Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АҚ курстық жұмыс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
152.06 Кб
Скачать

2.2 Құрылыс мердігерлігінің ерекшеліктері

Мердігерлік шарттың қарастырылып отырған түрі оның құқықтық өзгерістерін бастан өткізген. Социалистік экономиканың дамуының алғашқы кезкңдерінде құрылыс мердігерлігі сөзсіз мердігерлік шарты болып қарастырылған./1.3.,240б./ 1923 жылдың 1 қаңтарында күшке енгізілген РСФСР Азаматтық кодексінің 220-235 баптарында және РСФСР –дың Азаматтық кодексінің 235-бабының 5-қосымшасы болып табылатын «Мемлекеттік мердігерлік және жеткізілім туралы» Ережелерде мердігерлік жұмыстардың барлық түрлерін реттеу үшін арналған жалпы мәндегі нормалар болған. Көрсетілген соңғы нормативтік актпен қандай жұмыстарды орындауға шарт жасалғанына тәуелсіз мемлекет және оның органдарының қатысуымен мердігерлік шарттың бірқатар ерекшеліктері реттелген.

Бірақ өндірісте, барлық өндірістік процестердің директивті жоспарлауын нығайтуына байланысты, құрылыс мердігерлік-мердігерлік шарттардың жалпы көпшілігінен анық бөлініп шықты және 1961 жылдан бастап барлық негізгі жүйелік азаматтық-құқықтық актілері күрделі құрылысқа мердігерлін шартты-мердігерлік шарттың түрі ретінде емес, азаматтық-құқықтық шарттың жеке түрі ретінде қарастырылады.

Қазір құрылыс мердігерлігі шартының құқықтық реттелуі барлық нарықтық заңнама да сияқты экономикалық заңдармен қайшылыққа түспейді. Бірақ, азаматтық құқығының дамуында одан кезеңдегі бірқатар жасалған құқықтық өңдеулер, сол сияқты өзге елдердің жеке құқығының өңдеулері ескерілген, сондықтан құрылым мердігерлік ерекшеліктері бөлек айқындалуы қажет болып тұр. Қазіргі жағдайда мердігерлік шарт бойынша тараптардың өзара қатынастарына 2001 жылдың 16 шілдесіндегі ҚР –ғы архитектуралық, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы «Қазақстан Республикасының Заңы» маңызды әсерін тигізеді.

Олар бірқатар жағдайларда құрылыс мердігерлік жұмыстарын жүргізуге байланысты жер учаскелеріне заттық құқықтарды алумен, құрылып жатқан обьектілерді энергиямен қамтамасыз етуге шарт жасаумен, мемлекеттің бір немесе өзге органдарымен жарна-құқықтық, басқа да құқықтық қатынастар пайда болатынында көрінеді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 651-бабына сәйкес құрылыс мердігерлігі шарты кәсіпорынды, үйді, ғимаратты немесе өзге де обьектіні салуға немесе қайта жаңартуға жасалады.

Кейбір жағдайларда құрылыс мердігерлігі нысанасы болып үйлер кешенін құрайтын кәсіпорынды салу немесе оны қайта жаңарту келеді. Құрылыс мердігерлігі шеңберінде монтаждау, іске қосу, жөнге келтіру және салынып жатқан обьектімен байланысты өзге де жұмыстар орындалады.

Құрылыс мердігерлігі шарты бойынша мердігер тапсырысшының тапсырмасы бойынша шартта белгіленген мерзімде белгілі бір обьектіні салуға не өзге де құрылыс жұмысын орындауы үшін қажетті жағдайлар жасауға, оның нәтижесін қабылдап алуға және ол үшін келісілген бағаны төлеуге міндеттенеді./2.7., 242б./

Көрсетілген шарттың субьектілік құрамының ерекшеліктері бар, яғни шартта әрқашан мердігер жағынан кәсіпкерлік қызметінің субьектілері, әртүрлі лицензияланатын құрылыстық жұмыстарды жүргізу үшін рұқсаты бар құрылыстық ұйымдар немесе жеке кәсіпкерлер қатысады.

Кейбір жағдайларда тапсырысшы болып азаматтар келеді.

Тараптардың құқықтары мен міндеттері. Обьектінің салынуы, салынатын жер учаскесін белгілеуден басталады. Қазіргі заңға сәйкес, салынатын обьектінің болашақ иесі жер учаскесін бөліп алуы керек.Ол құрылыс салу үшін жер учаскесін шартта көрсетілген көлемде және сондай күйде уақытылы беруге міндетті.

Шартта мұндай нұсқау болмаған жағдайда, жер учаскесінің көлемі мен күйі жұмыстың уақытылы басталуын, оның қалыпты жүргізілуін және мерзімінде аяқталуын қамтамасыз етуге тиіс. Шартпен жер учаскесін алу және құрылыс үшін керектідайындық жұмыстарын, кіріс жолдарын тазалау және т.б. міндеттер мердігерге жүктелуі мүмкін.

