
- •Түсініктемелік жазба
- •Түсініктемелік жазба
- •5В072400 – Технологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша)
- •5В072400 – Технологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша)
- •Аннотация
- •Аңдатпа
- •Мазмұны
- •1 Техникалық бөлім
- •1.1 Штангалық ұңғымалық қондырғылар
- •1.2 Ұңғымалық штангалық сораптың жетегі
- •1.3 Балансирлі тербелмелі-станок
- •1.4 Сораптық ұңғымалардың саға жабдықтары
- •1.5 Ұңғымалық штангалық сорап
- •1.6 Екінші балансир басымен қамтамасыз етілген-энергия сақтағыш станок-качалка
- •2 Есептік бөлім
- •2.1 Штангалы ұңғымалық сорап қондырғыларын есептеу
- •2.2 Тербелмелі-станок балансирінің басына түсетін жүктемені анықтау
- •2.3 Штангалы сораптың плунжерінің жүру ұзындығын анықтау
- •2.4 Арнайы бөлім
- •2.4.1 Патенттік сараптау
- •2.4.2 Тербелмелі-станоктың конструкциясын жетілдіру
- •3 Техникалық қауіпсіздік және еңбек қорғау бөлімі
- •3.1 Еңбек қорғау мен тіршілік қауіпсіздігінің құқықтық және ұйымдық мәселелері
- •3.2 Өндірістік қауіпті және зиянды факторларды талдау
- •3.3 Өндірістік жарақат, кәсіби аурулар, сәтсіз оқиғалар және олардың алдын-алу шаралары
- •3.4 Жерлендіру есебі
- •3.5 Дірілді есептеу шаралары
- •4 Қоршаған ортаны қорғау бөлімі
- •4.1 Лақтырынды көздердің сипаттамалары
- •4.2 Жалпы табиғатты қорғау талаптары
- •4.3 Атмосфераны ластанудан сақтау
- •4.4 Су ресурстарын рационалды қолдану және қорғау
- •4.5 Жер қойнауын өңдеу кезіндегі қорғау шаралары
- •5 Экономикалық бөлім
- •5.1 Жабдықты жобалаудың экономикалық негізі
- •5.2 Экономикалық нәтижелікті анықтау
- •5.3 Экономикалық тиімділікті есептеу
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
3 Техникалық қауіпсіздік және еңбек қорғау бөлімі
3.1 Еңбек қорғау мен тіршілік қауіпсіздігінің құқықтық және ұйымдық мәселелері
Дипломдық жобаның нақты бөлімі «ҚР-ның еңбек кодексінің» дәйектемесімен 15.05.07. № 252 ҚР ІІІ заңы бойынша жазылған, 22.11.96 бастап «Өрт қауіпсіздігі туралы заңы», № 314 – ҚР ІІІ заңы бойынша 03.04.02 бастап «Қауіпті өндіріс обьектілеріндегі өнеркәсіп қауіпсіздігі туралы заңы». Сонымен қатар «Газ және мұнай өңдейтін кенорындарындағы жалпы қауіпсіз ережелерге» сәйкес 25.11.71. бастап және №2231 29 желтоқсан 2009 жылдан бастап «Мұнайгаз кәсіпшілік, бұрғылау, геологобарлау және геофизикалық жабдықтарының қауіпсіздігіне талаптар» техникалық регламентіне, №153 1 наурыз 2010 жылдан бастап «Бензиннің, жанаржағармайдың және мазуттың қауіпсіздігіне талаптар» техникалық регламентіне сәйкес .
Еңбекті қорғау туралы заңдар – Қазақстан Республикасының Еңбекті қорғау Заңы және басқа да Заңдар мен еңбек қауіпсіздігі және гигиенасы, орта жөніндегі нормативтік актілерден тұрады.
