
- •1 Өлшеу құралдарының анықтамасы мен классификациясы 4
- •3 Сынаулар нәтижелерін өңдеу 13
- •11 Аналогтық тіркеуші аспаптар 108
- •15 Өлшеуіш ақпаратты кодтау 149
- •15.1 Жалпы мәліметтер 149
- •2 Өлшеу құралдарының негізгі сипаттамалары
- •2.1 Өлшеу қателіктері
- •Мұндығы х – өлшеу кезінде алынған мән;
- •Мұндығы х – өлшеу кезінде алынған мән;
- •2.1 Сурет – Абсолютті қателіктің кіріс шамасынан тәуелділігінің графигі.
- •2.2 Көрсетулердің вариациясы.
- •2.3 Сезімталдық
- •Берілген анықтама кіріс сигналдың шығыс шамаға түрленуін бейнелейді.
- •2.4 Тұтынылатын қуат және өқ-ның басқа сипаттамалары
- •3.1 Ықтималдық теориясы бойынша кездейсоқ қателік
- •3.2 Сурет – Нормалды таралу заңының кездейсоқ қателігінің графигі.
- •3.3 Сурет.
- •3.4 Сурет – Бірқалыпты таралу заңы.
- •3.5 Сурет – Трапециялық таралу заңы.
- •3.6 Сурет – Екімодальдық таралу заңы.
- •3.2 Сынау нәтижелерін өңдеу
- •4.1 Жалпы мәліметтер
- •4.2 Өлшеулер классификациясы
- •4.1 Сурет
- •4.3 Электрлік шамаларды өлшеммен салыстыру әдісімен өлшеу.
- •5 Электрлік шамаларды аналогтық аспаптармен өлшеу
- •5.1 Жалпы мәліметтер
- •5.2 Магнитоэлектрлік өлшеуіш механизмдер
- •5.2 Сурет
- •5.3 Сурет
- •5.4 Сурет
- •5.5 Сурет - Шунттың миллиамперметр тізбегіне жалғану схемасы.
- •5.3 Электромагниттік өлшеуіш механизмдер.
- •5.8 Сурет - Электромагниттік частотомердің схемасы.
- •5.4 Электродинамикалық өлшеуіш механизмдер
- •5.5 Ферродинамикалық өлшеуіш механизмдер.
- •5.15 Сурет - Электродинамикалық логометрлік өм частотомері.
- •5.16 Сурет – Логометрлік электродинамикалық механизмді фазометр.
- •5.6 Электростатикалық өлшеуіш механизмдер
- •5.18 Сурет – Электростатикалық өлшеуіш механизмді аспаптың схемасы.
- •6 Айнымалы тоқтың үш фазалық тізбегіндегі активті және реактивті қуатты өлшеу
- •7 Айнымалы тоқты түрлендіруші магнитоэлектірлік жүйе аспаптарымен айнымалы тоқтар мен кернеулерді өлшеу
- •7.1 Түзеткіш жүйенің амперметрлері және вольтметрлері
- •7.1 Сурет - Біржартыпериодты түзеткіш пен өлшеу аспабының схемасы
- •7.2 Сурет – Түзеткіш жүйедегі аспаптарды өлшеу механизмінің негізгі қосу схемасы.
- •7.3 Сурет – Түзеткіш жүйе вольтметрінің схемасы.
- •7.2 Термоэлектрлік жүйенің амперметрлері мен вольтметрлері
- •7 .4 Сурет - термоэлектрлік жүйе аспабының құрылымдық схемасы
- •7.5 Сурет – Термотүрлендіргіштер түрлері.
- •5.6 Сурет – Термобатарея
- •7 .7 Сурет- амперметр схемасы.
- •7.8 Сурет – вольтметр схемасы.
- •8 Электрондық аналогтық аспаптар
- •8.2 Электрондық вольтметрлер
- •8.1 Сурет - Тұрақты тоқ вольтметрінің қарапайым сұлбасы.
