
- •1 Өлшеу құралдарының анықтамасы мен классификациясы 4
- •3 Сынаулар нәтижелерін өңдеу 13
- •11 Аналогтық тіркеуші аспаптар 108
- •15 Өлшеуіш ақпаратты кодтау 149
- •15.1 Жалпы мәліметтер 149
- •2 Өлшеу құралдарының негізгі сипаттамалары
- •2.1 Өлшеу қателіктері
- •Мұндығы х – өлшеу кезінде алынған мән;
- •Мұндығы х – өлшеу кезінде алынған мән;
- •2.1 Сурет – Абсолютті қателіктің кіріс шамасынан тәуелділігінің графигі.
- •2.2 Көрсетулердің вариациясы.
- •2.3 Сезімталдық
- •Берілген анықтама кіріс сигналдың шығыс шамаға түрленуін бейнелейді.
- •2.4 Тұтынылатын қуат және өқ-ның басқа сипаттамалары
- •3.1 Ықтималдық теориясы бойынша кездейсоқ қателік
- •3.2 Сурет – Нормалды таралу заңының кездейсоқ қателігінің графигі.
- •3.3 Сурет.
- •3.4 Сурет – Бірқалыпты таралу заңы.
- •3.5 Сурет – Трапециялық таралу заңы.
- •3.6 Сурет – Екімодальдық таралу заңы.
- •3.2 Сынау нәтижелерін өңдеу
- •4.1 Жалпы мәліметтер
- •4.2 Өлшеулер классификациясы
- •4.1 Сурет
- •4.3 Электрлік шамаларды өлшеммен салыстыру әдісімен өлшеу.
- •5 Электрлік шамаларды аналогтық аспаптармен өлшеу
- •5.1 Жалпы мәліметтер
- •5.2 Магнитоэлектрлік өлшеуіш механизмдер
- •5.2 Сурет
- •5.3 Сурет
- •5.4 Сурет
- •5.5 Сурет - Шунттың миллиамперметр тізбегіне жалғану схемасы.
- •5.3 Электромагниттік өлшеуіш механизмдер.
- •5.8 Сурет - Электромагниттік частотомердің схемасы.
- •5.4 Электродинамикалық өлшеуіш механизмдер
- •5.5 Ферродинамикалық өлшеуіш механизмдер.
- •5.15 Сурет - Электродинамикалық логометрлік өм частотомері.
- •5.16 Сурет – Логометрлік электродинамикалық механизмді фазометр.
- •5.6 Электростатикалық өлшеуіш механизмдер
- •5.18 Сурет – Электростатикалық өлшеуіш механизмді аспаптың схемасы.
- •6 Айнымалы тоқтың үш фазалық тізбегіндегі активті және реактивті қуатты өлшеу
- •7 Айнымалы тоқты түрлендіруші магнитоэлектірлік жүйе аспаптарымен айнымалы тоқтар мен кернеулерді өлшеу
- •7.1 Түзеткіш жүйенің амперметрлері және вольтметрлері
- •7.1 Сурет - Біржартыпериодты түзеткіш пен өлшеу аспабының схемасы
- •7.2 Сурет – Түзеткіш жүйедегі аспаптарды өлшеу механизмінің негізгі қосу схемасы.
- •7.3 Сурет – Түзеткіш жүйе вольтметрінің схемасы.
- •7.2 Термоэлектрлік жүйенің амперметрлері мен вольтметрлері
- •7 .4 Сурет - термоэлектрлік жүйе аспабының құрылымдық схемасы
- •7.5 Сурет – Термотүрлендіргіштер түрлері.
- •5.6 Сурет – Термобатарея
- •7 .7 Сурет- амперметр схемасы.
- •7.8 Сурет – вольтметр схемасы.
- •8 Электрондық аналогтық аспаптар
- •8.2 Электрондық вольтметрлер
- •8.1 Сурет - Тұрақты тоқ вольтметрінің қарапайым сұлбасы.
- •8.2 Сурет – Сезімталдығы жоғары тұрақты тоқ вольтметрі
- •8.3 Сурет – м – дм күшейткіші бар тұрақты тоқ вольтметрінің сигналдар уақытының диаграммалары.
- •8.4 Сурет – Айнымалы тоқ вольтметрінің құрылымдық схемалары
- •8.5 Сурет – Кірісі ашық амплитудалық шама түрлендіргішінің схемасы және оның уақыттық диаграммалары.
- •8.6 Сурет – Кірісі жабық амплитудалық шама түрлендіргішінің схемасы және уақыттық диаграммалары.
- •8.7 Сурет – Бірқалыпты шкаласы бар әсер етуші шама вольтметр.
