Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
mikro_rub_2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
160.77 Кб
Скачать

6) Инфекция туралы түсінік

Инфекция латынның infectio – жұқтырамын деген сөзінен шыққан (терминді 1842 жылы Хуфеланд деген ғалым ұсынған болатын). Бұл термин бастапқы кезде мерез (сифилис) ауруына ғана қатысты пайдаланылды. Ал «жұқпалы аурулар» деген атауды және оларды жеке топқа бөлуді Р. Вирхов ұсынды. Ол аурудың жасушалардан басталатынын дәлелдеді.

Қазіргі кезде инфекцияға мынандай анықтама берілген. Инфекция – зардапты микробтардың организмге енгенінен соң, олардың өсіп-өнуінің әсерінен организмде пайда болатын биологиялық, химиялық және патологиялық құбылыстардың жиынтығы (жинағы) болып табылады.

Жалпы биологиялық тұрғыдан алғанда инфекция – микро- және макроорганизмдердің тіршілік үшін өзара күресінің белгісі болып табылады. Инфекцияның негізгі заңы: микробсыз инфекция жоқ, микроб инфекцияның негізгі себебі. Инфекцияның дамуы мен соңы едәуір мөлшерде макроорганизмнің қорғаныс күштерінің күйіне байланысты болады. Микро- және макроорганизмдердің өзара әрекеттесулерінің барысы қоршаған ортаның жағдайларына да бағынышты. Осы тұрғыдан алғанда инфекция үш фактордың: микробтың – макроорганизмнің – қоршаған ортаның бір-бірімен өзара әрекеттесуі нәтижесінде пайда болатын күрделі биологиялық процесс. Зардапты микробтың организмге енуі кезінде оған қарсы сан алуан жауап туындайды. Оларды инфекциялық-патологиялық өзгерістер және иммундық қорғаныс процестері деп екі топқа жіктеуге болады. Біріншісі – микробтардың жануарға тигізген зардаптарының тікелей нәтижесі болса, екіншісі организмнің зақымданған ағзаларының қызметі мен құрылысын қалыпты жағдайға келтіруге бағытталған әрекеттері. Осы бір-бірімен тығыз байланысты қарама-қайшы құбылыстар инфекциялық процесс деп аталады және олар жұқпалы аурудың патогенездік мәнін, яғни дерттің дамуын анықтайды. Басқаша айтқанда, инфекциялық (жұқпалы) процесс макроорганизмнің бұзылған гомеостазын және оның сыртқы ортамен тепе-теңдігін қалпына келтіруге бағытталған. Ол негізінде үш түрде байқалады: 1) жұқпалы ауру; 2) микроб алып жүру; 3) иммундеуші субинфекция.

Жұқпалы ауру – инфекциялық процестің ең айқын көрінісі. Алайда кейбір жұқпалы аурулар атиптік түрінде, ал кейде тіпті клиникалық белгілерсіз өтеді (бруцеллез, туберкулез, жылқының жұқпалы анемиясы және т.б.).

Микроб алып жүру деп денесінде микроб болып, ол өніп-өссе де, жануардың ауруға шалдықпауын айтады. Айта кететін мәселе аурудан айыққан адам мен жануарлардың организмінде белгілі бір уақыт аралығында микробтың сақталуы мүмкін. Мұндай организмді микроб тасымалдаушы деп атайды. Бұл екі ұғымды шатастырмау керек Микроб алып жүру жағдайында аурудың клиникалық белгілері байқалмайды және мұндай жануарларды тіпті иммунологиялық тәсілдермен де анықтау оңайға түспейді. Сондықтан микроб алып жүруші малды тек қана бактериологиялық немесе вирусологиялық зерттеулердің көмегімен анықтауға болады.

Иммундеуші субинфекция дегеніміз микробтың өсіп-өнбей, көбеймей өзі тудыратын ауруға қарсы организмнің иммунитетін қалыптастыруы. Мұндай жан-жануарларды иммунологиялық реакциялардың көмегімен анықтауға болады, ал бактериологиялық немесе вирусологиялық зерттеулер, әдетте теріс нәтиже көрсетеді. Иммундеуші субинфекция жұқпалы процесстің табиғатқа кеңінен таралған түрі, мысалы, қарасан ауруына негізінен 4 жасқа дейінгі сиырлар сезімтал келеді. Ал одан жоғары жаста жануарлар иммундеуші субинфекцияның әсерінен бұл ауруға шалдықпайды. Жоғарыда айтылған жұқпалы процестің әр түрінің негізгі ерекшеліктері мен айырмашылықтары төменгі кестеде көрсетілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]