Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жетпісбаев -ПЗ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7.49 Mб
Скачать

1.4 Сораптық ұңғымалардың саға жабдықтары

Сораптық ұңғымалардың саға жабдықтары пайдалану тізбегінің және штангалар тізбегі қозғалатын СКҚ тізбегінің ішкі қуысын герметизациялауға арналған. Сонымен қатар сағалық жабдыққа СКҚ тізбегі ілінеді.

Саға жабдығы үшжақтан тұрады, ол пайдалану тізбегіне бұрап бекітілген, оның бүйірлік отводтарына крандар жалғанған, ал жоғарғы, горизонтальды фланецте фланец орнатылған, онда СКҚ тізбегі ілінген, ал жоғарғы бөлікте – сағалық сальник.

Сағалық сальник (1.4.1-сурет) ішіне жоғары және төменгі 3 төлкелер енгізілген шарлы бастан 9 тұрады.

1-ниппель; 2-салмалы гайка; 3,5-төлке; 4-бастың қақпағы;; 6- жоғарғы төлке; 7-қыспалы сақина; 8, 10-манжеталар; 9-шарлы бас; 11-тоқтатқыш сақина; 12-төменгі төлке; 13-сақина; 14-гайка; 15-үшжақ; 16-бұрандама; 17-сақина

1.4.1-сурет. Сағалық сальник

Соңғысы төменгі төлкеде 12 орналасқан, ол тығыздауыш сальниктан 10 тіректік сақинамен 11 бөлінген. Шарлы бастың жоғарғы бөлігіне қақпақ 4 бұрап кіргізілген, ол қапсырмалармен жабдықталған, олардың көмегімен тығыздауыш сальник тартылады. Тарту кезінде жүктеме сақиналық төлкеден 6 тығыздауыш сальникқа қыспалы сақинамен 7 және жоғарғы ішпекпен беріледі.Қақпақ 4 жоғарғы бөлігінде грундбуксаның үстінде сыйымдылықты (емкость) қалыптастырады, ол үйкелетін бөлшектерді – сағалық штокты майлауға арналған майды сақтау үшін қолданылады.

Шарлы бастың өз осі айналасында бұралуын болдырмау үшін екі қатайтқыш қарастырылған.

Сұйықтығы шығу торабына жіберіледі, ол үшжақпен ниппельден 1 және салмалы гайкадан 2 (накидная гайка) тұратын тез шешілетін конструкция арқылы жалғанады.

1.5 Ұңғымалық штангалық сорап

Ұңғымалық штангалық сорап (1.5.1-суретке сәйкес) мұнай ұңғымаларынан өнімді жоғарыға көтеруге арналған. Ол іске штангалар тізбегімен келтіріледі және ауыр жағдайларда жұмыс жасайды: сорылатын сұйықтықтың құрамында минералданған су, абразив, активті химиялық заттар, газдар бар болғанда.

1.5.1-сурет. Ұңғымалық штангалық сораптар

Ұңғымалық штангалық сорап ұзын цилиндрі бар бірплунжерлі сораптан, шарикті клапаннан, ұзын өтпелі плунжердан тұрады.

ШҰС дифференциялды әрекетті сорап болып табылады, плунжердің бір қос жүрісінде бір рет сору және екі рет айдау жүреді.

Плунжердің жоғары қарай қозғалысында айдау клапаны плунжердің үстіндегі сұйық қысымымен жабылады да, ол СКҚ бойымен жоғары көтеріледі. Сол уақытта сору клапаны ашылып, плунжердің астындағы цилиндр көлемі сұйыққа толады.

Плунжердің төмен қарай жүрісі кезінде сору клапаны сұйық бағанасының қысымымен жабылады да, айдау клапаны ашылып сұйық плунжердің үстіндегі кеңістікке жиналады. Үстіңгі бетке көтерілген сұйық сағалық сальниктың бүйіріндегі бұрып алу тесігі арқылы өндірістік коллекторға жіберіледі.

СКҚ-ға жалғау тәсілі бойынша сораптар ендірілмелі және ендірілмейтін болып бөлінеді. Ендірілмейтін сораптар ұңғымаға бөліктермен орнатылады: сорап цилиндрі СКҚ тізбегіне бекітіліп ұңғымаға түсіріледі, ал сорап плунжері сору клапанымен бірге СКҚ ішімен штангалар тізбегімен түсіріледі. Мұндай сорапты ауыстыру үшін құбырлар және штангалар тізбегін көтеруге тура келеді, соның нәтижесінде көтеріп-түсіру жұмыстары көбейеді және ұңғыма ұзақ уақыт жұмыс жасамай тұрады.

Ұңғымалық сораптар келесі түрлерде жасалады:

НСВ1 – ендірілмелі, бір сатылы, құлпы жоғарыда орналасқан бірплунжерлі, орташа тереңдіктегі ұңғымаларға арналған;

НСВ2 – ендірілмелі, бір сатылы, құлпы төменде орналасқан бірплунжерлі, үлкен тереңдіктегі ұңғымаларға арналған;

НСВГ – ендірілмелі, бір сатылы, құлпы жоғарыда орналасқан екіплунжерлі, өнім тұтқырлығы жоғары ұңғымаларға арналған;

НСВД – ендірілмелі, екі сатылы, құлпы жоғарыда орналасқан екіплунжерлі, газ мөлшері жоғары ұңғымаларға арналған;

НСН1 – ендірілмейтін, бір сатылы, қабылдаушы клапанда ұстауыш штогы бар бірплунжерлі, орташа тереңдіктегі ұңғымаларға арналған;

НСН2 – ендірілмейтін, бір сатылы, қабылдау клапанын ұстап қалғышы бар бірплунжерлі, терең емес ұңғымаларға арналған;

НСНА – дәл сол, плунжердің автоцепімен.

НСН1 типті сораптарда сору клапаны 8 плунжер ішінде орналасқан ұзын шток 7 арқасында плунжер мен клапанның берік байланысын қамтамасыз етеді. Қалыпты жұмыс кезінде плунжер 5 шток ұзындығы шегінде оның бүйіржақтық шығыңқылықтарына тимей қозғалады.

Сору клапанын 8 ауыстыру кезінде штангалар тізбегін көтергенде плунжер да көтеріледі, ол төменгі ұштық 6 арқылы плунжерда шток 7 арқылы клапанды 8 ершіктен 9 жұлып алады. НСН1 типті сораптың басты артықшылығы – ұңғыма өнімінде тұз, парафин жиналып қалған жағдайда сору клапанын ауыстыру сенімділігі, ал кемшілігі – ұстағыш (захватный) шток берік болғандықтан плунжердің жүріс ұзындығы шектеулі, нәтижесінде сорап өнімділігі шектеледі.

НН2Б типті сораптарда ұстағыш (захватный) шток 7 қысқартылған, ал плунжердің 5 төменгі бөлігінде ұштық 6 ұстағыш құрылғы түрінде жасалған, ол ұстағыш штоктың 7 сору клапанын 8 ұстап қалуды және сорап плунжерын көтеру кезінде сору клапанын ауыстыруды қамтамасыз етеді.