- •8.2 Сурет – Сезімталдығы жоғары тұрақты тоқ вольтметрі
- •8.3 Сурет – м – дм күшейткіші бар тұрақты тоқ вольтметрінің сигналдар уақытының диаграммалары.
- •8.4 Сурет – Айнымалы тоқ вольтметрінің құрылымдық схемалары
- •8.5 Сурет – Кірісі ашық амплитудалық шама түрлендіргішінің схемасы және оның уақыттық диаграммалары.
- •8.6 Сурет – Кірісі жабық амплитудалық шама түрлендіргішінің схемасы және уақыттық диаграммалары.
- •8.7 Сурет – Бірқалыпты шкаласы бар әсер етуші шама вольтметр.
- •8.8 Сурет – Диодты-компенсациялық вольтметрдің схемасы.
- •8 .9 Сурет - Әмбебап вольтметрдің құрылымдық схемасы
- •8.10 Сурет импульстік вольтметрдің құрылымдық схемасы.
- •8.11 Сурет – Амплитудалық түрлендіргіштің компенсациялық схемасы.
- •8.3 Жиілікті және фазаны өлшеуге арналған аспаптармен түрлендіргіштер.
- •8.13 Сурет – Кернеу-жиілік түрлендіргішінің құрылымдық схемасы.
- •8.14 Сурет – Жиілікті кернеуді түрлендіретін резонанстық түрлендіргіштің функционалдық схемасы.
- •8.15 Сурет – Фазаны кернеуге түрлендіретін түрлендіргіштің құрылымдық схемасы.
- •8.16 Сурет – Тура қайта көбейтумен параметрлік кқ-ның құрылымдық сұлбасы.
- •8.17 Сурет – Параметрлік жанама кқ-ның құрылымдық сұлбасы.
- •8.18 Сурет - шим-аим базасындағы түрлендіргіштің құрылымдық сұлбасы.
- •8.19 Сурет – Активті қуатты өлшейтін электронды есептеуіштің құрылымдық сұлбасы
- •8.5 Электрондық омметрлер
- •8.7 Электронды-сәулелік осциллографтар
- •Тікбұрышты-координатты компенсатор жұмыс істеуші тоқтардың бір- біріне қатысты фазалық ауытқуларының бұрышы 90- қа тең. 8.4- суретте осындай компенсатордың суреті көрсетілген
- •10.3 Автоматтық компенсаторлар
- •12 Цифрлық өлшеуіш аспаптар
- •13.1 Жалпы мәліметтер
- •13.3 Суреті – Холл түрлендіргішімен теслометрдің құрылымдық схемасы.
- •14 Өлшеуіш ақпараттың берілісі
- •14.1Сурет - тональды модуляция кезіндегі амплитудалық – модулирленген сигнал
- •14.2. Сурет – бір жарты периодты демодулятор схемасы.
- •14.4 Сурет - Жиілікті демодулятор схемасы.
- •14.5 Сурет – Фзалық демодулятор схемасы
- •14.3 Импульсты модуляция.
- •14.7 Сурет – Импульсты модуляцияның уақыт диаграммалары.
- •14.8Сурет – Денгей бойынша бірқалыпты кванттау түрлері.
- •14.9 Сурет – Уақыт бойынша бірқалыпты дискретизация.
