Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аскарова Маусымжан рэт 10-2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
269.82 Кб
Скачать

Тақырып: Соғыс және бейбіт уақытындағы төтенше жағдайда шаруашылық нысандарымен салаларда қалыпты қызмет атқарудың тұрақтылығын арттыру әдісі мен жолдары

Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда, қазіргі заманғы зақымдану құралдарын қолдану кезінде бейбіт уақыттағыдай соғыс уақытында да салалардың, аумақтық звенолардың және ұйымдардың жұмыс тұрақтылығын арттыру Азаматтық қорғаныстың негізгі мідетінің бірі болып табылады.

Еліміздің шаруашылық кешенінің, оның салалық және аумақтық звенолары кызметінің тұрақтылығы дегеніміз белгіленген номенклатура мен мөлшерде өндірістерді өніммен қамтамасыз ету қабілеті, сонымсн қатар сәйкес аумақта жұмыс жүргізетін персоналдар мен тұрғындарды қорғау және тіршілігін қамтамасыз ету деп түсіндіріледі.

Тұрақтылықты арттыру жөніндегі шаралар алдын-ала бейбіт уақытта және қатер төнген мерзімде, сондай-ақ қазіргі заманғы зақымдану құралдарын қолданғаннан кейін

төтенше жағдай туындаған кезде жүзеге асырылады.

Ұйымдардың жұмыс тұрақтылығы

Ұйымның жұмыс тұрақтылығының астарында ТЖ-да авария мен апаттын болуын алдын-ала айту, олардың зақымдаушы факторларының әсеріне төтеп беру қабілеті, өте аз уақыттың ішінде қираған өнеркәсіпті қалпына келтіру жұмыстарымен қамтамасыз етіліп жатыр.

ТЖ-да ұйымның қызмст тұрактылығын арттыру дегеніміз ТЖ -да материалдық шығынға ұшыраған және тұрғындарға жақын жерде тұратын персоналдардың өмipi мен денсаулығы қаупінің алдын-алу немесе төмендету, сонымен қатар ТЖ аумағында құтқару жұмыстары мен басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізуді дайындау жөнінде кешенді шаралар жүргізу деп түсініледі.

Бұл түсініктер мен қатар ТЖ-да жұмыс жасауға ұйымдардың дайындығы деген түсінік қолданылады.

Бұл алдын-ала жүргізілетін ұйымдық, инженерлі-техникалық және арнайы шаралар кешені.

Жоғарыда айтылған шаралардың мазмұнын анықтау үшін ұйымдардың қызмет тұрақтылығына ықпал ететін барлық факторлардың жиынтығын талдау қажет. Ол үшін ТЖ тудыруы мүмкін барлық оқиғаларды қарастырып шығу қажет. Мұны мақсатты түрде бірнеше масштабтық деңгейде істey керек:

✓ аймактық

✓ аудандық

✓ нысандық

Экономика нысандарындағы жұмыс icтey тұрақтылығына әсер ететін факторлар

  • Орналастыру аймағы- аймақта қауіпті дүлей зілзаланың болу мүмкіндігін есепке алу, аймактың метеорологиялық ерекшелігі.

  • Әлеуметтік экономикалық жағдай- экономиканың жағдайы, халыктың жұмыспен қамтамасыз етілу деңгейі, халыктың тұрмысы.

  • Нысандардың орналасқан жері- сол жердің рельефы, құрылыс сипаты,көліктік коммуникация ерекшелігі, әуелетті қауіпті өнеркәсіптердің саны.

  • Ішкі факторлар - жұмыс жасаушылардың саны, олардың тәртібі мен құзырынң деңгейі, нысанның сипаты, шығарылатын өнім, қолданылатын технология.

Осы факторларды талдау негізінде ТЖ болуы мүмкін және оның нысан тіршілігіне әcepi туралы қорытынды шығаруға болады. Бұл бағанын негізінде, нысан тұрактылығының бағасы жатыр.

Бейбіт және соғыс уақытында шаруашылық нысанындағы қызмет тұрақтылығын зерттеу

Шаруашылық нысаны тұрақтылығының мақсаты, жүйелер мен буындардағы әлсіз жерді тауып, оларды ұйымдық, инженерлік- техникалық, арнайы және басқа да шаралар кешенінің негізінде жою. Бұл жұмысты өнеркәсіптің басшысы ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарын тарту аркылы ұйымдастырады. Ол үш кезеңде жүргізіледі:

1.Ұйымдастыру кезеңі — зерттеудің ауқымы мен қажетті күш пен құралдар анықталады. Ғылыми-зерттеу топтары құрылады.Ол үшін мынадай құжаттар әзірленеді: басшының бұйрығы,зерттеуді жүргізу жоспары, есептелген зерттеу топтарына тапсырма.

