Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жетпісбаев -ПЗ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7.49 Mб
Скачать

1.3 Балансирлі тербелмелі-станок

Тербелмелі-станоктың негізгі тораптары-қаңқа, төртжақты пирамида тәріздес қима тіреуішінен, бұрылатын басынан тұратын балансирден, бұлғақпен маңдайшадан, яғни балансирге топсамен ілінген, қосиінмен бәсеңдеткіштен және теңсалмақтан тұрады. Тербелмелі-станокты ауыспалы шкивтер жиынымен жабдықтайды, яғни тербелмелі санын ауыстыру үшін қолданылады.Белдікті тез ауыстыру және тарту үшін, электроқозғалтқышты бұрылысты жылжымада орнатады.

Тербелмелі-станок сағалы соташыққа әсер ететін максималды мүмкін жүктемесімен, сағалық соташықтың жүріс ұзындығымен және бәсеңдеткіштің қос иінді білігіндегі айналу моментімен ерекшеленеді.

Атқаруы бойынша тербелмелі-станок екіге бөлінеді:СК жеті түрөлшемдері және СКД алты өлшемдері болады (1.3.1-сурет).

1-сағалы соташықтың аспасы; 2-тірекпен балансир; 3-тіреуіш; 4-шатун; 5-қосиін; 6-бәсеңдеткіш; 7-жетектегі шкив; 8-белдік; 9-электроқозғалтқыш; 10-жетекші шкив; 11-қоршау; 12-бұрылыс тақтайы; 13-рама; 14-тең салмақ; 15-маңдайша; 16-тежеуіш

1.3.1-сурет. СКД түріндегі тербелмелі-станок

Тербелмелі-станоктардың техникалық сипаттамасы мен қолдану салалары 1.1 және 1.1- кестелерде келтірілген.

СКД түріндегі тербелмелі-станоктың ерекшеліктері:түрлендіргіш механимнің қинематикалық сұлбасымен, симметриялық емес (дезаксиальды) 9 дезаксиал бұрышымен, яғни жоғарылатылған кинематикалық қатынаспен 0,6; аз масса мен габаритімен ерекшелінеді.