Еңбекті қорғау заңының 2 – ші бабы бойынша кәсіпорын әкімшілігі тиісті нормативтік актілермен белгіленген тәртіппен барлық қызметкерлердің жұмыскерлердің еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі оқуын ұйымдастыруға нұсқау беруге және білімін тексеруге, қайта аттестациялауға міндетті.
Кәсіпорындардағы әрбір жұмыс орнындағы еңбек жағдайлары – еңбекті қорғау жөніндегі стандарттардың, ережелер мен нормалардың талаптарына сай болуға тиіс.
Қазақстан Республикасының Еңбекті қорғау Заңы бойынша жұмысшылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау туралы баптар көрсетілген:
-өндірісте жұмыс жасайтын тұлғалардың еңбегін қорғау, еңбек жағдайындағы жалақыларын төлеу және жұмыстан шығару;
- әрбір тұлға талаптарға сай еңбек жағдайына құқығы бар;
- әрбір жұмысшы демалуға құқығы бар;
- Қазақстан Республикасының әрбір тұлғасы мемлекеттік құқық қорғау жүйесінде медициналық көмек алуға құқығы бар.
3.2 Өндірістік қауіпті және зиянды факторларды талдау
Мұнайгаз өндіруші өнеркәсіптер қоршаған ортаны ластайтын негізгі салалардың қатарына жатады. Мұнай және газ кен орындарын игеру мен пайдалану барысында, оның қоршаған табиғи орта мен жер қойнауына техногендік әсері өте зор.
Қоршаған ортаны және жер қойнауын қорғау Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі заңына сәйкес жүзеге асырылуы және халықаралық нормалар мен ережелерге сай болуы керек.
Мұнай және газ кен орындарын игеру мен пайдалану кезінде қоршаған ортаны қорғаудың негізгі талаптары Қазақстан Республикасы Заңының негізінде құрылып, 1996 жылдың 18 маусымында бекітілген “Қазақстан Республикасының мұнай және газ кен орындарын игерудің бірегей ережесінде”: “Мұнай туралы”, “Қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы”, “Лицензиялау туралы”, “Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы” және басқада нормативтік актілерінде баяндалған.
Экожүйеге мұнайдың биохимиялық әсер етуіне көптеген көмірсутектік және көмірсутексіз компоненттер, соның ішінде минералды тұздар мен микроэлементтер қатысады. Кейбір компонеттердің улы әсері келесі бір компоненттің қатысуымен бейтараптануы (нейтрализациялануы) мүмкін. Сондықтан, мұнайдың улылығы, оның құрамына кіретін жеке бір қосылыстардың улылығымен анықталмайды. Бірақ айта кетер жайт, кейбір қосылыстар суммация эффектісі деп аталатын қасиетке ие. Суммация эффектісі - бұл оның құрамына кіретін жекелеген компоненттермен салыстырғанда едәуір қауіпті және өте улы болып келетін аралық қосылыстардың түзілу процессі. Мұнай газ кен орындарын игеру кезінде ең көп қауіпті жағдай, бұл гидросфераның (жер асты суларының және ашық су қоймаларының), атмосфераның (ауаның) және литосфераның (топырақтың) ластануы болып табылады. Химиялық құрамы бойынша әртүрлі болып келетін қатты қалдықтар, сондай-ақ ақаба сулар (ағынды лас сулар) жер топырағын және жер бетіндегі суларды ластай отырып, олардың санитарлы-гигиеналық жағдайын нашарлатады және биологиялық құнарлығын азайтады.
Технологиялық жабдықтардан (резервуарлар мен аппараттардан) зиянды заттардың бөлініп шығу себептеріне мыналарды жатқызуға болады: фланецті қосылыстарда саңылаудың болуы; коррозия салдарынан апаттың болуы; құбырлардың жарылып кетуі; жөндеу және профилактикалық жұмыстарды жүргізу барысында мұнайдың ағып кету жағдайының болуы.