- •15.1 Жалпы мәліметтер
- •15.2 Екілік кодтар
- •15.3 Екілік-ондық кодтар
- •15.1 Сурет – Хемминг кубы
МАЗМҰНЫ
1 Өлшеу құралдарының анықтамасы мен классификациясы 4
2 ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ 7
2.1 Өлшеу қателіктері 7
2.2 Көрсетулердің вариациясы 10
2.3 Сезімталдық 11
2.4 Тұтынылатын қуат және ӨҚ-ның басқа сипаттамалары 12
3 Сынаулар нәтижелерін өңдеу 13
3.1 Ықтималдық теориясы бойынша кездейсоқ қателік 13
3.2 Сынау нәтижелерін өңдеу 18
4 ӨЛШЕУ БІРТҰТАСТЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК ЖҮЙЕСІ 19
4.1 Жалпы мәліметтер 19
4.2 Өлшеулер классификациясы 20
4.3 Электрлік шамаларды өлшеммен салыстыру әдісімен өлшеу 23
5 ЭЛЕКТРЛІК ШАМАЛАРДЫ АНАЛОГТЫҚ АСПАПТАРМЕН ӨЛШЕУ 26
5.1 Жалпы мәліметтер 26
5.2 Магнитоэлектрлік өлшеуіш механизмдер 28
5.3 Электромагниттік өлшеуіш механизмдер 33
5.4 Электродинамикалық өлшеуіш механизмдер 37
5.5 Ферродинамикалық өлшеуіш механизмдер 39
5.6 Электростатикалық өлшеуіш механизмдер 45
5.7 Индукциондық өлшеуіш механизмдер 48
6 АЙНЫМАЛЫ ТОКТЫҢ ҮШФАЗАЛЫҚ ТІЗБЕКТЕРІНДЕГІ
АКТИВТІ ЖӘНЕ РЕАКТИВТІ ҚУАТТЫ ӨЛШЕУ 52
7 АЙНЫМАЛЫ ТОКТАР ПЕН КЕРНЕУЛЕРДІ АЙНЫМАЛЫ
ТОКТЫ ТҮРЛЕНДІРГІШІ БАР МАГНИТОЭЛЕКТРЛІК
ЖҮЙЕНІҢ АСПАПТАРЫМЕН ӨЛШЕУ 55
7.1 Түзетуші жүйенің амперметрлері мен вольтметрлері 55
7.2 Термоэлектрлік жүйенің амперметрлері мен вольтметрлері 59
8 ЭЛЕКТРОНДЫҚ АНАЛОГТЫҚ АСПАПТАР 62
8.1 Жалпы мәліметтер 62
8.2 Электрондық вольтметрлер 63
8.3 Жиілік пен фазаны өлшеуге арналған аспаптар мен түрлдендіргіштер 74
8.4 Электрондық ваттметрлер және активті энергия счетчиктері 76
8.5 Электрондық омметрлер 80
8.6 Сыйымдылықты, индуктивтікті, сенімділікті өлшеуге
арналған аспаптар 82
8.7 Электронды-сәулелік осциллографтар 84
9 МОСТТЫҚ СХЕМАЛАР 87
9.1 Жалпы мәліметтер 87
9.2 Өлшеуіш мосттардың схемалары 90
9.3 Өлшеуіш мосттардың сезімталдығы 92
9.4 Өлшеуіш мосттардың қателігі 93
9.5 Тұрақты ток мосттары 94
9.6 Автоматтық мосттар 97
10 ТҰРАҚТЫ ЖӘНЕ АЙНЫМАЛЫ ТОК КОМПЕНСАТОРЛАРЫ 99
10.1 Тұрақты ток компенсаторлары 99
10.2 Айнымалы ток компенсаторлары 100
10.3 Автоматтық компенсаторлар 103
11 Аналогтық тіркеуші аспаптар 108
12 ЦИФРЛЫҚ ӨЛШЕУІШ АСПАПТАР 114
12.1 Жалпы мәліметтер 114
12.2 Кезектеп санайтын цифрлық өлшеуіш құрылғылар 115
12.3 Кезектеп жақындау цифрлық өлшеуіш құрылғылары 123
12.4 Оқып алу цифрлық өлшеуіш құрылғылары 125
13 МАГНИТТІК ШАМАЛАРДЫ ӨЛШЕУ 126
13.1 Жалпы мәліметтер 126
13.2 Магнит индукциясын, магнит ағынын және магнит өрісінің
кернеулігін өлшеу 127
13.3 Магнит өрісінде гальваномагниттік түрлендіргішті
қолданып өлшеу 130
14 ӨЛШЕУІШ АҚПАРАТТЫ БЕРУ 133
14.1 Өлшеуіш ақпаратты берудің негізгі принциптері 133
14.2 Гармоникалық сигналдардың модуляциясы 134
14.3 Импульстік модуляция 141
14.4 Үздіксіз шамалардың деңгей бойынша дискретизациясы 144
14.5 Уақыт бойынша дискретизация 145
15 Өлшеуіш ақпаратты кодтау 149
15.1 Жалпы мәліметтер 149
15.2 Екілік кодтар 149
