
- •Иммунитет туралы түсінік
- •Микроорганизмдер генетикасы
- •Микроорганизмдердің физиологиясы
- •6) Инфекция туралы түсінік
- •7) Микроорганизмдердің көміртегі қосылыстарын өзгеріске ұшыратуы
- •8) Микроорганизмдердің азотты заттарды өзгеріске ұшыратуы
- •9) Сүт және сүт өнімдерінің микробиологиясы
- •11) Микробтар әлемі
- •12) Қи (көң) микробиологиясы.
- •13)Мал азығы микробиологиясы
- •15) Тері-былғары шикізат микробиологиясы
- •16 )Бактериялар спораларының орналасуы,оның қоздырғыштарда кездесуі
- •17)Микроб жасушаларының құрылысы.
- •18) Қоректік орта түрлері
- •19) Микроорганизмдердің ауада таралуы.
- •20) Саңырауқұлақтар мен ашытқылар
- •22) Вирустар және бактериофагтар курылысы
- •23) Серологиялық реакциялар
- •30) Жұқтыру әдістері
- •31) Микробтардың улары
- •32)Гемагглютинация реакциясы
- •34) Ет жұмыртқа микробиологиясы
- •37) Еттің микробтармен эндогенді ластануы.
22) Вирустар және бактериофагтар курылысы
Вирустар – тірі табиғаттың ең қарапайым, тіршіліктің жасушасыз түрі. Олар жасушадан тыс – вирион және жасуша ішінде - вирус түрлерінде кездеседі. Вирионды капсидпен – протеинді қабықпен қоршалған, құрамында вирус геномы бар нуклеопротеид ретінде қарастыруға болады. Капсид спиралды немесе кубтық симметрия принциптері негізінде қатаң түрде реттелген құрылым. Ол капсомерлер деп аталатын морфологиялық бірлікке жинақталған ассимметриялы полипептидтік молекулалардан құралған. Жасуша ішілік вирус бактериялар тәрізді бинаралық жолмен көбейе алмайды. Сонымен қатар вирустарда нуклеин қышқылдарының тек бір ғана түрі (ДНҚ немесе РНҚ) кездеседі, жасушалық құрылым мен протеин синтездейтін жүйе болмайды. Вирус жасушаның геномына еніп (интеграция), онымен бірге синхронды түрде репликацияланады.
Қарапайым вириондардың құрамына нуклеин қышқылдарының бір түрі – РНК немесе ДНК және протеиндер кіреді. Күрделі вириондардың сыртқы қабығының құрамында липидтер мен полисахаридтер болады
Жасушалы организмдермен салыстырғанда, вирустар метаболизм реакцияларына қатысатын ферменттерді синтездей алмайды. Дегенмен, көптеген вирустардың капсидтерінің құрамында ферменттердің екі тобы кездесіп қалады. Бірінші топқа репликация және транскрипция (ДНҚ- и РНҚ-полимеразалар, теріс транскриптаза, эндо- және экзонуклеазалар) ферменттері, ал екінші топқа вирустың жасушаға енуіне көмек беретін ферменттер (нейраминидаза, лизоцим, АТФаза) жатады.
Вирус репродукциясын адам мен жануарлардың, өсімдіктер мен бактериялардың, насекомдардың жасушаларында бөгде (вирустық) генетикалық мәліметтің іске асуының бірегей үлгісі ретінде қарастыруға болады.
Олардың денесі – басы, құйрығы және іші қуыс тармақталған базальді түтікшелерден тұрады. Вирусты сыртынан нәруыз қабаты қаптайды, ішінде ДНҚ немесе РНҚ болады. Басының мөлшері 40 нм, ал «құйрығының» ұзындығы 20-22 нм-ге тең. «Құйрығының» ұшы – нәруыз молекуласынан тұратын қуыс түтік.
Бактериофагтар (бактерия вирустары) сперматозоид тәріздес пішінде болады. Оның басы мен өсіндісінің капсиді сәйкесінше кубтық және спиралдық симметрия тәртібімен орналасқан полипептидтерден құралған. Кейбір фагтардың өсінділерінің ұшында лизоцим (фермент) өндіріледі. Т2 фагының басында құрамына полиамин (спермин, путресцин) енетін ішкі протеині болады. Бұл протеин ДНҚ молекуласының шиыршықталып (суперспирализация), фагтың кішкене басына сыйып кетуіне себебін тигізеді.
Фагтар бактериялардың ішінде көбейіп (өнімді инфекция), жасуша лизиске ұшыраған соң сыртқа шығады. Сонымен қатар фагтар мен жасушалардың әрекеттесуінің интеграцияланған түрін де байқауға болады.
Ол ұзындығы 60 — 100 нм болатын бас бөлігінен және 100—200 нм таяқша тәрізді құйрықшадан тұрады. Бас бөлігінде бір немесе екі ДНҚ жіпшелері, 3%-тей белок, т.б. заттар болады. Құйрықша жиырылу қабілеті бар спираль тәрізді қаппен оралған ақуызды біліктен тұрады, оның шетіндегі базалды (негізгі) пластинкадан таралған өте жіңішке жіпшелер көмегімен Бактериофагтар басқа денеге беки алады.