Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
алматы111.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
174.08 Кб
Скачать

4.Жоба өзектілігі:

Қазіргі ақпараттық ғасыр заманында жасөспірімдеріміздің дамып келе жатқан ағзаларына зиянды түрлі компьютерлік ойындармен уақыттарын өткізуде. Біздің ұсынып отырған тақырыбымыздың өзектілігі сол –ханталапай қазақтың бұрыннан келе жатқан ұлттық ойындарының бірі.Өкінішке орай бұл ойын қазіргі кезде біртіндеп ұмытылып бара жатыр,сол ойынды қайта жаңғырту мақсатында жас жеткіншектеріміздің даму қабілеттеріне пайдамызды тигізу. Ханталапай ойыны жас жекіншектерді жылдамдыққа, қырағылыққа, оның саусақтарын ғана қимылдатып қоймай, баланың маторикасын дамытуда көмегі зор.

5.Жобаның мақсаты мен міндеттері:

Жас жеткіншектерді жылдамдыққа, қырағылыққа және ойлау қабілетін жетілдіру мақсатында ұлттық үлгідегі ойынды жасап шығару.

6.Зерттеу объектісі:

Жас балаларға арналған ханталапай ұлттық ойыны.

7.Жобаның сипаттамасы(негізгі бөлім):

Ханталапай жобасын жүзеге асыру үшін негізгі өнім асық болып табылады.

Қазақстанның ішкі нарығында асык өнімін қабылдап, оны санитарлық талаптарға сәйкес өдеп, және оны ұлттық нақышта рәсімдеп шығару. Қорапта ішінде 3 үш тілде ойын ережесі салынады.Тауарды жылжыту және жарнамалау әр түрлі БАҚ арқылы жүргізеді. Тауардың негізгі тұтынушылары болып мектепке дейінгі және мектептегі төменгі сынып оқушылары болып табылады. Балалардың патриоттық сезімдерін ояту мақсатында Ханталапай ойынындағы асықтардың түстері көк және сары түстерге боялады.Асықтарды балалар басқа да (Үш табан, Шеңбер, Қуыспақ. Иірмегүл т.б.) ойындарда пайдалана алады.Ұсынылып отырған ойынды отандық кәсіпкерлер патенттеп оны ары қарай пайда алу мақсатында дамытуды ұсынамыз.

8.Күтілетін нәтиже:

Қазіргі ақпараттық ғасыр заманында еліміздегі жас жеткіншектер түрлі компьютерлік көз жанарларына , жалпы ағзаға зиян ойындарды ойнау үстінде.

Үстелде тапжылмай көп отыру салдарынан арқа омыртқаларына да зиян келуде. Біздің ұсынып отырған жобамыздың мақсаты қазақтың ежелден келе жатқан, бірақ қазіргі таңда ұмытылып бара жатқан ұлттық ойынын қайта жаңғыртып, қазіргі кездегі өсіп келе жатқан жас балаларға ұсыну.Төменде ханталапай ойынының қысқаша ережесі көрсетілген.

Ойынға екеуден 10 адамға дейін қатысады. Асықтың көп болғаны жақсы. Көп асықтың ішінен біреуін қызыл түске бояйды. Сол асық “Хан” деп аталады. Ойынды бастайтын бала асықтың бәрін қос уысына жинап алып, отырған балалардың алдына шашып жібереді. Балалар ханның қалай түскенін бақылап отырады. Егер хан бүк, шік, не тәйке түссе, ойын бастаушы бала ханның түсуіне қарай жақын жатқан асықтарды бас бармақтың көмегі арқылы сұқ саусағымен итере ыршытып, бір-біріне дәл тигізуі қажет. Тигізген асықтарды ол өзіне алады. Асықтарды атқан кезде есепке, дәлдікке, мергендікке жүгінуге тура келеді. Ойын бастаушы баланың қолы басқа асықтарға тисе, сондай-ақ атқан асығы басқа асыққа барып тисе, ойынды келесі бала жүргізеді. Ал хан алшы түссе, балалар жарыса “Ханталапай” деп дауыстап, ханды өз қолына түсіруге тырысады. Хан кімнің қолына түссе, сол бала жеңіске жеткен болып есептеледі. Онда ойынды сол бала қайта бастайды.

Біздің мақсатымыз осы ұсынып отырған жобамыз жерде қалмай отандық инвесторлар мен кәсіпкерлер жобаға өз қаржыларын салып, жобаны іске асырса оның кәсіпкерге алып келетін табысының ықтималдылығы жоғары.Себебі ішкі және сыртқы нарықта бұл ойын түрі жоқ. Бұл ойын түрі бала –бақшалар мен мектептегі төменгі сыныптарында білім алып, тәрбиеленіп жүрген жас жеткіншектердің сүйсіне ойнайтын ойынына айналуна сеніміміз мол.

9