Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
саясаттану шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
38.8 Кб
Скачать

Тақырып №14: Саяси элита және саяси басшылық

  1. Саяси басшылық: табиғаты, қызметтері, типтері және стилі.

  2. Саяси элита. Элитаның қазіргі теориялары.

  3. Басқарушы элита және оның саясаттағы ролі.

Дәріс тезисі:

Саяси элита ұғымы. Элитаның классикалық теориялары. Саяси элиталардың қызметтері: стратегиялық, ұйымдастырушылық, интегративтік және т.б. Саяси элитаның жіктелуі. Қазіргі элита теориялары. Бюрократизм саяси феномен ретінде.

Элита және топбасшылар саясат субъектілері ретінде.

Саяси басшылықтың типологиясы. Саяси топбасшылықтың түрлері. Қазіргі Қазақстандағы саяси топбасшылық институты және саяси элита. Қазақстан республикасының президенттік институты мемлекеттік басқарудың тарихи қажетті формасы ретінде. Қазіргі Қазақстанның саяси топбасшылары.

Саяси кызметтің нәтижесінде саяси шешімдер қабылданады. Саяси шешімге келу деп саяси билік үшін күреске немесе оны іске асыруға байланысты мақсат пен оған жету жолдарын тандап, белгілі бір тоқтамға келуді айтады. Болашақтағы мақсатты таңдағанда оған қатысушы, әдетте, біріншіден, қай тап немесе әлеуметтік топтың атынан әрекет жасап отырса, солардың, түпкілікті мүддесіне сай келуін ойластырады. Екіншіден, бұл күрескс к,атысушы күштердің арасалмағын, қалай орналасқанын ескереді. Саяси шешім, әдетте, ресми нұсқау, бағдарлама, мәлімдемелср, т.б. арқылы жарияланады. Ал саяси шешімдердің орынды, орынсыздығы жөнінде тез арада қорытынды шығару қиын. Себебі, оның дұрыс, бұрыстығы ондаған, кейде жүздеген жылдардан кейін ғана байқалады.

Шешім қабылдағаннан кейін оны жүзеге асыру мәселесі туады. Оны дұрыстап орындап шығу үшін: а) шешім қабылдаған соң алға қойған мақсат орындалғанша ол жолдан таймаған жөн; б) оны жүзеге асыратын тиімді амал, әдістерді тауып, халықты жұмылдыра білу; в) қойған мақсатқа қарсы бағьпталған әрекеттерге тиянақты тойтарыс бере алу; г) қабылданған шешімді жүзеге асыра алатын қоғамның үлкен топтарынан қолдау таба білу. Шешім қабылдағанда, әлбетте, жағдаймен санасуға да тура келеді (мысалы, балама шешімдердін қандай сипатта болуы, шешім қандай ұйымдастырылу жағдайында қабылданып отыр, т. т.) Оған қайраткердің, өзіне тән ерекшеліктері де әсерін тигізеді.

Саяси қызметте күрделі мәселелерді шешудін, колайлы әдісі — бұл іске мүдделі жақтардың қатысуымен немесе оларсыз кеңейтілген құрамда пікір алысу. Қоғам дамуының өзекті мәселелері бойынша пікір алысу, жан-жақты талқылау, мәдениетті айтысу өркениеттілікті білдіреді.

"Элита" деген сөз француз тілінде тандаулы, іріктелген, сұрыпталған деген мағынаны білдіреді. Адамдарды ел билеуші таңдаулыларға және олардың дегенін істейтін бағыныштыларға бөлу идеясы ертеден келеді. Ол туралы кезінде қытайдың фәлсафашысы Конфуций (б. з. б. 551—479), Платондар айтқан. Бірақ бұл теорияның тұжырымдамасын ита-лиялык саясатшылар Г.Моска, В.Паретто, немістің әлеуметтанушысы Р.Михельс жасаған. Қазіргі өндірістік дамыған елдерде элитаның құрамы әр түрлі келеді. Оған саяси серкелер, шенеуніктер, зиялылар, бизнесмендер кіреді. Олар жоғарғы (шешімдер кабылдауға тікелей катыса-тын), әкімшілік (министрлік, департаменттер және т. б. басқарушы кызметкерлер) және орта элита болып бөлінеді.

Элита қоғамның басқа бөлігіне билігін тікелей емес, бюрократия немесе өздерінің жақтастары арқылы жүргізеді. Олар қоғамдық пікір қалыптастырып, жұртшылыққа үстемдік етіп отырған саяси тәртіп барлык халықтың қамын жеп, калауынан шығуда деген идеологияны саналарына сіңіруге тырысады.

Сонымен қатар басқарушы элитаға кірмей қалған топ оған кіруге немесе жаңа элитаны құруға күреседі.

Саяси іс-әрекетті жүзеге асыруда саяси жетекшілердің, топ бастаушылардың (лидер), серкелердің орны ерекше. Оған халыктың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Ол алға койған мақсатка жету үшін қаланың, аймақтың, мемлекеттің көлемінде адамдардың күш-жігерін біріктіріп, белсенді ықпал ете алады. Соңғы кезде бүл атаудың мағынасы кеңейе түсті. Өйткені саяси топ бастаушыға басқару-шы қызметгі ресми түрде атқармайтын, бірақ саяси өмірде беделді, аты шыққан адамдарды да жатқызып жүр.

Саяси жетекшіліктің, топ бастаушылықтың (лидерліктін) табиғатын, сыр-сипатын ғалымдар ерте заманнан-ақ білгілері келген. Солардын. ішінде ерекше көзге түсетін

Н. Макиавеллидін. "Патша" деген еңбегіндегі тиімді басшылық. Ол басшы мен бағы-нушының өзара қатынасына негізделген мынадай төрт ережеден тұрады: 1) басшының билігі оны жақтаушылардың қолдауы-на сүйенеді; 2) бағынушылар өз басшысынан нені күтеді және өз кезегінде басшы олардан нені күтуі мүмкін — соны білулері керек; 3) топ бастаушының қандай жағдай болмасын аман қаларлык қайрат-жігері, қабілеті болуға тиіс; 4) басқарушы өз жақтастарына даналык пен әділетгіліктіц үлгісі болуы керек.

Кейін келе топ бастаушылықгың табиғаты әр түрлі түсіндірілді.