
- •Түсініктемелік жазба
- •Түсініктемелік жазба
- •5В072400 – Технологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша)
- •5В072400 – Технологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша)
- •Аннотация
- •Аңдатпа
- •Мазмұны
- •1 Техникалық бөлім
- •1.1 Штангалық ұңғымалық қондырғылар
- •1.2 Ұңғымалық штангалық сораптың жетегі
- •1.3 Балансирлі тербелмелі-станок
- •1.4 Сораптық ұңғымалардың саға жабдықтары
- •1.5 Ұңғымалық штангалық сорап
- •1.6 Екінші балансир басымен қамтамасыз етілген-энергия сақтағыш станок-качалка
- •2 Есептік бөлім
- •2.1 Штангалы ұңғымалық сорап қондырғыларын есептеу
- •2.2 Тербелмелі-станок балансирінің басына түсетін жүктемені анықтау
- •2.3 Штангалы сораптың плунжерінің жүру ұзындығын анықтау
- •2.4 Арнайы бөлім
- •2.4.1 Патенттік сараптау
- •2.4.2 Тербелмелі-станоктың конструкциясын жетілдіру
- •3 Техникалық қауіпсіздік және еңбек қорғау бөлімі
- •3.1 Еңбек қорғау мен тіршілік қауіпсіздігінің құқықтық және ұйымдық мәселелері
- •3.2 Өндірістік қауіпті және зиянды факторларды талдау
- •3.3 Өндірістік жарақат, кәсіби аурулар, сәтсіз оқиғалар және олардың алдын-алу шаралары
- •3.4 Жерлендіру есебі
- •3.5 Дірілді есептеу шаралары
- •4 Қоршаған ортаны қорғау бөлімі
- •4.1 Лақтырынды көздердің сипаттамалары
- •4.2 Жалпы табиғатты қорғау талаптары
- •4.3 Атмосфераны ластанудан сақтау
- •4.4 Су ресурстарын рационалды қолдану және қорғау
- •4.5 Жер қойнауын өңдеу кезіндегі қорғау шаралары
- •5 Экономикалық бөлім
- •5.1 Жабдықты жобалаудың экономикалық негізі
- •5.2 Экономикалық нәтижелікті анықтау
- •5.3 Экономикалық тиімділікті есептеу
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
4.5 Жер қойнауын өңдеу кезіндегі қорғау шаралары
Жер қойнауын өңдеу кезіндегі оны қорғау талаптарымен сәйкес қауіпсіз жұмыс жүргізу шартын сақтай отырып максималды кен өндірумен қамтамасыз ететін шаралар орындау қажет.
Кен орындарын өндіру кезінде жер қойнауын қорғау бойынша келесідей шаралар жүзеге асырылады:
- ұңғыма пайдалану кезінде өнім горизонттарының өндірушілік мүмкіндіктері жайлы қосымша ақпарат алыну қажет;
- ұңғыманы пайдалану және меңгеру ұңғыма сағасының сенімді герметизацияланған құрылғымен, мұнай төгілуін және ашық атқылауды болдырмаумен сәйкес келетін жабдықпен өндірілуі тиіс;
- мұнай ұңғымаларының өнімділігін жоғарылату бойынша қатпардың кенді аймағына әсерету жолымен шаралар жүргізу кезінде тұрғызылған құбырлардың колонналарының, өнімділік горизионттарынан жоғары және төмен орналасқан цемент тастардың сақталуы қамтамасыз етіледі;
- дефектілі ұңғымаларды пайдалануға рұқсат етілмейді (пайдалану колонналарының қапталуының бұзылуы, колоннадағы цемент тастардың болмауы, фланцты қосылудың босатылуы);
- кен орындарын өңдегенде гидродинамикалық комплекс және ұңғыманың техникалық жағдайы мен өңдеу процессін бақылау мақсатымен кәсіптік- геофизикалық зерттеулер орындалуы тиіс.;
Жабдықтың керімонтаждалуы, ұңғыманың меңгерілуі және бұрғылауды аяқтағаннан соң қоршаған ортаны қорғау талаптарымен сәйкес жер учаскелерін қалпына келтіру бойынша шаралар жүргізу қажет.
Бөлім бойынша қорытынды:
Кен орындарын пайдалану және бұрғылау кезінде қоршаған ортаны және жер қойнауын қорғау саласындағы заңды және нормативті құжаттардың талаптарын қатаң сақтау қажет. Барлық ұйымдардың жобалау, бұрғылау, жабдықтау және пайдалану сатыларындағы әрекеттер жобалық құжаттармен сәйкес қатаң түрде жүргізілуі тиіс.