- •8.8 Сурет – Диодты-компенсациялық вольтметрдің схемасы.
- •8 .9 Сурет - Әмбебап вольтметрдің құрылымдық схемасы
- •8.10 Сурет импульстік вольтметрдің құрылымдық схемасы.
- •8.11 Сурет – Амплитудалық түрлендіргіштің компенсациялық схемасы.
- •8.3 Жиілікті және фазаны өлшеуге арналған аспаптармен түрлендіргіштер.
- •8.13 Сурет – Кернеу-жиілік түрлендіргішінің құрылымдық схемасы.
- •8.14 Сурет – Жиілікті кернеуді түрлендіретін резонанстық түрлендіргіштің функционалдық схемасы.
- •8.15 Сурет – Фазаны кернеуге түрлендіретін түрлендіргіштің құрылымдық схемасы.
- •8.16 Сурет – Тура қайта көбейтумен параметрлік кқ-ның құрылымдық сұлбасы.
- •8.17 Сурет – Параметрлік жанама кқ-ның құрылымдық сұлбасы.
- •8.18 Сурет - шим-аим базасындағы түрлендіргіштің құрылымдық сұлбасы.
- •8.19 Сурет – Активті қуатты өлшейтін электронды есептеуіштің құрылымдық сұлбасы
- •8.5 Электрондық омметрлер
- •8.7 Электронды-сәулелік осциллографтар
- •Тікбұрышты-координатты компенсатор жұмыс істеуші тоқтардың бір- біріне қатысты фазалық ауытқуларының бұрышы 90- қа тең. 8.4- суретте осындай компенсатордың суреті көрсетілген
- •10.3 Автоматтық компенсаторлар
- •12 Цифрлық өлшеуіш аспаптар
- •13.1 Жалпы мәліметтер
- •13.3 Суреті – Холл түрлендіргішімен теслометрдің құрылымдық схемасы.
- •14 Өлшеуіш ақпараттың берілісі
- •14.1Сурет - тональды модуляция кезіндегі амплитудалық – модулирленген сигнал
- •14.2. Сурет – бір жарты периодты демодулятор схемасы.
- •14.4 Сурет - Жиілікті демодулятор схемасы.
- •14.5 Сурет – Фзалық демодулятор схемасы
- •14.3 Импульсты модуляция.
- •14.7 Сурет – Импульсты модуляцияның уақыт диаграммалары.
- •14.8Сурет – Денгей бойынша бірқалыпты кванттау түрлері.
- •14.9 Сурет – Уақыт бойынша бірқалыпты дискретизация.
- •15.1 Жалпы мәліметтер
- •15.2 Екілік кодтар
- •15.3 Екілік-ондық кодтар
- •15.1 Сурет – Хемминг кубы
3.2 Сынау нәтижелерін өңдеу
Сан түрінде келтірілген соңғы нәтижелер төменде келтірілген тәртіпке сәкес дөңгелектелуі керек.
Ақтық түрдегі қателік бір немесе екі мәнді цифрмен берілуі керек (арнайы дәл өлшеулер үшін).
Өлшеу нәтижесін қателік мәнің разряды қандай болса сондай етіп аяқталатындай қылып дөңгелектеу қажет.
Егер алынып тасталатын үлкен разрядтың цифры 5-тен үлкен немесе тең болса, бірақ одан кейін нольден өзге цифрлар тұрса, онда соңғы қалдырылатын сан бірге жоғарылайды.
Егер алынып тасталатын үлкен разрядтың цифры 5-тен кіші болса, онда қалатын сандар өзгермейді. Тек бүтін разрядтардағы сандар нольмен ауыстырылады, ал ондық бөлшектерде алынып тасталады
Егер алынып тасталатын сан 5-ке тең болса, ал одан кейінгі сандар белгісіз немесе ноль болса, онда соңғы қалатын сан жұп болса өзгертілмейді, ал тақ болса, бірге жоғарылайды.
4 ӨЛШЕУ БІРТҰТАСТЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖҮЙЕСІ
4.1 Жалпы мәліметтер
Өлшеулер біртұтастығы – әртүрлі жерде, әртүрлі уақытта, әрқилы өлшеу құралдарының көмегімен орындалған өлшеу нәтижелерінің салыстырылатындығын қамтамасыз ететін қажетті шарт. Өлшеулер біртұтастығын қамтамасыз ету – идеялар мен нәтижелермен алмасу негізіндегі ғылымның дамуының басты факторы.
Өлшеу біртұтастығы өлшеу құралының біркейіптігімен және өлшеуді орындаудың дұрыс әдістемесімен қамтамасыз етіледі.
