- •1 Шығарылатын бұйым сипаттамасы
- •2 Зауыттың жұмыс тәртібі
- •3 Шикізат материалдарына сипаттама
- •4 Өндірістің технологиялық тізбегін таңдау және сипаттау
- •5 Бетон құрамын есептеу
- •6 Зауыттың өндірістік бағдарламасы
- •7 Агрегатты- ағымды технологияның жылдық өнімділігін анықтау
- •8 Қосымша объектілерді таңдау және есептеу
- •8.1 Цемент қоймасын есептеу
- •8.2 Ірі толтырғыштар қоймасын жобалау және есептеу
- •8.3 Ұсақ толтырғыштар қоймасын жобалау және есептеу
- •8.4 Бетон араластырғыш цехты есептеу
- •8.5 Қоймадағы дайын өнім есебі
- •8.6 Металл қоймасы
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
3 Шикізат материалдарына сипаттама
Цемент - Жылу камераларға арналған блокты өндіру үшін сумен өте активті әрекеттесетін үш кальцийлі силикатты (С3S) нормаланған клинкер негізінде дайындалған портдандцементті қолданған жөн. Ол тез қатайып мықтылығын қарқынды дамытады. Осы себепті клинкер С3S көп болған сайын цементтің қатаюы және мықтылығының өсу процестері үдемелі болады. Жылу камераларға арналған блоктар үшін қолданылатын цемент типі: ПЦ 400-Д20.
Мұндағы, Д20 – портландцемент құрамында ең көп деңгейде қосымшаның болуы (20 %);
Н – нормаланған клинкер құрамы негізінде алынған цемент белгісі. Портландцементінің уақыт ұстамдылығы 2 сағаттан ерте болмауы керек.
4- кесте-Цементке қойылатын талаптар
Цемент түрлері
|
Маркасы
|
Қоспа құрамы, % |
||
түйіршік ген шлак
|
активті минералдар |
|||
трепла,опок, диатомит |
басқалары |
|||
жалпы құрылысқа арналған цемент. - портландцемент |
400 |
- |
шығарылмайды |
- |
5- кесте-Цементке сипаттама М400 Д20
Құрамы |
Өлшем бірліктері |
Көрсеткіштері |
илемнің жұмсақтылығы |
% |
25 |
ұнтақтың майдалылығы (ситада қалғаны 008) |
% |
7,6 |
ұстау уақыты: басы соңы |
сағ мин |
2-45 |
мықтылығы: сығу |
МПа |
40,5 |
5-кестенің жалғасы |
||
Иілу |
|
6,7 |
Көлемнің өзгеруі Маркасы |
|
Өзгермейді 400 |
Толтырғыштар
Қиыршық тас – борпылдақ ірі ұсақты тау жынысы. Қиыршық тастың сыртқы беті кедір-бұдыр болып келеді. Сынау кезіндегі құрғақ күйіндегі салмағын жоғалтуы 9-10 болады. Жол жиектері үшін 5-10 мм қиыршықтас фракцияларын қоспасын қолданылады.
Құм - ірілік модулі – 2,5, ρш =2,63 кг/м3,ρт – 1,45 кг/м3.
Ұсақ толтырғыштарға түйіршіктерінің диаметрі 0,14-5мм аралығындағы құм жатады. Құм түйіршіктерінің мөлшері оның стандартты елеуіштер жиынтығынан өткізу арқылы анықталады.
6-кесте-Материалдың физико-механикалық көрсеткіштері
Материалдың атауы |
Төгілмелітығызды, кг/м3 |
Шынайы тығыз, кг/м3 |
Түйіршік саны, % мас. |
Беріктілік маркасыМПа |
Желіну дәрежесі бойыша маркасы,% |
Ірілік модулі |
қиыршық тас |
1,44 |
2,59 |
13,6 |
800-1200 |
И-1 |
- |
құм |
1,45 |
2,63 |
- |
- |
- |
2,5 |
Арматура - Арматура А1 8 ГОСТом 5781-82 d=8мм, l=6 метр сырты жылтыр болаттан жасалған. Қазіргі кезде бүкіл құрылыс материалдарында, асіресе темірбетон конструкцияларында пайдаланылады.
Су – Бетон араласпасын дайындағанда су құбырындағы және кез-келген судың су көрсеткіші 4-тен кем емес көрсететін қышқыл емес, лакмус қағазын қызыл түске боямайтын болу қажет. Су құрамында 2700 кг/л астам сульфат және барлық тұздар 500 кг/л. Судың жарамдылығын күдікті жағдайда бетон араласпасын дайындауда оны салыстыру тәжірибесінде тексеріп көру керек.
Сондай-ақ бетон араласпасын дайындауда теңіз және басқа тұздарды қолдануға болады.
7-кесте-Суға қойылатын талаптар МЕСТ 23732
Көрсеткіш атауы |
Нормасы |
БАЗ құрамында аз болмау керек, мг |
10 |
құрамында қант және фенол аз болмауы керек, мг |
10 |
құрамында жұкпалы қоспалар және майлар ,мг |
Болмайды |
рН көрсеткіші аз болмауы керек |
4 |
құрамында сульфат аспауы керек |
2700 мг/л |
құрамында тұз аспауы керек |
5000 мг/л |
Қалыптарды майлау.
Темірбетон және бетон бұйымдардың сапасына бетонның қалып бетімен ілінісуі әсер етеді. Ілінісуін азайту үшін, қалыпты тазартуды жеңілдету үшін, күнделікті және жоспарлық – сақтық жөндеуді ұтымды ұйымдастыру үшін әр түрлі майламдар қолданылады.
Дұрыс таңдап алынған және жақсы жағылған майлам бұйымның қалпын бұзуды жеңілдетіп, сапалы бет алуға көмектесіп, қалыптың тозуын азайтады.
Қалып бетіне майлам түрлі бүріккіш - пневмопистолеттердің, қармақтардың және т.б. көмегімен жағылады. Жақсы бүркіп, майлам материалының қалыптар қабырғаларына дұрыс жабысуына жету үшін қысымы 3...4 атм. болатын сығылған ауаны қолдану қажет. Автоматты түрде майлау кезінде форманың бүкіл ені бойынша орналасқан форсункалар мен жұмсақ қылды қылсүрткілер қолданады. Майламды әдетте қалып бетон қоспасымен толтырылғанға дейін 15...20 минутта жағылады.
