
- •Түсініктемелік жазба
- •Түсініктемелік жазба
- •5В072400 – Технологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша)
- •5В072400 – Технологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша)
- •Аннотация
- •Аңдатпа
- •Мазмұны
- •1 Техникалық бөлім
- •1.1 Штангалық ұңғымалық қондырғылар
- •1.2 Ұңғымалық штангалық сораптың жетегі
- •1.3 Балансирлі тербелмелі-станок
- •1.4 Сораптық ұңғымалардың саға жабдықтары
- •1.5 Ұңғымалық штангалық сорап
- •1.6 Екінші балансир басымен қамтамасыз етілген-энергия сақтағыш станок-качалка
- •2 Есептік бөлім
- •2.1 Штангалы ұңғымалық сорап қондырғыларын есептеу
- •2.2 Тербелмелі-станок балансирінің басына түсетін жүктемені анықтау
- •2.3 Штангалы сораптың плунжерінің жүру ұзындығын анықтау
- •2.4 Арнайы бөлім
- •2.4.1 Патенттік сараптау
- •2.4.2 Тербелмелі-станоктың конструкциясын жетілдіру
- •3 Техникалық қауіпсіздік және еңбек қорғау бөлімі
- •3.1 Еңбек қорғау мен тіршілік қауіпсіздігінің құқықтық және ұйымдық мәселелері
- •3.2 Өндірістік қауіпті және зиянды факторларды талдау
- •3.3 Өндірістік жарақат, кәсіби аурулар, сәтсіз оқиғалар және олардың алдын-алу шаралары
- •3.4 Жерлендіру есебі
- •3.5 Дірілді есептеу шаралары
- •4 Қоршаған ортаны қорғау бөлімі
- •4.1 Лақтырынды көздердің сипаттамалары
- •4.2 Жалпы табиғатты қорғау талаптары
- •4.3 Атмосфераны ластанудан сақтау
- •4.4 Су ресурстарын рационалды қолдану және қорғау
- •4.5 Жер қойнауын өңдеу кезіндегі қорғау шаралары
- •5 Экономикалық бөлім
- •5.1 Жабдықты жобалаудың экономикалық негізі
- •5.2 Экономикалық нәтижелікті анықтау
- •5.3 Экономикалық тиімділікті есептеу
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
2.4 Арнайы бөлім
2.4.1 Патенттік сараптау
Бұл дипломдық жобада 2000-2005 жылдар аралығындағы тербелмелі-станоктарға жаңа өнертабыстарды қарастырдым. Патенттер төменде келтірілген. 20.07.2003 жылғы №2208705 "Екі ұңғымаға арналған тербелмелі-станок" патенті. Өнертабыс мұнай өндіру кәсіпшілігінде қолдануға арналған. Екі ұңғымаға арналған тербелмелі-станок тұрықтан, электрқозғалтқыштан, бәсеңдеткіштен, кривошиптен, шатуннан, тіректе шарнирлі орнатылған және сораптық қондырғы штангасымен әрекет ететін балансирден, арқандық тартқыштан тұрады. Қондырғыда сонымен қатар екінші тұрықта шарнирлі орнатылған екінші балансир бар. Арқандық тартқыш екі шкивпен әрекеттеседі, олардың біреуі тұрықта қатты бекітілген, ал екіншісі – тіректе.
Іргетас, рама, тірек, электрқозғалтқыш, бәсеңдеткіш, кривошип, роторлық противовес, шатун, балансирлі противовес, кривошип, балансир, ілгіш (подвеска), штанга және ұңғыма сағасы бар қондырғы белгілі (Краткий политехнический словарь. М.: Государственное издательство технико-теоретической литературы, 1956 г., с. 886).
Бірақ аталған техникалық қондырғының кемшіліктері бар: тиімділігі аз және электрэнергиясын тиімді пайдаланудың талаптарына сай келмейді. Кривошиптің әр айналымында айналымның тек жартысы ғана мұнайды өндіруге кетеді. Кривошип айналымының екінші жартысында электрэнергиясы дұрыс жұмсалмайды, ол ауыр противовестерді көтеруге жұмсалады, ал бұл мұнайды бұрғылау процесымен байланысты емес.
Сонымен, жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет етуге кететін шығындар мен электрэнергиясының 50% мақсатсыз жұмсалады, содан мұнай мен мұнай өнімдері қымбаттайды, қайта қалпына келмейтін шикізат қорын бекерге шығындайды.
Рамасы, электрқозғалтқыш, бәсеңдеткіш, бәсеңдеткіштің жетектегі білігінің айналмалы қозғалысын шатунның ілгері-кейін қозғалысына өзгертетін механизмі, шатуны, балансирі бар қондырғы белгілі (К.С. Аливедизаде. Приводы штангового глубинного насоса. М.: Недра, 1973 г., с. 184).