Өлшеу құралдарының біркейіптігі – бұл олардың барлығы заңдандырылған бірліктерде градуирленген, ал олардың метрологиялық қасиеттері нормаларға сәйкес болғандағы жағдайы.
Мемлекет ауқымында өлшеу біртұтастығын қамтамасыз ету үшін органдардың тармақталған торабы түріндегі метрологиялық қызмет құрылған, ол Госстандартпен басқарылады.
Барлық қолданылатын өлшеу құралдары кезеңделіп белгіленген түгендеуден (поверка) өтеді.
Өлшеу құралдарының түгенделуі деп метрологиялық органдардың өлшеу құралдарының қателігін анықтауы мен олардың қолдануға жарамдылығын белгілеуі аталады.
Өлшеу құралдарын түгендеу эталонның өлшемдік бірлігін жұмысшы өлшеу құралына беретін көпсатылы тізбегінің бір буыны болып табылады.
Өлшеу құралын түгендеу көптеген жағдайларда оның көрсетулерін едәуір дәл өлшеу құралының көрсетулерімен беттестіру жолымен іске асады.
Түгендеудің басқа әдісі – элементтік, бұнда өлшеу құралдарының қателіктері бөлек элементтердің қателіктері бойынша анықталады. Барлық жағдайларда басқа өлшеу құралдарын түгендеуге бағытталған өлшемдер, өлшеуіш аспаптар және өлшеуіш түрлендіргіштер үлгілік өлшеу құралдары деп аталады.
Метрологиялық бағыты бойынша барлық өлшеу құралдары эталондар, үлгілік және жұмысшы болып бөлінеді.
Эталондар бастапқы, туынды және арнайы болып бөлінеді.
Бастапқы эталон бірлікті елдегі ең жоғары дәлдікпен жаңғырту үшін қолданылады.
Туынды эталондар түгендеу жұмыстарын ұйымдастыру және бастапқы эталонның сақталулығын қамтамасыз ету үшін құрылады.
Арнайы эталон бастапқы эталон қолданыла алмайтын ерекше жағдайларда бірлікті жаңғырту үшін қолданылады. Бастапқы және арнайы эталондар мемлекеттік эталондар ретінде бекітіледі және ел үшін бастапқы болып табылады.
Туынды эталондар эталон куә, эталон көшірме, салыстыру эталоны, жұмысшы эталондар болып бөлінеді. Эталон куә, эталон көшірме, салыстыру эталондары өзара беттестіру үшін арналған.
Эталон куә мемлекеттік эталон сақталулығын тексеру және оның бұзылуы немесе жоғалуы кезінде алмастыру үшін арналған.
Эталон көшірме бірлік өлшемін жұмысшы эталонға беру үшін арналған.
Салыстыру эталоны бір бірімен тікелей беттестіріле алмайтын эталондарды беттестіру үшін арналған (әрқилы елдердің ұлттық эталондарын беттестіру).
Жұмысшы эталон бірлік өлшемін жоғары дәлдікті үлгілік өлшеу құралына беру үшін қолданылады.
Үлгілік өлшеу құралдары бірлік өлшемін эталоннан жұмысшы өлшеу құралына беру үшін арналған. Дәлдік деңгейіне қарай үлгілік өлшеу құралдары разрядтарға бөлінеді.
Дәлдігі бойынша едәуір төмендері өлшеу құралдары болып табылады.
Жұмысшы өлшеу құралдары бірлік өлшемін беруге қатыссыз өлшеулер үшін қолданылады.
Өлшеу бірлігін эталоннан жұмысшы өлшеу құралына беру принциптері мен ережелері түгендеуші схема деп аталатын арнайы метрологиялық құжаттармен регламенттеледі.
Өлшеу қателігінің қатынасын таңдау – түгендеу кезіндегі маңызды тапсырма болып табылады. Әдетте түгенделетін құралдың қателігі жеткілікті дәл және шынайы анықталған деп саналады, егер аспапты немесе өлшемді өлшеудің үлгілік құралының қателігі 10 есе аз болса.
Тәжіртбе жүзінде көбінесе 1:5, 1:4 және 1:3 қатынасы қолданылады. Минимал мүмкін деп 1:3 қатынасы саналады.
Егер үлгілік аспап дәлдік класы бойынша таңдалса, онда өлшеу шектері түгендеуші аспаппен келісілуі қажет. Үлгілік аспаптың өлшеу шегі түгенделуші өлшеу шегіне тең немесе одан сәл үлкен болуы қажет.
Өлшеумен, оның біртұтастығын қамтамасыз ету әдістері мен құралдарымен және қажетті дәлдікке жету тәсілімен метрология ғылымы айналысады.