Мұнайгаз өндіруші және өңдеуші кәсіпорындарында атмосфераға бөлініп шығатын негізгі ластаушы компоненттер: күкіртсутек, күкіртті ангидрид, көміртегі тотығы, көмірсутектер, азот тотығы және басқада қауіптілігі ІІІ-ІV класстарға жататын улы заттар болып табылады.
Батыс Қазақстан мұнайының химиялық құрамының ерекшелігін айта кетуіміз қажет. Өйткені оның құрамында меркаптандар, күкіртсутегі мен күкіртті газдар өте жоғары болып келеді. Санитарлық көзқарастан алғанда жоғарыда аталған компоненттер ішіндегі ең зияндысы және агрессивті ластаушы болып табылатыны күкіртті қосылыстар, ал көмірсутектік компоненттер ішінен - пентан.
Күкіртсутек - бұл жүйкені - жансыздандырушы (нервно-паралитический) күшті у, аяғы өліммен аяқталатын ауыр улануды туғызады, сонымен қатар күкіртсутек жоғары коррозиялық әрекеттілікке ие. Күкірттің қос тотығы адам ағзасына, өсімдіктер мен жануарлар әлеміне зиянды әсер етеді, ол азот тотығының және көмірсутектердің бөлшектерімен өзара әсерлеседі. Жоғары күкіртті отынды жаққанда немесе құрамында күкіртсутек бар газдарды факелге жағу кезінде SО2 -ның көп мөлшері атмосфераға шығарылады.
Органикалық отынды жағу кезінде атмосфераға күкірттің қостотығынан басқа азоттың қос тотығы да шығарылады. Күкірт пен азоттың қос тотықтары “қышқылдық жаңбыр” деп аталатын жауын түсуіне себепші болады, олар топыраққа түсе отырып, оның қышқылдылығының жоғарылауына әкеп соқтырады, ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігіне әсерін тигізеді. Қышқылдық жаңбырлар металды жабдықтар мен құбырлардың тоттануын туғызуы мүмкін. Мұнайлы кешендердің сыртқа шығарар зиянды қалдықтарының құрамына кіретін қышқылды газдар өсімдіктерге әсер етіп, нәтижесінде олар қатты зақымдалады. Газдардың топырақ пен өсімдіктерге кері әсері шектеулі. Бірақ, өсімдіктер үшін ең қауіпті күкірттің қос тотығы мен азот тотығы болып табылады, өйткені олар хлорофильді бұзады. Осының әсерінен 20% құрайтын жасыл массаның өсуі шектеледі.
Газдарды факелде жағу кезінде атмосфералық ауаның ластануымен қатар, 200-300м радиустегі өсімдіктер толық жойылады, ал факелге дейінгі 2-3км қашықтықтағы ағаштар қурап, жапырағын тастайды.
Ластаушылардың негізгі көздеріне жататындар: сағалық арматура сальнигінің, сораптардың, фланецтік қосылыстардың, ысырма тиектердің тығыз болмауы; газды факельдерде жағу барысында және мұнайдың булануы кезінде бөлінетін зиянды заттар; химиялық реагенттер; қабат сулары және т.б.
Мұндағы өндіру барысында үстіңгі сулы қабаттар мұнаймен және ілеспе өндірілетін сулармен ластанады. Мұнай улы қасиеттерге ие, оның аз мөлшерде суда болуы оны ішуге және шаруашылық-тұрмыстық қажеттілікке қолдануға жарамсыз етеді.
Мұнай-газ кен орындарын игеру барысында топырақ мұнаймен, әртүрлі химиялық заттармен, минерализациясы жоғары ағынды сулармен ластанады. Мұнай және оның басқа да компоненттері топыраққа түсе отырып оның қасиетін едәуір дәрежеде, ал кейде тіпті қалпына келместей етіп - битумдық сорлардың түзілуіне, гидронизациялануына, цементтелуіне және т.б өзгертеді. Бұл өзгерістер өсімдік пен жердің биоқұнарлылық жағдайының нашарлауына әкеп соқтырады. Топырақ бетінің бұзылуы нәтижесінде топырақ эрозиясы, дефляция, криогенез процесі жүреді.