Екі ұңғыма сағасы осьтерінің арасындағы қашықтық балансирдің ұзындығына тең. Балансир екі штангамен теңестіріледі және противовесы болмайды.
Бірақ бұл қондырғының да кемшіліктері бар: екі ұңғыманың жақын орналасуынан оны бұрғылау шарттары қиындайды, сонымен қатар тербелмелі-станокты пайдалануды бастау уақытын ұзартады. Сонымен қатар бір ұңғыманы жөндеу керек болғанда екінші ұңғымадан мұнайды өндіру мүмкіндігі жоқ.
Жоғарыда аталған кемшіліктердің салдарынан аталған қондырғы практика жүзінде қолданысқа ие болмады, сондықтан мұнайды өндіру қазіргі уақытқа дейін көбінесе ескі қондырғылармен жүзеге асырылады. Олардың өнімділігі аз және электрэнергиясын тиімсіз пайдаланады.
Мақсат: тербелмелі-станоктың конструкциясын жақсарту. Ол станок жетегін жұмысқа қосу және монтаждау уақытын азайтуы, бағасы қымбат емес, екі ұңғыманы бірдей пайдалануды қамтамасыз етуі керек.
Қойылған мақсатқа аталған қондырғыда бір емес екі балансирдің болуы арқылы жетеді (2.4.1-суретке сәйкес). Олардың әрқайсысы жеке тіректе орналасқан және сораптық қондырғының штангаларымен балансир басы 10, 20 және ілгіш (подвеска) 11, 21 көмегімен өзара әрекеттеседі.
Балансирлермен 6, 13 бірге тіректер бір-бірінен біршама қашықтықта (бірнеше ондаған метрге дейін) орналасқан екі ұңғыманың 9, 19 қасында қондырылған және бұл қашықтық балансир ұзындығына байланысты емес.
Бәсеңдеткішке 3 жақын орналасқан бірінші тіректің 7 балансирі 6 кривошиппен 4 шатун 5 көмегімен әрекеттеседі.
Бәсеңдеткіштен 3 келесі жақта орналасқан екінші тіректің 12 балансирі 13 кривошиппен 4 арқандық тартқыш 14 көмегімен әрекеттеседі, оның бір жақ ұшы бірінші балансирдің 6 шатунына 5 шарнирлі қондырылған, ал екінші ұшы екінші балансирдің 13 шатунына 17 қатты бекітілген.
1-тұрық; 2- электрқозғалтқыш; 3- бәсеңдеткіш; 4-кривошип; 5, 17-шатун; 6, 13- балансир; 7, 12-тірек; 8,18-штанга; 9, 19-ұңғыма; 10, 20- балансир басы; 11, 21- ілгіш (подвеска); 14- арқандық тартқыш; 15, 16-шкив; 22-қорғаушы козырек.
2.4.1-сурет. Екі ұңғымаға арналған тербелмелі-станок
Арқандық тартқыш 14 канавкалары бар шкивтер 15, 16 көмегімен бағытталады және қозғалады, олардың біреуі 15 тұрықта, ал екіншісі 16 екінші ұңғыманың 19 тірегінде 12 орналасқан.
Аталған қондырғы келесідей жұмыс жасайды: электрқозғалтқышты 2 қосқан кезле айналмалы қозғалыс бәсеңдеткішке 3 және кривошипке 4 беріледі.
Кривошип 4 айналмалы қозғалысты шатундардың 5, 17 іргері-кейін қозғалысына айналдырады. Шатун 5 балансирмен 6 әрекетттеседі. Балансир 6 ұңғыманың 9 сораптық қондырғысының штангасымен 8 балансир басы 10 және ілгіш (подвеска) 11 көмегімен әрекетттеседі.
Кривошип 4 өзі айналған кезде екінші шатунмен 17 және балансирмен 13 арқандық тартқыш 14, шкивтер 15,16 арқылы әрекетттеседі.
Балансир 13 өз кезегінде ұңғыманың 19 штангасымен 18 балансир басы 20 және ілгіш (подвеска) 21 арқылы әрекетттеседі.
Кривошиптің 4 бір айналымында ұңғымалардың 9, 19 екі сораптық қондырғылары кезекпен жұмыс істейді.
Аталған қондырғының экономикалық тиімділігі: тербелмелі-станоктың өнімділігі 2 есе артады, ал электрэнергия шығыны 2 есе азаяды, сонымен қатар монтаж және пайдалануды бастау уақыты азаяды, жабдықтың техникалық қызмет етуі, жөндеу және сатып алу шығындары азаяды. Бір ұңғыманы жөндеу кезінде келесі ұңғымада мұнай өндіру жұмыстары жүргізіле береді.
27.06.2000 жылғы №132489 патент. Тербелмелі-станок мұнай өндіру кәсіпшілігінде ұңғымалық штангалық сораптардың жетегі ретінде қолдануға арналған. Тербелмелі-станок қосымша теңгеру жүйесімен жабдықталған, ол жүк түрінде болады және жылтыратылған штокпен екі кронштейнде бекітілген өстерде айналатын роликтан өткізілген иілгіш тяга арқылы жалғанған. Жүктемелер біршама азаяды және электрэнергиясының шығындары төмендейді.