1.1-кесте-СК түріндегі тербелмелі-станоктың техникалық сипаттамасы

Көрсеткіштері

СК3-1,2-630

СК5-3-2500

СК6-2,1-2500

СК-12-2,5-4000

СКВ8-3,5-4000

СК8-3,5-5600

СК10-3-5600

Қалыпты жүктеме (сағалық соташықта),Кн

Сағалық соташықтың қалыпты жүріс ұзындығы,м

Қалыпты айналу моменті (бәсеңдеткіш біліктің шығу жерінде),кНм

Балансирдің минутына жүріс саны

Бәсеңдеткіш

Габариттік өлшемдер,мм,

көп емес

ұзындығы

ені

биіктігі

массасы,кг

30

1,2

6,3

Ц2НШ-315

4125

1350

3245

3787

50

3

25

5-15

Ц2НШ-450

7380

1840

5195

9500

60

2,1

25

Ц2НШ-450

6480

1840

4960

8600

120

2,5

40

Ц2НШ-750Б

7450

2246

5730

14415

80

3,5

40

5-12

Ц2НШ-750Б

8450

2246

6210

4200

80

3,5

56

Ц2НШ-560

8450

2246

6210

14245

100

3

56

Ц2НШ-560

7950

2246

5835

14120

1.2-кесте-СКД түріндегі тербелмелі-станоктың техникалық сипаттамасы

Көрсеткіштері

СКД3-1,5-710

СКД4-2,1-1400

СКД6-2,5-2800

СКД8-3,0-4000

СКД10-3,5-5600

СКД12-3,0-5600

Қалыпты жүктеме (сағалық соташықта),Кн

Сағалық соташықтың қалыпты жүріс ұзындығы,м

Қалыпты айналу моменті (бәсеңдеткіш біліктің шығу жерінде),кНм

Балансирдің минутына жүріс саны

Бәсеңдеткіш

Габариттік өлшемдер,мм,

көп емес

ұзындығы

ені

биіктігі

массасы,кг

30

1,5

7,1

5-15

Ц2НШ-315

4050

1360

2785

3270

40

2,1

14

5-15

Ц2НШ-355

5100

1700

3650

6230

60

2,5

28

5-14

Ц2НШ-450

6085

1880

4230

7620

80

3

40

5-14

Ц2НШ-700Б

6900

2250

4910

11600

100

3,5

56

5-12

Ц2НШ-560

7280

2250

5218

12170

120

3

56

5-12

Ц2НШ-560

6900

2250

4910

12065

Балансирлі тербелмелі-станок иіні бойынша екіге бөлінеді:біриінді және екіиінді балансирлі тербелмелі-станок.

Екі иінді балансирлі тербелмелі-станок кинематикалық сұлба бойынша орындалады, 1.3.2-суретте келтірілген. Балансирдің тірегі (С нүктесі) штангінің Д ілу нүктесімен және балансирдің В шатун нүктесі арасында орналасады. Балансирге күш бірнеше әдістермен беріледі. Көбінесе екі шатун қолданылады, бір-бірімен балансирлі-маңдайшамен байланысқан. Олар МЕСТ 5866-76 бойынша шығарылады.

1.3.2-сурет. Екі иінді балансирлі тербелмелі станоктың кинематикалық сұлбасы

Иілімді байланыстан басқа, топсаның көмегімен де болады. Мұндай жағдайда тізбектің штангісі балансирдің ұшына ілінеді. Мұндай қондырғы қазіргі кезде қолданылмайды, себебі тігінен тұрған сағалық шток басқа жаққа ауытқиды, яғни қондырғының екі жүрісі кезінде болады.

Механикалық балансирлі тербелмелі-станок гравитациялық (жүк) немесе пневматикалық теңгеру қондырғысымен жабдықталады.Теңгеруші жүктерді орналастырудың келесідей әдістері бар: балансирмен, ротормен ,әртүрлі және шатундық теңгерумен тербелмелі-станоктар болады. Қазіргі уақытта үш түрі қолданылады.

Аталған әдістердің кинематикалық сұлбасы 1.3.3-суретте келтірілген.

а-балансирлі теңгеру; б-қосиінді (роторлық) теңгеру; в-аралас теңгеру; г-тербелу құймақасығы арқылы теңгеру; д-теңсалмақпен теңгеру, екі жиілікті айналумен; е-бұлғақтық теңгеру

1.3.3-сурет. Екі иінді тербелмелі-станоктың механикалық теңгеру әдістері

Бір иінді балансирлі тербелмелі-станок кинематикалық сұлбасы бойынша орындалады, 1.3.4-суретте келтірілген, оларға сипаттама ретінде С тіректің балансир ұшында орналасуы, ал шатун мен балансирдің байланысу нүктесі В-штанга мен тіректің арасында орналасқан.

1.3.4-сурет. Бір иінді балансирлі тербелмелі-станоктың кинематикалық сұлбасы

Бір иінді балансирлі тербелмел-станок жүктермен немесе пневматикалық аккумулятормен теңгеріледі. Бірінші жағдайда жүк балансирде, қосиінде, немесе екеуінде де жинақталуы мүмкін. Теңгеру:балансирлі, роторлы немесе әртүрлі болуы мүмкін (1.3.5-сурет).

:а-балансирлі теңгеру; б-қосиінді теңгеру (роторлық); в-аралас теңгеру

1.3.5-сурет. Бір иінді балансирлі тербелмелі-станоктың теханикалық теңгеру әдістері

Ең кең таралған роторлық теңгеру. Ол ықшамдылығымен ерекшелінеді, бұл металлсыйымдылықты жетекті құрылымдауға мүмкіндік береді. Пневматикалық теңгеруде тербелмелі-станок жинағышпен пневмоцилиндрмен және көмекші жабдықпен жабдықталады.Теңгеру пневматикалық аккумуляторда потенциалдық энергияның жинақталуымен асады.