Ауаны ластайтын негізгі көздерге кен орындарында қолданылатын технологиялық жабдықтар жатады:
-мұнайды қыздыру пештері (өртеу өнімдері);
-резервуарлар (булану);
-аппараттар (буферлік сыйымдылықта, сораптарда, айырғыштарда, жалғасқан құбырларда булану);
-газотурбиналы қозғалтқыштар (өртеу өнімдері);
-қазандық ошақтарында (өртеу өнімдері);
-факелдік жүйелер (өртеу өнімдері).
Құрамында күкіртсутегі бар газдарды атмосфераға жағусыз немесе бейтараптандырусыз шығаруға тиым салынады. Технологиялық аппараттар мен сыйымдылықтардың жұмысшы және резервті сақтандырушы клапандарынан шыққан газ факелдік жүйе арқылы жағылады.
Газды күкіртсутек пен меркаптандардан тазарту бойынша тиімді іс шаралар жүзеге асырылуы қажет.
Қондырғыларда, ғимараттарда, жұмыс аймағының ауасында күкіртсутектің бөлініп шығуы мүмкін жерлерге автоматты тұрақты газосигнализаторларды орнатады, сондай-ақ күкіртсутектің жиналуы мүмкін жерлерінде алып жүретін газосигнализаторлар мен газоанализаторлар арқылы ауа кеңістігіне бақылау жүргізеді.
Мұнай мен газ өндіру аудандарында зиянды қалдықтардың қоршаған ортаға шығуының жалпы мөлшерін, технологиялық процесстерді жетілдіру арқылы және газды толық пайдаға асыру мен оны тазалаудың әр түрлі әдістерін кеңінен енгізу негізінде төмендетуге болады.
Олардың едәуір тиімдісіне мыналарды жатқызуға болады:
-магистралдық газ құбырларында атмосфераның газбен, конденсатпен, мұнайдың буланған өнімдерімен ластануын болдырмас үшін конденсат жинаушы және дренаждау желілерін орнату керек;
-мұнай құбырларын, лақтырма желілерін, ағынды (ақаба, яғни лас су) суды таситын коллекторларды және жинау коллекторларын өз уақытында жөндеп отыру қажет;
-сұйық көмірсутектерді сақтау үшін артық қысымда немесе изотермиялық жағдайларда жұмыс істейтін резервуарларды, яғни буланудан үсті қорғалған резервуарларды қолдану;
-құрамындағы жеңіл компоненттері буланып атмосфераға шығуына жол бермес үшін шағын ыдыстар мен аппараттарды сүзгі-жұтқыштармен жабдықтау;
-кен орнынан тауарлы өнімді алу барысында газды утилизациялайтын арнайы қондырғыларды енгізу;
-шығарылған газды пайдаға жарату мен қайтару мүмкін болмаған немесе тиімсіз болған жағдайда оларды жағып жіберуге факелге бағыттау;
-газдарды жағуға арналған факелдер бар болған кезде, олардың биіктігі мен орналасуы стандарттарда қарастырылған концентрацияға дейін атмосфераның жер үсті қабатында зиянды заттардың ыдырап таралып кетуін қамтамасыз ету қажет.
Күкіртсутегі бар ортада қауіпсіз (апатсыз) жұмыс жағдайын қамтамасыз ету үшін, технологиялық жабдықтар, құбырлық арматуралар және құбырлар күкіртсутегіне төзімді, берік, арнайы болат маркаларынан жасалуы керек.
Күкіртсутекті ортада жұмыс жасайтын жабдықтардың сенімділігі және апатсыз пайдаланылуы арнайы ингибиторларды енгізу есебінен қамтамасыз етіледі. Ингибиторды - сыйымдылықты аппараттан, мөлшерлік сораптан және құбырларға жалғанған жіңішке түтікше арқылы береді.
