Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АҚ курстық жұмыс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
152.06 Кб
Скачать

Ι мердігерлік шарты туралы жалпы ережелер

1.1 Мердігерлік шарты түсінігі және элементтері

Мердігерлік шарты бойынша бір тарап (мердігер) екінші тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша тбелгілі бір жұмысты атқаруға және белгіленген мерзімде оның нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) міндеттенеді. Егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс мердігердің тәуекелімен орындалады. /1.2., 167 б./

Мердігерлік шартның элементтері

Мердігерлік шартының тараптары болып мердігер және тапсырысшы болып табылады.

Тапсырысшы – екінші тарапқа – мердігерге шарт бойынша келісілген белгілі бір жұмысты орындауға тапсыратын тұлға.

Мердігер – шарт бойынша белгілі жұмысты орындауға міндетті тұлға. Көбінесе кәсіптік қызметтің субьектісі, жеке тұлға және жеке кәсіпкер, коммерциялық заңды тұлға./ Егер шартта өзгеше көзделмесе, мердігер тапсырысшының тапсырмасын орындау әдістерін дербес айқындайды.

Мердігерлік шартының жекелеген түрлеріне тұрмыстық мердігерлік, құрылыс мердігерлігі, жобалау немесе іздестіру жұмыстарына мердігерлік, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерлік жатады және ҚР АК – нің ережелері қолданылады.

Мердігерлік шартының жекелеген түрлері бойынша қатынастар осы Азаматтық Кодекспен қатар мердігерлік шартының жекелеген түрлері туралы заң актілерімен де реттеледі.

Жұмысты мердігердің қарамағында орындау

Егер шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс мердігердің қарамағында: соның материалдарымен, күштерімен және қаражатымен орындалады. Мердігер өзі берген материалдар мен жабдықтардың сапасы лайықсыз болғаны үшін, сондай-ақ үшінші тұлғалардың құқықтары қосылған материалдар мен құралдарды бергені үшін жауапты болады.

Материалдардың кездейсоқ жойылу қаупі

Егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, мердігер шартта белгіленген жұмысты тапсыру мерзімі басталғанға дейін материалдардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну қаупін материалдарды берген тарап мойынына алады. Жұмыс нәтижесін беру немесе қабылдау уақытын өткізіп алған кездегі тәуекелді, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, уақытты өткізіп алған тарап мойынына алады.

Тапсырысшыға материалдар мен жабдықтарды қайтарып беру

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 627 – бабының 4-тармағының немесе 635-бабының 3-тармағының негізінде тапсырысшы мердігерлік шарттан бас тартқан жағдайда мердігер тапсырысшы берген материалдарды, жабдықтарды, өңдекге берілген затты және өзге де мүлікті қайтаруға не оларды тапсырысшы атаған тұлғаға беруге, ал егер бұл мүмкін болмаса, материалдар, жабдықтар және тапсырысшыдан алынған өзге де мүлік құнының орнын толтыруға міндетті.

1.2 Бас мердігер және қосалқы мердігер

Егер заң актілерінен немесе шарттан өзгеше туындамаса, мердігер шартты орындауға басқа тұлғаларды (қосалқы мердігерлерді) тартуға құқылы. Мұндай жағдайда мердігер – тапсырысшының алдында бас мердігер, ал қосалқы мердігердің алдында тапсырысшы болады.

Бас мердігер қосалқы мердігердің алдында тапсырысшының міндеттемені орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жауапты, ал тапсырысшының алдында қосалқы мердігердің міндеттемені орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жауапты болады./1.2., 168б./

Егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, тапсырысшы мен қосалқы мердігер бір-бірінші өздерінің бас мердігерімен арадағы шарттарды бұзуына байланысты талаптар қоюға құқығы жоқ.

Бас мердігердің келісімімен тапсырысшы жекелеген жұмыстарды орындауға үшінші тұлғалармен шартт жасасуға құқылы. Мұндай жағдайда үшінші тұлға жұмысты орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін тікелей тапсырысшының алдында жауапты болады.

Егер шарт бір мезгілде екі немесе одан да көп мердігермен жасалса және міндеттеме нысанасы бөлінбейтін болса, мердігерлер тапсырысшыға қатысты ортақтасқан борышқорлар және тиісінше ортақтасқан кредит берушілер болып танылады. Міндеттеме нысанасы бөлінетін жағдайда, сондай-ақ заң актілерінде немесе тараптардың келісімінде көзделген басқа да жағдайларда мердігерлердің әрқайсысы құқықтарға ие болып, тапсырысшыға қатысты өз үлесінің шегінде міндеттемелерді мойнына алады.