалы би, Сасық билерді, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақұлы Жәнібек, Шапырашты Наурызбай т.б. батырларды, Бұхар жырау, Ақтамберді жырау, Үмбетей жырау сияқты сыншы-жырауларды топтастыра білді. Абылай ел арасында аса зор беделге ие болған. Қазақ халқының басқа халықтармен терезесі тең дамуы үшін жан аямай арпалысқан хан. Көзі тірісінде-ақ аты аңызға айналған Абылай деген ат тәуелсіздік, бостандық, бірлік, ерлік, азаматтық, мемлекеттік тәрізді ұғымдармен бірге айтылатын болды.