Газды күкіртсутегінен тазалап алу, оны тасымалдау барысында құбырлардың коррозияға ұшырауына жол бермейді және атмосфераға шығарылатын зиянды заттардың жалпы мөлшерін азайтады.
Адамның денсаулығына жұмыс істеу ортасының микроклиматы айтарлықтай әсер етеді. Жұмыс ортасының микроклиматы – қоршаған ортаның ауасының температурасынан, оның ылғалдыпығынан және жүру жылдамдығынан құралады.
Өндірістік орталарды жобалаудағы санитарлық нормалар температура, ылғалдылық, ауаның жылдамдығының нормаларымен сипатталады. Осы нормаларға байланысты сығымдағыш станциясындағы ауаның оптималды температурасы ретінде келесі өлшемдерді қарастырады: жылдың суық және аусымды мезгілінде 17 – 190С; жылдың жылы мезгілінде 20 – 220С. Осыған орай ауа ылғалдылығы 60 – 40 % құрауы тиіс, ал оның жылдамдығы 0,3 – 0,4 м/с шамасында болады.
Жұмыс істеу ортасы деп – еденнен немесе алаңнан биіктігі 2 м-лік ауданды айтады. Бұл жерде жұмысшылар барлық жұмыс уақытының 50 % өткізеді.
Табиғи желдету кезіндегі ауа ауысымы бөлмедегі және оның сыртындағы ауа температураларының айырмашылығы арқасында іске асырылады, себебі қыздырылыған ауа жеңіл ауадан жеңіл болғандықтан сыртқа шығады.
Желдеткіштер және ауаөткізгіштері механикалық желдетудің негізгі элементтері болып табылады.
Желдету арқылы өндірістік бөлемелердің жұмыс аймақтарындағы қауіпті заттардың концентрациясы төмендетіледі және де ластанған ауаның таза ауамен араластыру арқылы шекті рұқсат етілген деңгейге дейін жеткізіледі.
Дұрыс орындалған жарықтандыру жүйесі өндірістік зақымдануды азайтуға едәуір септігін тигізеді. Ол көптеген өндірістік факторлардың потенциалды қаупін азайтады, көру мүшелеріне қалыпты жұмыс жағдайын жасайды және адам ағзасының жалпы жұмыс қабілеттілігін арттырады.
Өндірістік зақымданудың сараптамасы жылдың жарық мезгілінде, қалыпты жағдайда өндірістегі зақымдану едәуір төмендейтінін көрсетеді. Көшенің жарығы жол апаттарының санын 20 – 30 %-ға азайтады. Табиғи жарықтандыру жетіспеген жағдайда аралас (табиғи және жасанды) жарықтандыруды қолдануға болады. Бұл гигиеналық тұрғыдан дұрыс.
Техниканың жедел дамуымен байланысты машиналар мен механизмдердің өнімділігі мен қуаты артуда, ол өз ішінде кей жағдайларда шу мен дірілдердің деңгейінің артуына әкеледі. Бұл жаңа құрылғыны ойлап табу барысында санитарлы нормаларды ескермеуінің салдарынан болады.
Қатты шу, есту мүшелеріне әсер етеді және кей жағдайда адамның дұрыс естімеуіне немесе керең болуына алып келеді. Онымен қоса адамның жүрек талмасына және ас қорыту жүйесінің нашарлауына, жүйке жүйесінің тозуына алып келеді.
Белгілі болғандай, үлкен жиіліктегі ұзақ мерзімдегі қатты шудың әсерінен адамдардың еңбек қабілеттілігі 60 %-ға дейін төмендеген. Ал есептеу жұмыстарында жіберген қателіктерінің саны 50 %-ға дейін артқан.
Жабдықтардың уақытында жөнделуіне аса маңыз бөліну керек, себебі бөлшектердің тозуы шу деңгейінің жоғарлауына әкеледі.