15.3 Екілік-ондық кодтар 152
15.4 Шағылысқан кодтар. Грей коды 153
15.5 Бөгетке тұрақты кодтар. Хемминг коды 154
1 ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ АНЫҚТАМАСЫ МЕН КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
Өлшеу мен өлшеуіш жүйелерсіз кез келген қандай да бір күрделі өндірісте технологиялық процесстерді басқарудың барлық қазіргі заманғы автоматтандырылған жүйелерінің құрастырылуы, енгізілілуі және жұмыс істеуі мүмкін емес. Қазіргі заманғы ПБАЖ-ды өндірісте енгізу олардың қымбаттығына қарамастан шикізатты үнемдеуге, өндірістің оперативті персоналының дұрыс шешімдерді қабылдау уақытын азайтуға мүмкіндік береді. Технологиялық процесстердің барлық қазіргі заманғы БАЖ-рі негізінен өлшеу құралынан (датчиктер), атқарушы механизмдерден, ақпаратты алу-беру құралдарынан (телемеханика) және есептеуші-басқарушы кешеннен тұрады.
Қазіргі заманғы Pentium типті компьютерлер технологиялық датчиктерден ақпаратты тікелей жинау және атқарушы механизмдерді басқару мүмкіндігіне ие емес. Бұл үшін компьютерге арнайы байланыс құрылғыларын (АБҚ) тұрғызуға тура келеді.
Барлық айтылып өткен құралдардар арасында жұмыстың сенімсіздігі немесе керекті датчиктердің жоқтығы – әлсіз буын болып табылады.
Берілген пән датчиктердің типтерімен, өлшеу түрлері мен әдістерімен, метрологиялық және ғылыми өлшеулердің өндірісте қолданылуымен танысуға мүмкіндік береді.
Өлшеу – бұл арнайы техникалық құрылғылардың көмегімен физикалық шаманың мәндерін тәжірибелік жолмен табу.
Физикалық шаманың мәні – бұл физикалық объект немесе физикалық жүйелердің қасиеттерінің, олардың күйлері мен оларда болатын процестердің (ұзындық, масса, уақыт, газдар қысымы және т.б.) сандық сипаттамасы.
Кіріс шама - өлшенуге жататын физикалық шама.
Өлшеулер жалпымен қабылданған бірліктерде жүргізіледі. Өлшем ретінде қабылданған шама мәні осы бірліктің өлшемі деп аталады.
Физикалық шаманың бірлігі оның өлшемі уақыт бойынша тұрақты және сыртқы ықпалдардан тәуелсіз болатындай етіп болуы керек. Кейбір физикалық шамалар арнайы өлшеу құралдарында – эталондар мен өлшемдерде материалданған. Бұл килограмм, метр, секунд. Сонымен қатар, СИ жүйесінде келесі негізгі бірліктер бар: ампер, жарық күші канделл, температура Кельвин, зат мөлшері - моль. Егер өлшеу бірлігі эталон немесе өлшем түрінде берілген болса, онда өлшеу процесі өлшеу бірлігінің материалдық белгіленуі ретінде өлшенетін шаманы өлшеммен тікелей салыстыруға саяды.
Тікелей салыстыру мүмкінсіз болған жағдайда өлшенуші шама қандайда бір басқа физикалық шамаға түрленеді. Мысалы, термометр көрсетулері. Мұнда физикалық денелердің сызықтық өлшемдерінің температурадан тәуелділігі қолданылады.
Өлшеу құралы деп өлшуде қолданылатын және нормаланған метрологиялық қасиеттерге ие техникалық құралдар аталады.
Өлшеу құралдарының келесі түрлерін айырады:
- өлшемдер;
- өлшеуіш аспаптар;
- өлшеуіш түрлендіргіштер;
- өлшеуіш қондырғылар;
- өлшеуіш жүйелер.