Шартта құрылыс ұйымы өз күшімен тұрған үйді, ғимаратты салатындығы қарастырылуы мүмкін. Мұндай шарт құрылысты толық аяқтау туралы шарт деп аталады. Шарт ережелеріне сәйкес тапсырысшыға пайдалануға дейін обьекті тапсырылады. Материалдық жағынан қамтамасыз ету құрылысты материалдармен жабдықтау, құрылысты материалдармен жабдықтау, құрылысты ағымды қаржыландыру және т.б. көзделуі мүмкін. Тапсырысшының бұл міндеттері шартта аталуы қажет. Тапсырысшы құрылым мердігерлігі шартында көзделген жағдайлар мен тәртіпте мердігерге жұмыстарды жүргізу үшін қажетті үйлер мен ғимараттар беруге, жүктердің тасымалдауын қамтамасыз етуге, энергиямен жабдықтау су мен бу желілерін уақытша жүргізуге, басқа да қызметтер көрсетуге міндетті. Олар үшін ақы шарттың өзінде көзделген тараптар бойынша төленеді. Орындалған жұмысқа ақыны тапсырысшы сметада көзделген мөлшерде заң актілерінде немесе шартта белгіленген мерзімде және тәртіппен төлеуге міндетті. Жұмыс аяқталып, обьектіні қабылдап алған соң толық көлемінде төленеді.

Егер де тапсырысшы жұмыс обьектісі жұмысты өткізудің шартта белгіленген мерзімі аяқталғанға дейін дүлей күштің салдарынан қирағаны немесе бүлінгеніне байланысты тәуекел атқарады. Онда тапсырысшы орындалған жұмысты қалпына келтіру үшін жұмыстардың құнын төлеуге міндетті.

Қазақстан Республикасының архитектуралық, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы «Қазақстан Республикасының Заңындағы 7-баптың 1-тармағына сәйкес жобалау құжаттамаға мыналар кіреді:

  1. қала құрылыстық жобалар;

  2. архитектуралық жобалар;

  3. құрылыс жобасы, көлем-жоспарлық, конструкциялық, технологиялық, инженерлік, табиғат сақтау, аумақты инженерлік даярлау.

Құрылыс мердігерлігі шарты үшін ең маңыздысы құрылыс жоба – жобалау сметалық құжаттама. Онымен орындалатын жұмыстың сандық және сапалық көрсеткіштері ғана айқындалып қоймайды. Жқмыстардың көлемі, мазмұны олардың құнына тығыз байланыстырылады.

Жобалау-сметалық құжаттамадағы мұндай құжаттама өзінің тапсырысы бойынша жасалған жағдайларды қоспағанда, мердігер жобалау-сметалық құжаттамада жаңсақтықтарды анықтауға және жоюға байланысты шығарған қисында шығындарды өтеуді талап етуге құқылы. Мердігер шарттан бас тартуға және тапсырысшыдан шарттан орындалған жұмыс бөлігіне бара-бар бағасын төлеуді, сондай-ақ осы сомамен жабылмаған залалдарды өтеуді талап етуге құқылы.

Мердігер құрылыс барысында тапсырысшыдан алған нұсқауларды, егер ондай нұсқаулар шарттың талаптарына қайшы келмесе және мердігердің жедел-шаруашылық қызметіне залалы болмаса, орындауға міндетті.

Менрдігерге қоршаған ортаны қорғау және жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі міндеттер жүргізеді.

Мердігер жұмыстың сапалы орындалуына жауап береді. Үйді немесе ғимратты қайта жаңғырту кезінде мердігер үйдің, ғимараттың немесе оның бөлігінің беріктігін, орнықтылығын, сенімділігін төмендеткені немесе жойғаны үшін жауапты болады.

Егер шартта өзгеше көзделмесе, тапсырысшы жұмыс нәтижелерін қабылдауды өз есебінен ұйымдастыруды және жүзеге асырады.Заң актілерінде көзделген жағдайларда жұмыс нәтижесін қабылдауға мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері қатысуға тиіс.

Жұмыс нәтижелерін тапсыру және қабылдауды рәсіидлеудің арнайы тәртібі қарастырылады.Ол үшін екі тараптармен қол қойылатын акт рәсімделеді.егер мемлекеттік органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері қатысуға міндетті болса, онда қабылдау актілерінде осы тұлғалардың да қолдары қоюы тиіс.

Кейбір жағдайларда шартпен тапсырысшының талап етуі бойынша және тапсырысшының есебінен мердігер жауапты болмайтын кемшіліктерді мердігердің жою міндеті көзделуі мүмкін.