5 Экономикалық бөлім
5.1 Жабдықты жобалаудың экономикалық негізі
Жабдықты жобалау кезінде экономикалық есептеусіз қолданылатын шешім шығару мүмкін емес.
Жабдықтың экономикалық тиімділігін анықтау үшін ол жабдықты өндіріс объектісі және пайдалану объектісі деп бағалау қажет. Салыстыру базасы негізінде отандық немесе шетелдік ең үздік сол технологиялық процесс бойынша дайындалған техниканы алады. Салыстырылатын жабдықтардың негізгі параметрлері өлшемдері бойынша сәйкес келуі керек. Тек қолданылатын аймағына байланысты бұл жабдықтардың негізгі өлшемдерінде айырмашылықтар болуы мүмкін.
Жаңа жабдықты өндірілетін объект ретінде қарастырғанда оның дайындалу кезіндегі еңбексіңіргіштігі (жалпы және құрылысты), салыстырмалы материалсыйымдылығы (жалпы және құрылысты материалсыйымдылығы, материалды пайдалану коэффициенті), массасы (жалпы және салыстырмалы), өзіндік құны, жоба алды және жобалау сатысында анықталады, сонымен қатар жабдықтардың бағасы бойынша (жоғарғы және төменгі шекті баға, лимитті баға) бойынша бағаланады.
Жабдықты құрастыру кезіндегі жалпы еңбексыйымдылықты, кететін еңбек шығынының суммасын жоба алды сатысында анықтау өте қиын.
Құрылысты еңбексыйымдылық әртүрлі технологиялық сатыдағы еңбек шығынының суммасы (балқыту, темір соғатын өнім, механикалық, термиялық өңдеуге, жинау және т.б.).
Салыстырмалы еңбексыйымдылықты жабдықты жасауға кеткен жалпы еңбек шығыны суммасының белгіленген параметрге қатынасы. Әрине, бұл әдіс еңбек шығынын дәл анықтамайды, өйткені ол қосалқы жабдықтардың массасын және басқа факторлар ескермейді.
Материалсыйымдылығы едәуір технологиялық процеске және жабдықтың массасына, оның конструкциясының ерекшелігіне байланысты.
Жобаланып жатқан жабдықтың бағасын анықтау негізінде базалық жабдықтың берілген шамасы бойынша анықталады.
Лимиттелген бағасы 80% тең, бұл жағдайда жобаланып жатқан жабдықтың экономикалық тиімділігі нөлге тең болады. Бұл – жобаланып жатқан жабдықтың ең үлкен мүмкіндік бағасы.
Материалды пайдалану коэффициенті – жабдықты пайдалану кезіндегі жөндеуге кеткен еңбек шығыны көлемінің жалпы жабдықты құрастыруға кеткен еңбек шығынына қатынасына тең болады.
Материалсыйымдылықты пайдалану коэффициенті – жөндеуге кететін ауыстырылатын жабдықтардың массасының жалпы жабдықтың массасына қатынасымен анықталады.
Пайдалану кезіндегі жөндеусыйымдылық коэффициенті – жөндеуге кеткен сумманың жабдықтың жалпы суммасына қатынасы.
Жабдықтың рентабельділігі жабдықтың шығаратын өнімі бағасының шығынға кететін бағаға қатынасымен анықталады (бірдей уақыт пен период аралығында). Барлық жағдайда рентабельділік жоғары болу керек.
Есесін қайтару мезгілі жабдықтың пайдалану уақыты кезінде экономикалық тиімділігі жабдықтың жалпы бағасына тең болғанда болады.
Мұнай және газ өндіретін өндірістерде кен орнын пайдалануға кететін шығындарды, сонымен қатар жабдықтар мен құралдардың пайдалануына кететін шығындардың барлығы мұнайдың өзіндік құнына жатады. Жаңа немесе базалық жабдықтың салыстырмалы өзіндік құны кей кезде конструкцияны өңдеу кезінде басталады, жиірек өндірістік сынауда және кәсіпшілікте жаңа конструкцияны енгізген кезде есептейді.
Қолданылатын жабдықтың пайдалану нәтижелігі жобаның өзіндік құнымен және базалық жабдықтың нақты шығындарымен салыстырмалы болады. Экономикалық нәтижелік базалық және жобаланған жабдықтың өнімдерінің өзіндік құнының жылдық өнім көлемінің қатынасына тең болады.
Көп жағдайда экономикалық нәтижелікті анықтағанда, күтілетін немесе жоспарлық нәтижеліктің өзгеруіне себеп болатын өзгерістерді есептейді.
Жабдықтарды конструкциялағанда бұл экономикалық көрсеткіштер барлық кезде қолданыла бермейді.