Өлшем деп берілген өлшемдегі физикалық шаманы жаңғырту үшін арналған өлшеу құралдары аталады.
Бірмәндік, көпмәндік және өлшемдер топтамасын айырады.
Бірмәндік өлшемдерге гиря, метр, тұрақты сыйымдылықты конденсаторлар, индуктивтілік катушкалары (дроссельдер), резисторлар және т.б. жатады.
Көпмәндік өлшемдерге айнымалы сыйымдылықты конденсаторлар, бөліктері бар сызғыш және т.б. жатады.
Өлшемдер топтамасына кедергілер сыйымдылықтар және индуктивтілік магазиндері жатады.
Өлшеуіш аспаптар – бұл өлшеуіш ақпарат, яғни бақылаушының тікелей қабылдауына ыңғайлы қалыптағы өлшеуіш шама мәні жайындағы ақпарат сигналын өндіруге арналған өлшеу құралдары.
Өлшеуіш аспаптарды келесі белгілері бойынша айырады:
- аналогтық жәнецифрлық;
- көрсетуші және тіркеуші;
- өлшенген шама тегі бойынша ( амперметр, вольтметр және т.с.с.);
- қолданылу тегі бойынша: стационарлық және тасымалданушы;
- қорғаныс дәрежесі бойынша: әдеттегі, шаң мен ылғалдан қорғалған, шашырандыдан қорғалған, герметикалық, жарылыстан қорғалған.
Өлшеуіш түрлендіргіштер – бұл беруге, әрі қарай түрленуге, өңдеуге және (немесе) сақтауға қолайлы, бірақ бақылаушының тікелей қабылдауына жатпайтын қалыптағы өлшеуіш ақпарат сигналын өндіруге арналған өлшеу құралдары.
Өлшеуіш түрленгіштер бағытталуы мен функциясына тәуелді былай айырылады:
- бастапқы;
- аралық;
- беруші;
- масштабтық.
Бастапқы түрлендіргіш деп өлшенген, яғни өлшеуіш тізбектегі бірінші шама келтірілген түрлендіргіш аталады. Бұл температура, ток датчиктері және басқалар болуы мүмкін.
Аралық түрлендіргіш деп өлшеуіш тізбектегі бастапқыдан кейінгі орындағы түрлендіргіш аталады. Бұл токтың, кернеудің қосымша трансформаторлары және басқалар болуы мүмкін.
Беруші өлшеуіш түрлендіргіш деп өлшеуіш ақпарат сигналын аралықтан беруге арналған өлшеуіш түрлендіргішті айтады. Бұл, әдетте, сигналды 500 метрге дейінгі шамалы арақашықтықтарға беруге арналған ток немесе кернеудің унифицирленген сигналды түрленгшіштері.
Масштабтық өлшеуіш түрлендіргіш деп шаманы берілген есе рет өзгертуге арналған өлшеіш түрлендіргіш аталады. Бұл кернеу бөлгіштері, токтың өлшеуіш трансформаторлары, өлшеуіш күшейткіштер.
Кіріс шамалардың түрлену сипатына қарай түрлендіргіштер былай бөлінеді:
- электрлік шамаларды электрлікке түрлендіргіштері;
- электрлік емес шамаларды электрлікке түрлендіргіштері;
- магниттік шамаларды электрлікке түрлендіргіштері;
- электрлік шамаларды электрлік емеске түрлендіргіштері.
Өлшеуіш қондырғы – бұл біріккен өлшеу құралдары мен өлшеуіш ақпарат сигналдарының бақылаушының тікелей қабылдауына ыңғайлы қалыпта өндірілуіне арналған қосалқы құрылғылардың функциялану қосындысы. Олар бір орында шоғырланады. Бұл өлшеуіш аспаптарды градуирлеу мен тексеру қондырғылары болуы мүмкін.
Өлшеуіш жүйе – бұл өлшеуіш ақпаратты бірнеше көзден автоматты түрде алу үшін бір бірімен байланыс каналдарымен жалғаған қосалқы қондырғылар мен өлшеу құралдарының қосындысы.