Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекц МСИ Каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
20.13 Mб
Скачать

5.2 Сурет

5.3 суретте магнитоэлектрлік өлшеуіш механизмнің структуралық схемасы көрсетілген

5.3 Сурет

1 – тұрақты магнит; 2 – магнитоөткізгіш; 3 – полюстік ұштықтар; 4 – қозғалыссыз өзек;5 – спиральдік серіппе; 6 – қозғалмалы катушка; 7 – магниттік шунт; 8 – көрсеткіш

Қозғалыссыз өзек пен полюстік магниттер арасындағы ауалық саңылауда бірқалыпты радиал магниттік өріс пайда болады.

6 механизмінің қозғалмалы бөлігі – алюминийден жасалған тірекке оралған жұқа мыс сымнан тұратын тікбұрышты формалы катушка болып табылады. Ол ауалық саңылаудың магниттік өрісінде айнала алады. Шкалалы стрелка немесе көрсеткіш есеп беру құрылғысын құрайды. Магниттік шунт механизмнің ауалық саңылауындағы магнит индукциясын реттеуге арналған.

Өлшеуіш ток рамка орамаларына кері әсер моментін тудыру үшін арналған екі тартпа немесе спиральдік серіппе арқылы келтіріледі. Кері әсер моменті:

Қозғалмалы катушканы іліктіретін электромагниттік өрістің энергиясы

;

мұндағы - қозғалмалы катушканың ағын ілінісі;

В – ауалық саңылаудағы индукция;

S – катушканың активті ауданы;

w – катушка орамаларындағы орамдар саны;

 - катушканың бұрылу бұрышы;

Лездік айналдырушы момент мына формуламен анықталады:

Егер ток синусоидалық ( ) болса, онда лездік айналдырушы момент:

Осы формулаға сай орташа айналдырушы момент бұл жағдайда 0 тең.

Бірақ осы формулаға сәйкес механизм жұмысы ток жиілігінен және меншік толқулар жиілігінен тәуелді (мұндағы ). Магнитоэлектрлік механизмдері бар өлшеуіш аспаптардың меншік толқулар жиілігі шамамен 1 секундқа тең. Яғни 10 Гц артық жиілікпен кіріс шаманың кез келген амплитудасында сигналды өлшеуде қозғалмалы бөліктің ауытқуы 0 тең. 10 Гц-тен төмен жиілікте қозғалмалы бөлік кіріс токтарының жиілігімен тербеледі. Сондықтан магнитоэлектрлік механизмдерді аспаптар тек тұрақты ток тізбегінде қолданады.

Тұрақты токтың өлшеуіш механизм арқылы өтуі кезінде айналдырушы момент:

Кері әсер моменті өлшеуіш механизмде серіппелі элементпен тудырылады, сонда тепе-теңдік шарты келесі түрде болады:

немесе

.

Сонда қозғалмалы рамканың ауытқу бұрышы

;

мұндағы - өлшеуіш механизмнің токка сезімталдығы.

В, магниттік индукция ауалық саңылауда тұрақты, сондықтан аспап шкаласы бірқалыпты.

Логометр түріндегі магнитоэлектрлік механизмдер кең қолданылады.

Логометрлер – бұл электрлік және электрлік емес шамалардың функциясы болып табылатын екі электрлік шаманың бөлінуінің есептік операциясын іске асыратын аспаптар.

Басты түрде логометрлер параметрлік электрлік шамаларды (омметрлер, генриметрлер, фарадметрлер, герцметрлер) өлшеу үшін қолданылады.

Логометрлерде магнитоэлектрлік механизмнің қозғалмалы бөлігі орамалары бойынша I1 және I2 токтары өтетін бір бірімен қатаң бекітілген екі катушкадан құралған. Магнитті өрістің М1 және М2 моменттері бір біріне қарама қарсы бағытталған.

Өзектер мен полюстік ұштықтарының формасы ауалық саңылаудағы индукция бірқалыпты емес және радиал емес бағытталған болатындай етіп таңдалады.

5.4-суретте магнитоэлектрлік жүйенің логометрлік механизмінің құрылымы көрсетілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]