Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АҚ курстық жұмыс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
152.06 Кб
Скачать

III тараптардың құқықтары мен міндеттері

3.1 Мердігердің құқықтары мен міндеттері

Мердігердің негізгі міндеті жұмыстарды шарт жасасу кезінде жобалауға берілген бастапқы деректерге сәйкес орындау.Әрине, мердігер бұл жұмыстарды тиісті түрде мамандығына сәйкес орындауға міндетті. Мердігер дайын жобалау-сметалық құжаттаманы тапсырысшымен келістіруі қажет. Қажет болса ол тапсырысшымен бірге жобалау-сметалық құжаттаманы мемлекет органдарымен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен келістіруде қатысуы керек. Бұл міндетті мердігерге жүктеудің өз себебі бар, мердігер маман болған соң жобалау-сметалық құжаттаманы құзыретті мемлекеттік органдарымен жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен келістіру, оның бөлек тармақтарының, құрамаларының негізділігін көрсету жеңілдеу болады.

Кейбір жағдайларда бір мердігерге жобалау және іздестіру жұмыстарын бірге жүргізуге тапсырылады. Бұл мердігерге іздестіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде жинақталған мәліметтерді құпия түрде сақтауға мүмкіншілік береді.

Мердігер тапсырысшының келісімінсіз жобалау-сметалық құжаттаманы үшінші тұлғаларға бермеуі керек.

Мердігер тапсырысшыдан оның заңда немесе шартта көзделген барлық міндеттерін орындауға талап етуге құқылы.

ҚР АК 638-бабы әрбір тарапқа қарсы тараптың оның ақпаратпен азаматтық құқықтардың мүліктік обьектісімен сияқты иеленуіне байланысты мүдделердің қамтамасыз ету міндеті жүктеледі./ 2.2., 94бет./

Мердігерден орындалатын жұмыстың сапасының кепілдіктері мердігерлік туралы жалпы ережелерге сәйкес белгіленеді. Жобалау және іздестіру жұмыстарының өзгешелігі, олардың кемшіліктері жобаны іске асырғанда, іздестіру жұмыстарының деректерін пайдалану кезінде ғана табылуы мүмкін. Немесе сараптама қажет болады. Бірақ сараптама негізсіз тағайындалмайиыны түсінікті. Сондықтан, біздің ойымызша, мердігерге мердігерліктің бұл түрі бойынша нәтиже саласына қойылатын талаптың мерзімі жобаларды жүзеге асыру, іздестіру жұмыстарының мәліметтерін пайдалану басталған соң ағымын бастайтыны бекітілуі керек.

Қорытынды

Осы «Мердігерлік шарты» тақырыбына жазылған курстық жұмысты орындау барысында, жұмыстың мақсатына сай мынандай қорытынды жасауға болады:

Мердігерлік шарты бойынша бір тарап (мердігер) екінші тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша тбелгілі бір жұмысты атқаруға және белгіленген мерзімде оның нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) міндеттенеді. Егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс мердігердің тәуекелімен орындалады.

Мердігерлік шартның элементтері

Мердігерлік шартының тараптары болып мердігер және тапсырысшы болып табылады.

Тапсырысшы – екінші тарапқа – мердігерге шарт бойынша келісілген белгілі бір жұмысты орындауға тапсыратын тұлға.

Мердігер – шарт бойынша белгілі жұмысты орындауға міндетті тұлға. Көбінесе кәсіптік қызметтің субьектісі, жеке тұлға және жеке кәсіпкер, коммерциялық заңды тұлға.

Осы курстық жұмысты орындау барысында, алдымызға қойған мақсатымыздың бірі – ол мердігерлік шартының жекелеген түрлеріне тоқталдық, оларға мыналарды жатқызуға болады:

1.Тұрмыстық мердігерлігі;

2.Құрылыс мердігерлігі;

3.Жобалау және іздестіру мердігерлігі;

4.Ғылыми-зерттеу мердігерлігі;

5.Технологиялық жұмыстарға мердігерлік.

Осы курстық жұмыста мердігерлік шартының жекелеген түрлері мен оларды топтаған кезде жеке-жеке тоқталдық және де ерекше мән беріле жазылды.

Осы курстық жұмыста мердігерлік шарты ұғымы, түрлері ерекшеліктеріне жеке – жеке тоқталдық және де ерекше мән беріле жазылды.

Курстық жұмысты орындау барысында көптеген ғалымдардың еңбектерімен таныстық. Мысалға алар болсақ: М.К. Сүлейменов, Ю.Г. Басин, Г.А. Жайлин. және де тағы басқа ғалым еңбектерімен таныс болдық.

Осы жазылған курстық жұмысты қорытындылай келсек, мердігерлік шарты ұғымына және оның маңызды салаларына айтарлықтай түсінік кеңінен көрініс тапқандығы жайлы айта аламыз.