Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекц МСИ Каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
20.13 Mб
Скачать

8 Электрондық аналогтық аспаптар

8.1 Жалпы түсініктер

Электрондық аналогтық өлшеуіш аспапиарда негізгі желілер түрлі электромагниттік қалпына келтірушілер және басқа да арнайы электрондық қондырғылар болып табылады. Электрондық аспаптардың шығыс қондырғылары ретінде магнитоэлектрлік механизмдер мен электронды сәулелік түтіктер (осциллографтар, спектр анализаторлары) қолданылады.

Электрондық аналогтық аспаптар параметрлер өлшеуі мен белгілер мен сипаттамаларына арналған. Бұлар вольтметрлер, осциллографтар, частотомерлер, фазометрлер, спектр анализаторлары.

Параметрлер және сипаттамалар, активті және пассивті, екі және төрт полюсниктерді өлшеу үшін кедергі, сыйымдылық, индуктивтік өлшеуіштерін қолданады.

Аналогтық аспаптарға электрондық машиналар және транзисторлар параметрлерін өлшеуге арналған аспаптар жатады.

Бұрынғы СССР-де шығарылатын электрондық аспаптардың көбісі өлшеу сипаттамасы мен өлшенетін зат көлемі түріне байланысты, орыс алфавитінің жазба әріптерімен белгіленетін 20 топқа бөлінеді. Әр топ рет-ретімен араб цифрасымен белгіленетін бірнеше түрлерден тұрады. Бір түрді құрайтын құралдар реттік сандары бар типтерге бөлінеді. Тип саны түр санынан сызықша арқылы бөлінеді.

Кейбір топтар мен түрлер аспаптарының белгіленуі төменде көрсетіледі.

В тобы (орысша) – қысымды өлшеуге арналған аспаптар.

В2 – тұрақты тоқ вольтметрлері;

В3 – айнымалы тоқ вольтметрлері;

В4 – импульстік тоқ вольтметрлері;

В7 - әмбебап вольтметрлері.

Г тобы - өлшеуіш генераторлары

Г3 – НЧ үндестік белгілерінің генераторы;

Г4 - ВЧ үндестік белгілерінің генераторы;

Г5 –импульстер генераторы.

Е тобы – бағытты параметрлі тізбектер компоненттері параметрлерін өлшеуге арналған аспаптар.

Е3 – индуктивтілік өлшеуіштер;

Е6 – кедергі өлшеуіштері;

Е7 – сыйымдылық өлшеуіштері.

С тобы – спектр және белгі пішіндерін зерттеу, өлшеу және бақылау аспаптары.

С1 – әмбебап осциллографы;

С7 – остробоскопиялық, жылдамдық осциллографтары.

Ф тобы – жиілік өлшеуіш аспаптары

Ч3 – электронды-есептегіш частотомер.

Бірнеше физикалық көлемдерді өлшеуге арналған аралас аспаптарды белгілеуде топтың негізгі белгілеуінде К әрпін үстемелеуге жол беріледі.

Модернизацияланған аспаптар өзінің бұрынғы белгісін сақтайды, бірақ тип нөмірінен кейін орыс алфавитінің жазба әрпі қосылады.

а – бірінші модернизация

б – екінші және т.б.

Мысалы: В2 – 25 – тұрақты тоқ вольтметрі, тип (модель 25)

ЭТАК-ке (электроөлшеуіш техника аспаптарының агрегаттық кешені) жататын электрондық аспаптарда басқаша маркировка электроөлшеуіш аспаптарының техникалық сипаттамалары МЕСТ 22261 болып белгіленеді.

8.2 Электрондық вольтметрлер

Электрондық вольтметрлерде өлшеуіш өзгергіш кернеу аналогтық электрондық қондырғылар көмегімен тұрақтыға айналады. Ол кернеу бірліктеріне шкалалармен магнитоэлектірлік ӨМ-ге беріледі. Электрондық вольтметрлерде жоғары сезімталдық пен өлшенген кернеудің кең диапазоны (10-9 -нен 10-12 В-ке дейін), сондай-ақ, үлкен кіріс кедергісі (1 ден көп МОм) мен үлкен жиілік диапазоны бар.

8.2.1 Тұрақты тоқ вольтметрлері. Тұрақты тоқ вольтметрінің қарапайым сызбасы 8.1.суретте көрсетілген. Өлшенуші кернеу UХ резистордағы көмекші жоғары омды бөлшектегіш тәрізді кіріс қондырғысына беріледі. Бөлшектегіштен кернеуге беріледі, тұрақты тоқты күшейткіш кірісіне және т.с.с. одан өлшегіш механизмге беріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]