
- •1 Шығарылатын бұйым сипаттамасы
- •2 Зауыттың жұмыс тәртібі
- •3 Шикізат материалдарына сипаттама
- •4 Өндірісітің технологиялық тізбегін таңдау және сипаттау(агрегатты - ағымды әдіс)
- •5 Бетон құрамын есептеу
- •6 Зауыттың өндірістік бағдарламасы
- •7 Агрегатты-ағымды әдістің өнімділігін есептеу
- •8 Қосымша объектілерді таңдау және есептеу
- •8.1 Цемент қоймасын есептеу
- •8.2 Ірі толтырғыштар қоймасын жобалау және есептеу
- •8.3 Ұсақ толтырғыштар қоймасын жобалау және есептеу
- •8.4 Бетон араластырғыш цехты есептеу
- •8.5 Қоймадағы дайын өнім есебі
- •8.6 Металл қоймасы
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
4 Өндірісітің технологиялық тізбегін таңдау және сипаттау(агрегатты - ағымды әдіс)
Өндірістің агрегатты-үздіксіз тәсілі кезінде бұйымдарды виброалаңнан, бетон салатын машинадан (бетон салғыш( және оны таратудан тұратын арнайы жабдықталған агрегаттарда қалыптайды. Қалыпталған бұйымдарды көпірлі кранмен жылумен өңдеу камерасына орналастырады. Аяқтаушы кезең – бұйымды камерадан алып шығып,оның қалпын бұзу.
Технологиялық процесс 6 жұмыс постына бөлінеді:
1 –пост – бұйымды қалыптан босату;
2 –пост – қалыпты бетондауға дайындау;
3 –пост – арматураны салу (қарапайым немесе алдын – ала кернеуленетін арматура);
4 –пост – қалыпты бетонмен толтыру және оның нығыздалуы;
5 –пост – жаңадан қалыпталған бұйымды жетілдіру ( тегістеу, өңдеу, артық бетонды алу, салатын бөлшектерді тазалау және т.б.);
6 –пост - ЖЫӨ постысы – қалыпталған бұйымдарды ЖЫӨ камерасына орнату және одан бұйымды алып шығу.
Кейбір операциялар параллель орындалады: қалыптардан босату, даярлау, арматураны салу, қалыптауға. Ол өте иілгіш, кең номенклатуралы, өндіріс алаңының 1 м2 – нан өнім жоғары түсімді.
5 Бетон құрамын есептеу
Бетон маркасы 600 және портландцемент маркасы 500 болатын құрамдар алынды. Құрамдарды ықшамдау бетон біркелкілігін ескере отырып, беріктіктің орташа теңдеуімен жасалды.
1) Қажетті бетон беріктілігіне байланысты С/Ц мына формула бойынша есептеледі
,
(4)
мұндағы Rц – цемент активтілігі;
Rб – бетонның жобалы маркасы;
А – материалдың сапа коэффициенті.
2) Салыстырмалы су шығыны қажетті бетон араласпасының жылжымалылығына және толтырғыш ірілігіне байланысты анықталады. Су шығыны 120л.
3) Цемент шығынын мына формула бойынша есептеледі
,
(5)
мұндағы В – салыстырмалы су шығыны.
4) Шағыл тас шығынын анықтаймыз:
,
(6)
мұндағы Пщ – шағыл тас кеуектілігі;
α – ерітіндімен қиыршық тас түйіршіктерінің араласу коэффициенті;
ρтщ – шағыл тастың төгілмелі тығыздығы;
ρщ – шағыл тастың шынайы тығыздығы.
5) Құм шығынын анықтаймыз
,
(7)
мұндағы Ц, С, Қ және Щ – цемент, су, құм және шағыл тас шығыны;
ρщ , ρп, ρц –цемент, шағыл тас және құмның шынайы тығыздығы.
6) Бетон араласпасының тығыздығын есептейміз
Ц+С+Ш+Қ=279+120+1075+638=2112кг/м3.
9-кесте-Бетон құрамын есептеу
Бетон түрі |
Бетон маркасы |
Конус түсуі, см |
1м³ темірбетон фундаментіне кететін материал шығыны, кг |
Орташа тығыздығы, кг/м³ |
||
цемент |
құм |
шағыл тас |
||||
ауыр |
600
|
5-6 |
279 |
638 |
1075 |
2112 |
МЕСТ 10181.4 бойынша сынақтар бетон араласпасының қабыршақталуы рұқсет етілген шектен аспайтындығын көрсетті.
Орташа тығыздығы мен бетон беріктілігінің біркелкілік көрсеткіштерін МЕСТ 18105.0 талаптарына сай анықтадық.
Барлық маркадағы ауыр бетондардың вариация коэффициенті МЕСТ 13015.0 «Құрама бетон және темірбетон конструкциялары мен бұйымдары» талаптарына сәйкес 9 %-дан аспауы керек. Алынған мәліметтер беріктілігінің біркелкілігі бойынша алынған бетон құрамдары нормативтік талаптарды қанағаттандыратындығын көрсетті.
Шикізат материалдарының шығынын анықтау
Цемент шығыны:
Бетон түрі – ауыр
Технологиясы – агрегатты-ағымды
Бетонның жобалы маркасы- 600
Цемент маркасы - 500
Цемент шығыны, кг/м3 - 279
1м3 бетонға кететін толтырғыш шығыны:
Бетон түрі –конструкционды ауыр
1м3 бетон араласпасының қатаюына кететін су шығыны–120л
1 м3 болат арматурасының шығыны – 1,46 кг
Қоспа-0,135 кг/м3.