
- •2 Анықтау және бөліну әдістері
- •2.1 Сандық анықтау
- •2.2 Ароматты көмірсутектердің бөлінуі
- •2.3 Ароматты көмірсутектерді идентификациялау
- •2.4 Реактивті отындарда ароматты көмірсутектерді анықтау
- •3 Тәжірибелік бөлім
- •3.2 Таразылық әдіспен ароматтық көмірсуттектердің құрамын анықтау
- •Қорытынды пайдаланылған әдебиеттер тізімі
3.2 Таразылық әдіспен ароматтық көмірсуттектердің құрамын анықтау
Таза құрғақ бөлгіш құйғыны аналитикалық таразыда 0,01 г дейін дәлдікпен өлшейді.
Содан соң бөлшегіш құйғыға өлшегіш құрал цилиндрдің көмегімен 10 мл зерттелетін мұнай өнімін құядып, құйғыны қайта таразыда өлшеп мұнай өнімінің массасын есептейді.
Мұнай өнімі бар бөлгіш құйғыға 30 мл күкірт қышқылын (98 % -дық ) құйып 30 мин бойы шайқайды. Бұл кезде белгілі бір уақыт аралығында тығынды ашып тұру қажет, бұл жоғары қысамның пайда болуын болдырмайды.
Бөлгіш құйғыны 1 сағатқа тыныштықта қалдырып кейін мұқият төменгі қабатты бөліп алады.
Зерттелетін мұнай өнімінен жоғарғы қабатты фильтр қағазының көмегімен бөлеміз.
Қалған мұнай өнімімен бөлгіш құйғыны 0,01 г дейін дәлдікпен өлшеп күкірт қышқылымен өңдегеннен кейінгі мұнай өнімінің салмағын есептеп шығарады. Сосын бөлгіш құйғыны тігінен бекітіп мұнай өнімін конустық колбаға кұяды.
Бөлгіш құйғының тығынын және оның ішкі қабырғасын дистилденген сумен шайып, шайындыны зерттелетін өнім бар конус тәрізді колбаға құяды.
Колбаның құрамын бірнеше тамшы фенолфталеин ертіндісі қатысында 0,5 Н күйдіргіш натр ерітіндісімен әлсіз түске бояғанша титрлейді.
Бөлгіш құйғының қабырғаларында қалған күкірт қышқылының мөлшерін граммен есебінде келесі формула бойынша анықтайды:
мұндағы V-титрлеуге кеткен күйдіргіш натр ертіндісінің көлемі (0,5 Н ертіндімен дәл өлшегендегі) , мл.
0,02452 – 1 мл 0,5 Н күйдіргіш натр ертіндісіне сәйкес келетін күкірт қышқылының мөлшері, г.
Зерттелетін мұнай өнімдеріндегі ароматты көмірсутектердің массалық пайыз есебіндегі құрамын (А) келесідей формула бойынша есептейді:
А=С1-(С2-Сn)
мұндағы С1 – күкірт қышқылымен өңдегенге дейінгі зерттелетін мұнай өнімінің салмағы, г.
С2 – күкітр қышқылымен өңдегеннен кейінгі зерттелетін мұнай өнімдерінің салмағы, г.
Соңғы анықтама үшін екі параллельді анықтаманың орташа арифметикасы түсіндіріледі, олардың арасы құрамында ароматты көмірсутектер болғанда 1% аспауы керек [19].
Кесте 7 – Ароматтық көмірсутектерін анықтау үшін зерттелген мұнай және мұнай өнімдері
№ |
|
Бензин (АИ-80) |
Бензин (АИ-92) |
Дизель |
Шлам |
Шлам |
1 |
түсі |
|
|
|
|
|
2 |
тұтқұрлығы |
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
|
|
Кесте 8 – Мұнай және мұнай өнімдерінің ароматтық көмірсутектерін анықтау барысында жүргізілген есептеулер
|
Бензин (АИ-80) |
Бензин (АИ-92) |
Дизель |
Шлам |
Шлам |
С1 – күкірт қышқылымен өңдегенге дейінгі зерттелетін мұнай өнімінің салмағы, г. |
145,45 г |
|
142,22 г |
|
|
С2 – күкітр қышқылымен өңдегеннен кейінгі зерттелетін мұнай өнімдерінің салмағы, г.
|
145,71 г |
|
142,54 г |
|
|
V1 -титрлеуге кеткен күйдіргіш натр ертіндісінің көлемі , мл
|
16,8 мл |
|
12,5 мл |
|
|
V2-титрлеуге кеткен күйдіргіш натр ертіндісінің көлемі , мл
|
16,9 мл |
|
12,8 мл |
|
|
V3-титрлеуге кеткен күйдіргіш натр ертіндісінің көлемі , мл
|
16 мл |
|
12,9 мл |
|
|
Vорт. -титрлеуге кеткен күйдіргіш натр ертіндісінің орташа көлемі , мл
|
16,6 мл |
|
12,7 мл |
|
|
Бөлгіш құйғының қабырғаларында қалған күкірт қышқылының мөлшерін граммен есебінде келесі формула бойынша анықтайды |
0,413г |
|
0,316г |
|
|
А=С1-(С2-Сn) Зерттелетін мұнай өнімдеріндегі ароматты көмірсутектердің массалық пайыз есебіндегі құрамы
|
0,15% |
|
0,004% |
|
|