Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жетпісбаев -ПЗ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7.49 Mб
Скачать

4 Қоршаған ортаны қорғау бөлімі

4.1 Лақтырынды көздердің сипаттамалары

Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау шаралары мұнай пласттарын өңдеумен және сыннан өткізгенде, бұрғылау кезінде жүргізілген жұмыс ерекшіліктерімен бірге белгіленген. «Технологиялық және конструктивті-техникалық шешімдер» жобасында қабылданғандар табиғатты қорғау талаптарын болшақта қоршаған ортаның ластануының зардаптарын жою шараларын жүргізудің қажеттіліктерінен құтылу үшін жеткілікті көлемде есепке алады.

Кен орындарын пайдалану және бұрғылау кезінде қоршаған ортаны және жер қойнауын қорғау саласындағы заңды және нормативті құжаттардың талаптарын қатаң сақтау қажет. Барлық ұйымдардың жобалау, бұрғылау, жабдықтау және пайдалану сатыларындағы әрекеттер жобалық құжаттармен сәйкес қатаң түрде жүргізілуі тиіс.

Кен орнын жабдықтау алдында қоршаған орта мониторингы- экологиялық орналасуына күрделі зерттеу жүргізіледі. Зерттеу нәтижесінде табиғатты қорғау шараларын жүргізу мерзімі және көлемі, тәртібі нақтыланады.

Мұнай кен орындарын өңдеуді аяқтағаннан кейін табиғатты қорғау шараларын жүргізу қажет: қамба ликвидациясы, бекітілген территориялар, тұрып қалған сулар.

Қоршаған ортаға ұңғыма құрылысы және кен орындарын жабдықтау кезіндегі негізгі кері әсерлерге жататындар:

- бұрғылық және тампонажды ерітінділер;

- бұрғылық жуу сұйығы және бұрғылық шлам;

- қоршаған ортаға өндірістік қызметтер процесінде байқалатын зиянды заттардың үлкен көлемінің түсуі;

- жер қыртысының үстінгі бетінің қалдықтардың, лақтырындылардың, тастандылардың орналасуы, полигон құрылғысы және мұнай қамбаларының есебінен қарқынды ластануы;

- кәсіп объектілерінің орналасуына арналған орындар (тұрақты тастаулар) және өнімдік ауылшаруашылығына пайдаланылатын жер құрамындағы иесіз жер аудандарына құрылыстық- монтаждық жұмыстардың жүзеге асырылуы (уақытша тастаулар);

- химиялық реагенттер және тампонажды және бұрғылық ерітінділердің өңдеу, ауырлату және дайындауға арналған материалдар;

- жұмыс жасап тұрған құрылғыдан пайда болған және жануарлар әлеміне кері әсер ететін шулық жүктемелер;

- өндірістік ортаны, адамға зақымдану әрекетін шақыратын элементтерді (жоғары жылытылған жазықтықтар, механизмдер мен машиналардың айналмалы детальдары, діріл, статикалық электр желісі).

Атмосферға булану нәтижесінде, пласттық мұнайды, көміртек оксиді және бұрғы қондырғысының қозғалтқыштарының пайдаланылған газдарының құрамындағы көмірсутектің газдалуы кезінде, алаудағы ілеспе газдарды өртеу кезінде көмірсутектер түседі.

Жер қойнауындағы су және топырақ табиғатты қорғау шараларын сақтамаса негізінен мұнайдан, суда ерігіш көмірсутектерден ластанады. Топыраққа мұнайдың түсу көзі сальниктердегі, фланцада және арматурада, лақтырынды және мұнайлақтырындылары сызықтарында, мұнай қамбаларында, тұндырғыш- қақпандарда, ұңғыма құрылғыларында еріктіктің болмауы болып табылады.

4.2 Жалпы табиғатты қорғау талаптары

Территорияның және су қоймасының ластануын, тығыз жерасты сулардан және өнімдік горизонттардың сулануын болдырмау, жер, су, орман, (қоршаған ортаны қорғауға) жер қойнауы туралы әрекет ететін заңнамалардың талаптарын сақтауды қамтамасыз ету келесідей шарттармен белгіленеді:

- топырақты ластану мен бұзылудан қорғауға арналған барлық жұмыстар тек территорияны қолдану жүргізілген шекте өткізіледі. Аудан айналасы қоршалады;

- бұрғылық аудан шегіндегі транспорт қозғалысты тек бекітілген трассамен жүзеге асыру;

- өндірістік обьектілерді орналастыру құрылғыларды орналастырудың бекітілген сұлбасымен сәйкес келуі тиіс;

- сусымалы материалдар және химиялық реагенттер жабық орындарда немесе қоршалған аудандардағы аспаларға орнатылған және жер деңгейінен биіктетілген контейнерлерде сақталуы тиіс;

- бұрғылық ерітіндіні сақтау ағып кетуін болдырмайтын сыйымдылықтарда жүзеге асырылады;

- химиялық элементтерді дозалау су объектілері және топыраққа түсуін болдырмайтын арнайы жабдықталған беттерде жүргізіледі;

- ұңғыманы, оның үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз ету мақсатында бұрғылау кезінде ашық атқылаудың болдырмау үшін мыналармен қамтамасыз етілуі тиіс: ұңғыманың сенімді ұңғысы(сіңірулер мен опырылымдардың интервалдары бекітілген), пайдаланылатын және техникалық колонналардың сапалы жағдайы, колоннадан сағаға дейінгі цементтің сапалы көтерілімі, ұңғыманың сағалық бөлігіндегі барлық тораптар байланысының берік және герметикалық бекітілуі;

- жанғыш қатты қалдықтар жиналады және полигондарға тасымалдаумен қоқысжандырғыш құрылғыда жандырылады. Қалдықтардың саны ОВОС – та анықталуы қажет;

- қоймалжың өндірістік қалдықтар шлам қамбаға жандыруға жіберіледі. Қалдықтардың саны ОВОС – та анықталуы қажет;

- барлық пайдаланушы ұңғымаларға құжаттарды анықтап реттеу үшін мұнай өнімдерінің есебі жеткізілуі қажет.;

- ұңғымаларды фланцтық байланыстың герметикалық бұзылған пайлдалану колонналарымен пайдалануға рұқсат етілмейді, көрсетілген дефектілердің әсерін жою қажет.;

- ұңғымада, қатпарлы су құйылуын көрсету жағдайында оқшаулау –жөндеу, ал ауыр жағдайларда оқшаулағыш– ликвидациялық жұмыстар жүргізілуі тиіс;

- жер қойнауын пайдаланудың дұрыстығын бақылау біокелкі байқау жүргізуге негізделу қажет.