2.Екінші кезеңде бөлек элементтер мен жүйелердің, сонымен қатар нысандардың толығымен тұрақтылығын бағалау бойынша тікелей жұмыс icкe асырылады.

3.Үшінші кезеңде зерттеудің нәтижесі қорытылады. Eceптік баяндама жасалады, нысанда тұрақты жұмыс icтеудi жоғарлату бойынша шаралар әзірленеді және жоспарланады.

Негізгі құжат-жинақталған жоспар. Ол eкi бөлімге бөлінеді:

бірінші бөлімге бейбіт уақытта уакьпта іске асырылатын шаралар жатады;

екінші бөлімге - қарсыластың шабуыл жасау қауіпі болғанда өткізілетін жұмыстар жатады. Тұрақтылықты жоғарлату бойынша шараларды өршітудің жоспары-кесте түрінде орындалады.

Екі бөлім өзара байланысқан, дербес құжат болып табылады.

Тұрақтылықты бағалау мынадай бағыттармен icкe асырылады:

-ТЖ-ның нысанда немесе оған жақын жерде болу мүмкіндігі;

-ғимарат пен ғимараттың физикалық орнықтылығы;

-персоналдарды қорғаудың беріктігі;

-басқару жүйесінің тұрақтылығы;

-материалды-техникалық қамтамасыз ету мен өнеркәсіптік байланыстың беріктігі;

-нысанның қираған өнеркәсіптерді орнына келтіру жұмыстарына дайындығы.

Тұрақтылықты арттыру жөніндегі шараларды жоспарлау

Тұрақтылықты арттыру жөніндегі шараларды жоспарлаған кезде

мынадай негізгі бағыттар белгіленеді:

  • жұмысшыларды, қызметкерлерді, олардың отбасы мүшелерінің тіршілігін қорғауды қамтамасыз ету;

  • елдің, аймақтың аумағына ведомстваға қарасты салаларды ұйымдастыру және тиімді орналастыру.

  • төтенше жағдай болған кезде жұмысқа даярлау;

  • төтенше жағдайда маңызды нысандарды, ic-әрекеттің өндірістік және басқа да түрлерін қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды opындауға даярлау;

  • басқару жүйелерін төтенше жағдайда міндеттерді шешуге даярлау.

Оларды іске асыру үшін ұйымдық, инженерлі-техникалық арнайы шаралар жүргізіледі.

Салаларда және аумақтық басқару органдарында, ұйымдарда тұрақтылықты арттыру жөнінде шараларды іске асыру үшін Азаматтық қорғаныс бастығына бағынатын комиссия құрылуы мүмкін. Егер мұндай комиссия құруға мүмкіндік болмаса, олардың қызметі сәйкес басқару органдарына немесе Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі қызметкерлерге жүктеледі.

Тұрақтылық бойынша комиссияның негізгі міндеттері:

  • тұрақтылықты арттыру жөнінде жұмысты ұйымдастыру;

  • тұрақтылықты арттыру бойынша жоспарлар мен басқа да құжаттар, сәйкес инстанцияларда келiсіледі және бекітіледі.

  • тұрақтылықты арттыру бойынша бекітілген жоспарлардың іскс асырылуын бақылау;

  • тұрақтылық бойынша арнайы оқытуларды жоспарлау және өткізу;

  • тұрақтылықты арттыру бойынша ұсыныстарды негіздеу және даярлау;

Тұрақтылық бойынша жоспарланған құжаттарға келісімді Азаматтық қорғаныс бойынша жоғарыда тұрған басқару органдары жүзеге асырады.

ШО-да жұмыс тұрақтылығын арттыру бойынша комиссияның регламенттік iс-әрекетi үшін мынадай жұмыстар өткізіледі:

басшының комиссия құру жөніндегі бұйрығы;

✓комиссия жөнінде нұсқаулық;

✓ осы жылғы комиссияның жұмыс жоспары;

✓тұрақтылықты зерттеу материалдары ( 5 жылда 1 рет өткізіледі;)

✓басқарушы құжаттардың тізбeci (ұсыныс, министрліктер мен жоғарыда тұрған органдардың нұсқауы);

комиссия отырысының хаттамасы;

Шо-ның тұрақтылығын анықтау үшін екі баға белгіленеді:

Орташа" және “төмен”.

Орташа баға алу үшін:

✓ тұрақтылық бойынша 5 жылда 1 реттен кем емес зерттеу жүргізу;

✓соның негізінде сәйкес шараларды,орындау уақытын, орындаушыларды, қаржы дереккөзін анықтау;

✓ экономиқалық және әлеуметтік дамудың перспективті және ағымдағы жоспарларына кіретін шаралардың 75 пайыздан кем емесін іске асыруды жоспарлау.

Тақырып: Бейбіт және соғыс уақытындағы болған ТЖ-да көшіру шараларын жүргізуді ұйымдастыру