
- •Тақырып №8: Мемлекет және азаматтық қоғам
- •Дәріс тезисі:
- •Тақырып №9: Саяси партиялар және қоғамдық-саяси қозғалыстар
- •Дәріс тезисі:
- •Тақырып №10: Саяси тәртіп
- •Дәріс тезисі:
- •Тақырып №11: Қоғамды демократияландыру және саяси модернизация
- •Дәріс тезисі:
- •Тақырып №13: Саяси сана мен саяси мәдениет
- •Дәріс тезисі:
- •Тақырып №14: Саяси элита және саяси басшылық
- •Дәріс тезисі:
Тақырып №13: Саяси сана мен саяси мәдениет
Саяси сананың мәні мен формалары
Саяси мәдениет, ұғымы, мәні мазмұны
Саяси пікірталас мәдениеті
Дәріс тезисі:
Саяси мәдениет адамзаттың жалпы өркениеттік дамуының элементі болып табылады.Ол басқа да мәдениеттер сияқты, адамдар үшін тектік құндылықтарды құрайды және адамзаттың прогресс жолымен қозғалысында анықтаушы рөл атқарады. Қолданбалы тұрғыда аталмыш ұғымды ашудағы бірінші тәсіл үшін саясаттанулық энциклопедиялық сөздіктегі саяси мәдениеттің анықтамасын алуға болады: «Саяси мәдениет – саясат сферасындағы әлеуметтік қауымдастықтар мен жеке адамдардың тарихи тәжірибесі, жады, олардың саяси жүріс-тұрысқа ықпалын тигізетін бағдарлары, дағдылары».
Әрине беріліп отырған анықтама осынау проблемаға жақындата түсетін, бастапқы тәсіл үшін ғана құндылыққа ие. Аталмыш ұғымның тек жоғарыда аталған белгілерге ғана телу саяси мәдениет сияқты қоғамдық өмірдің фундаментальды құбылысының мазмұнын толықтай бейнелеп бере алмайды. Бұл анықтамада саяси мәдениеттің тек субъектілік аспектісі, яғни, ғана,атап айтар болсақ субъектінің тәжірибесі, оның жады, бағдарлары мен дағдылары ғана бейнеленген.
Мәдениет – адамзат данышпандығының жемісі,ол – адамның рухани және материалдық қызметінің нәтижесі,бірақ мұндай нәтиже белгілі бір дәрежеде адамнан өгейсінеді және өмірге келген адамдардың тіршілік етуінің жағдайы мен алғышарттары ретінде көрінеді. Мәдениет – әлеуметтік жағдайға, материалдық және рухани құндылықтарға ену арқылы жасалатын, кодталатын және беріліп отыратын адамның ұрпақтан ұрпаққа жеткізіліп отыратын шығармашылық энергиясы. Мәдениет адамзатты табиғат кіндігінен ажыратады,табиғи күштердің толықтай тәуелділігінен құтқарады және оны өзінің мақсаттарын жүзеге асыру үшін жеткілікті түрде ерікті етеді.Мәдениет – болмыстың адамзаттық тәсілі.Сондықтан мәдениетті құндылықтық, іс-әрекеттік және технологиялық сияқты әртүрлі позициядан қарастыруға болады.
Саяси мәдениет мәдениеттің бір бөлігі ретінде биліктің қалыптасуы және қолданылуымен байланысты саяси шынайылық сферасында, субъект-субъектілік қатынастарда көрінеді. Яғни, саяси мәдениет саясат сферасындағы субъектілердің тарихи тәжірибесі мен өзара әрекеттесуінің жалпылануы мен беріліп отырылуын көрсетеді. Ол – қоғамдағы биліктік қатынастармен, яғни әлеуметтік субъектілердің мүдделерін жүзеге асыру үшін билікті қалыптастыру және пайдаланумен байланысты адамдардың ерекше рухани-саяси қызметтерінің туындысы.
Сонымен, өте тар пәндік мағынада саяси мәдениетті биліктік қатынастар мәдениеті,билік құру мәдениеті деп атауға болады.
Тұтастай алғанда, саяси мәдениеттің қызмет етуі адамдардың тіршілік әрекетінде дағды күші ретінде көрінетін инерция күші деп атауға болатын құбылысты тудырады, алайда шынайы өмірде пайда болатын проблемалар және оларды шешудің қажеттілігі әлеуметтік-саяси практиканы инерциялық жолдан, оның дағдылы, үйреншікті қағидаларынан шығарып жібереді, ал бұл шұғыл бетбұрыстарды, түпкілікті жаңаруларды,сапалы өзгерістерді талап етеді. Саясаттың қуатты «тетігінің» қатысынсыз бұл проблемалар өздігінен шешілмейді. Қозғалыстың жаңа орбитасына өту үшін адамдардың байыпты біріккен күші, әртүрлі күштер мен құралдарды пайдалану, элитаның пассионарлық қызметі талап етіледі.
