Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекц МСИ Каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
20.13 Mб
Скачать

2.1 Сурет – Абсолютті қателіктің кіріс шамасынан тәуелділігінің графигі.

1 түзуінің теңдеуі а және в коэффициенттерімен өрнектелуі мүмкін

;

мұндағы а – аддитивтік қателіктің шектік мәні;

b – мультипликативтік қателіктің шектік мәні.

Аддитивтік қателіктің көздері:

- өлшеуіш механизм тіреулеріндегі үйкелістер;

- санаудың дәлсіздігі;

- дрейф;

- туралаулар;

- вибрация.

Аспап өлшей алатын шаманың ең кіші мәні аддитивтік қателікке тәуелді.

Мультипликативтік қателіктің көздері – әсер етуші шамалардың өлшеу құралдарының элементтері мен түйіндеріне ықпалы.

МЕСТ 8.401-ге сәйкес өлшеу құралдарына анықталған дәлдік кластары берілген.

Өлшеу құралының дәлдік класы деп жіберілетін, негізгі және қосалқы қателіктердің шегімен анықталған оның жалпыланған сипаттамасы аталады.

Өлшеу құралдарының дәлдік класы санмен немесе бөлшекпен берілуі мүмкін.

Егер аспап қателігінің аддитивтік құраушысы мультипликативтіктен көп болса, онда аспаптың абсолютті және келтірілген қателіктері шкаланың кез келген нүктесінде тұрақты болып шығады. Бұндай аспаптарда дәлдік класы : (1; 1,5; 2,5; 4; 5; 6)10n қатарынан таңдалатын бір санмен беріледі, мұндағы n = 1; 0; -1; -2; -3; және т.с.с. бұл жағдайда аспаптың шкаланың жұмысшы диапазонындағы %-пен берілген негізгі және келтірілген қателіктер дәлдік класына сәйкес келетін мәннен асып түспеуі керек. Оларға аналогтық, көрсетуші және тіркеуші аспаптардың көбісі жатады.

Қателіктің аддитивтік және мультипликативтік құраушылары бірдей өлшенетін өлшеу құралдарының дәлдік класы екі санмен белгіленеді (0,1/0,05).

Сонда негізгі салыстырмалы қателік мәндерінің шектері келесі формуламен анықталады:

;

мұндағы Хк – өлшеудің модулі бойынша үлкен шегі;

с және d – сәйкесінше аддитивтік және мультипликативтік қателіктердің дәлдік класын белгілейтін тұрақты оң сан.

Сонымен қатар, өлшеудің шамасы берілген шарттарда күтілетін қателіктен едәуір үлкен дөрекі қателігі бар. Өлшеудің дөрекі қателігі бар нәтижесін әбес (промах) деп атайды.

2.2 Көрсетулердің вариациясы.

Көрсетулердің вариациясы – өлшеу шамасының бір мәніндегі және көрсеткіштің ақиқат белгіге солдан және оңнан жақындауындағы аспап көрсетуінің ең үлкен айырымы. Ол шамамен үйкелістен болатын қателігінің екі еселенген мәніне тең және процентпен беріледі:

;

мұндағы кіріс шамасының бір мәнінде.

2.3 Сезімталдық

Өлшеуіш аспаптар мен өлшеуіш түрлендіргіштердің сезімталдығы – шығыс шамалардың кіріс шамаларынан туындысы.

Электронды-өлшеуіш аспаптар үшін формула келесі түрде берілген :

;

мұндағы l – көрсеткіш стрелкасының орын ауыстыруы;

x - өлшенуші шама.

Егер аспап сезімталдығы тұрақты болса:

.

онда оны келесі формуламен анықтауға болады:

Бұл теңдеуден шығыс шама үшін анықтаманы шығаруға болады:

.

Берілген анықтама кіріс сигналдың шығыс шамаға түрленуін бейнелейді.

Соңғы теңдіктен қарама-қарсы түрленуді алуға болады:

;

мұндағы - аспап тұрақтысы деп аталады (аспап шкаласының бөліктерінің бағасы). Берілген шамамен көпшектік аспаптармен және өлшеуіш аспаптармен жұмыс істегенде жиі қолданады.

Өлшеуіш аспаптың сезімталдық шегі – бұл аспап көрсетуінің аз ғана өзгеруіне икемді өлшеуші шама мәнінің ең кіші өзгеруі.

Электрондық аспаптар үшін – бұл санаудың басына келтірілген мүмкін қабілет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]