Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекц МСИ Каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
20.13 Mб
Скачать

5.15 Сурет - Электродинамикалық логометрлік өм частотомері.

Қозғалмайтын А орамасын, қозғалмалы Б2 орамасын және R2, L2, C2 элнменттерін таңдау арқылы тізбекте резонансты кернеуді алады. Ол частотомердің өлшеу диапазонының орта мәніне тең.

Частотомердің тар диапазонында 45  55 Гц, 450  550 Гц және т. б; 1,0; 1,5 дәлдік класымен өлшеу үшін шығарылады .

Фазометрлерде де логометрлік электродинамикалық механизмді қолдануға болады. ӨМ қосылу схемасы 5.16 суретте көрсетілген.

5.16 Сурет – Логометрлік электродинамикалық механизмді фазометр.

Егер I1 = I2, ал I1 және I2 тоқтары арасындағы фазалық жылжу логометрлік механизмнің қозғалмалы орамалар арасындағы бұрышқа тең болса, онда аспаптың қозғалмалы бөлігінің ауытқу бұрышы тоқпен жүктеме Z кернеу арасындағы фазалық ауытқуға тең болады.

Аспаптың шкаласы бұрыш немесе cos мәндерінде градуирленген.

Өлшеу диапазонының бұрыш 0 ден 90 дейін, 0  360 және cos 0 ден 1 дейін орын ауыстыра алатын аспаптар ретінде шығарылады. Дәлдік класы 0,2; 0,5; жұмыс жиілігі 50 Гц.

5.6 Электростатикалық өлшеуіш механизмдер

Электростатикалық өлшеуіш механизмнің жұмыс істеу принципі екі немесе бірнеше зарядталған өткізгіштердің әсерлесуінде негізделген. Сол себептен берілген механизмдер басқа жүйелерге қарағанда, қозғалмалы бөліктің орын ауыстырылуы қосылған кернеу әсерінен орындалады.

5.17 суретте берілген механизмнің бір түрі көрсетілген.

1 – қозғалмалы металл пластиналар жүйесі; 2 – қозғалмайтын металл пластиналар жүйесі

Егер қозғалмалы және қозғалмайтын пластиналарға кернеу қосса, онда олар қарама-қарсы зарядталған заряд болады. Сондықтан қозғалмалы пластиналар қозғалмайтын пластиналарға тартылады. Айналу моменті келесі формулаға тең болады:

;

мұндағы WЭ– электростатикалық өрістің энергиясы;

С – қозғалмалы және қозғалмайтын пластиналар арасындағы электр сыйымдылығы;

U – қозғалмалы және қозғалмайтын пластиналар арасындағы кернеу;

Егер өлшенетін кернеу тұрақты болса, онда айналу моменті келесі формулаға тең болады:

.

Егер кернеу заңымен өзгерсе, онда орташа айналу моменті төмендегідей анықталады:

;

мұндағы – кернеудің әсер етуші мәні.

Қозғалмалы бөліктің бұрылу бұрышы:

.

Бұл теңсіздіктен қозғалмалы бөліктің ауытқу бұрышымен кернеу арасындағы тәуелділік сызықты емес. Қозғалмалы бөліктің бұрылысы айнымалы және тұрақты кернеу кезінде бірдей және бұл кернеудегі әсер етуші мән тұрақты тоқ мәніне тең.кернеуден ауытқу бұрышының сызықты тәуелділігі диапазонының үлкен бөлігі үшін кездейсоқ пішінді қозғалмалы пластиналарды жасау арқылы алады.

Жетістіктері :

- өлшенетін тізбекте аз меншікті қуат қорегі бар;

- тұрақты тоқ кезінде қоректену қуаты нолге тең;

- сигнал түрлерінде жиілік және температураның әсері аз;

- магнит өрісінің әсері жоқ;

- үлкен, ауыр, қымбат, үлкен қуатпен қоректенетін қосымша резисторлармен өлшеуіш трансформаторларды қолданбай, жоғары кернеулерді (жүздеген киловольт) өлшеу үшін вольтметр жасауға болады.

Кемшіліктері :

- аз сезімталдық;

- сыртқы электростатикалық өрістердің әсері.

Электростатикалық өлшеуіш механизмге негізделген вольтметрлер. Өлшеуіш кернеу өлшенетін механизмге беріледі. Әртүрлі өлшеу шектерінде вольтметрлердің өлшеуіш механизмнің коәртүрлі конструкциясы болады.

Кіші және орта кернеуге вольтметрлерде пластиналар арасындағы ауа кертігі аз. Сондықтан байқаусызда болған соққы немесе селкілдету кезінде пластиналарда және өлшеу кернеуінің көзінде қысқа түйісу қаупі бар. Оны болдырмау үшін вольтметрдің ішіне қорғаныс резисторы орналастырылады. Ондай аспаптың схемасы 5.18 суретте көрсетілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]