Сонымен, саяси мәдениеттің дамуындағы жаңару тенденциясы қоғамдағы қызмет атқарып отырған биліктік және саяси қызметті ұйымдастырудың, тәсілдердің, құралдардың формаларының іргесі сөгіліп, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ете алмайтын, қоғам организмінде пайда болатын қайшылықтарды адамдар үшін ауыртпалықсыз және қоғам үшін тиімді шешілуіне мүмкіндік туғызбайтын жағдайларда пайда болады. Осы адамдар қауымдастығының тіршілік әрекетінде қызмет ететін саяси мәдениет жеткіліксіз, ал билік құрылымдарының қызметі – тиімсіз болады. Міне, осы тенденция бұқаралық санада өзгерістерді күту ретінде, саяси дағдарыс ретінде көрінеді.
Саяси мәдениеттің құрылымы мен функциясы
Адамзаттың саяси мәдениеті – ерте дәуірден біздің заманымызға дейінгі адамзаттың саяси қызметінің бар байлығын бойына жинақтаған күрделі құрылым. Аталмыш қызметтің ұйымдастырушы өзегі субъект-субъектілік қатынастарда билікті қалыптастыру мен пайдалану болады. Бірақ,адамның барлық саяси қызметінің тарихи дамитын негізі, стихиясы мен шынайылығы саяси мәдениет болады.Саяси қызмет үшін қажетті теориялық идеяларды, көзқарастарды, ұйымдастыру формаларын, принциптер, әдістер, құралдар, жүріс-тұрыс актілерін адамзат саяси мәдениеттен алған және алып та жатыр.
Саяси мәдениет туралы барынша кең мағлұмат алу мақсатында оның құрылымы мен функциональдық мәнін қарастыру қажет. Осы ретте әртүрлі тарихи, әлеуметтік-таптық, аймақтық, этникалық, функционалдық және т.б.критериилерді басшылыққа ала отырып, адамзаттың қалыптасқан саяси мәдениетін құрылымдау мүмкін болады.
Ең алдымен, ескеретін жайт, саяси мәдениет – көп қатпарлы құбылыс, онда әрқилы тарихи қабаттар бар. Сондықтан құрылымдаудың тарихи принципінің маңыздылығы сөзсіз. Ол әрбір тарихи кезеңнің саяси мәдениетінің фундаментальды ерекшеліктерін қамтиды. Осы тұрғыдан саяси мәдениетті дәстүрлі саяси мәдениет, құл иеленушілік кезеңдегі, ортағасырдағы, жаңа дәуірдегі, қазіргі кездегі саяси мәдениет деп құрылымдық қабаттарға бөлуге болады. Бұл қабаттар – саяси мәдениеттің терең қойнауында жатқан жарамсыз, қатып қалған құрылымдар емес, әрине олардың ішінде терең қорда жатқандары да және қызмет етіп отырған саяси мәдениетке ықпалын тигізетін, қазіргі саяси жағдайға сай өзектендірілген және оларда белгілі бір саяси ізденіс жүзеге асатындары да бар.
«Саяси практиканың процесс ретіндегі» ұғымы кең мағынада, тұтастай алғанда қоғамдық организмнің шеңберіндегі ұзақ уақыттар бойы саяси қатынастардың негізгі субъектілерінің өзара әрекеттесулерінің сипаты мен ерекшеліктерін қамтиды. Тар мағынасында, жекелеген әлеуметтік жағдайларда, акцияларда саяси қатынастар субъектілерінің мүделерінің жүзеге асуын көрсетеді.
Саяси практиканың ерекшелігінің өзі сонда, ол субъектілердің әрекетінің негізінде өтеді, өйткені олардың мүдделері саясат сферасында айтарлықтай айқын белгіленген. Осы мүдделерді саяси түсінуде, оларды саяси шынайылық сферасына ауыстыруда саяси мәдениет шешуші рөлге ие болады. Саяси мәдениеттің барлық құрылымдық элементтері, яғни идеялар, принциптер, теориялық концепциялар, саяси қызметтің ұйымдастыру формалары, әдістері, құралдары өздерінің шынайы мәні мен көрінісін саяси практикада табады.
Сайланбалы өкілдік шешуші мәнге ие болатын демократиялық қоғамда бұқара өзінің саяси процестерге қатысуы негізінен электорат ретінде жүзеге асырады. Электораттың қалыптасуы – саяси процестің қалыптасуының мәнді аспектісі. Саяси партиялардың. сайланбалы мемлекеттік құрылымдардың электоратқа тәуелділігі – саяси шынайылық. Сондықтан үкіметтің қалыптасуына, олардың шешім қабылдауына, ол шешімдердің жүзеге асуына ықпал етуге қабілетті барлық күштердің сайлау процесіне қатысуын қамтамасыз ететін сайлау туралы заңды жетілдіре түсу қажет.
Осы жағдайда, сайлауларға азаматтардың саналы қатынасу деңгейін ескерген жөн, өйткені сайлау – саяси қатынастардың барлық субъектілері үшін сайлау туралы заңмен шектелген ерікті қызмет алаңы болып табылады.