Теңіз кәсіпшілігінде қолданылатын тербелмелі-станоктар белгілі, олар доға тәрізді басшығы бар балансирден, полый сыйымдылық түрінде жасалған, теңіз деңгейінен төменде орналасқан теңгергіш жүйеден және балансирдің доға тәрізді басшығымен шарнирлі байланысқан тіреуіштен, рамадан тұрады (А.С СССР N 1603054, F 04 B 47/02, Б.И N 40, 1990 г.).
Бұл тербелмелі-станоктардың кемшілігі – қолдану аймағының шектелгендігі және ауа райының қолайлылығына тәуелділігі.
Ұсынылған өнертабыстың мақсаты – тербелмелі-станокқа жүктемені төмендету және электроэнергия шығындарын азайту.
Қойылған мақсатқа негізі, тіректік тіреуіші, балансир, балансир басы, электроқозғалтқышы, противовестері бар тербелмелі-станокта жылтыратылған штокпен екі кронштейнде бекітілген өстерде айналатын роликтан өткізілген иілгіш тяга арқылы жалғанған жүк түрінде жасалған қосымша теңгеру жүйесімен жабдықтау арқылы жетеміз. Қосымша теңгергіш жүйеге кіретін жүк тік жоғары бағытталған күшті қамтамасыз етеді, ол балансирге және мойынтіректерге жүктемені біршама төмендетеді, осы бөлшектердің тозуын азайтады, электроқозғалтқыштың қуатын төмендетеді.
3.1.2-суретте тербелмелі-станок көрсетілген. Тербелмелі-станокта негізде орнатылған тіректік тіреуіш 2 бар, онда басшығы 4 шарнирлі бекітілген балансир 3 орналасқан, ол тіректік тіреуіште 2 орнатылған мойынтірекпен 5 байланысады. Сонымен қатар станокта кривошипнің білігінің тіректік тіреуіші бар, онда шатунтармен 9 байланысқан кривошиптер 8 орналасқан. Кривошипті-шатундымеханизм электроқозғалтқыш 23 көмегімен қозғалысқа келтіріледі. Кривошиптерде 8 теңгеру элементтері – противовестер 10 орнатылған. Қосымша теңгеру жүйесі екі кронштейннен 11, 12 тұрады (2.4.3-суретке сәйкес), ол тербелмелі-станоктың іргетасында бекітілген, тіреуіштің екі жағында орналасқан және жоғарғы соңдарында өс 13 арқылы айналушы роликпен 14 жалғанған. Сонымен қатар құрылғыда жүк 15 бар, ол иілгіш тягада 16 ілінген, тяганың екінші соңы роликтен 14 өткізілген және жылтыратылған штоктың 17 соңына жалғанған.
Тербелмелі-станок келесідей жұмыс жасайды.
Тербелмелі-станоктың жетектік қозғалтқышы 23 кривошиптік білік 7, кривошиптер 8 және шатунтар 9 арқылы балансирдің 3 тербелмелі қозғалысын қамтамасыз етеді. Нәтижесінде балансир басымен 4 байланысқан штангалар тізбегі іргері-кейінді қозғалыс жасайды және соның арқасында ұңғымалық сораптың жұмысын қамтамасыз етеді. Тербелмелі-станоктың теңгерілуі тік жоғары қарай бағытталған күшті қамтамасыз ететін қосымша жүкті 15 және противовестерді 10 қолдану арқылы жүзеге асырылады. Бұл күш жүктің 15 ауырлық күшіне негізделген және жылтыратылған штокқа 17 берілген, бұл балансирге және мойынтірекке деген жүктемені біршама төмендетеді, яғни бұл бөлшектердің тозуын азайтады, жетектік электрқозғалтқыштың қуатын төмендетеді, конструкцияның металлсыйымдылығын азайтады.
Көтеріп-түсіру жұмыстарын орындау мүмкін болу үшін өс 13 роликпен 14 бірге хомуттық жалғанулардан бөлектелінеді, кронштейндердің 11,12 тіреуіштеріне шеттетіледі және сол жерде хомуттармен бекітіледі, екі ажыранды қосылыстар 19 босатылады, ал ажыранды қосылыстар 20 шешіледі, кейін конструкцияның өс 13 роликпен 14 бірге, екі қатаңдық қыры 21, 22 кіретін жоғарғы бөлігі өс 19 бойынша төмен түсіріледі. Жүк 15 қатты тірекке немесе тіреуішке орнатылады.
Сонымен ұсынылған өнертабыс электроэнергия шығындарын біршама төмендетуге, металлсыйымдылықты азайтуға мүмкіндік береді.
27.02.2004 жылғы №2224910 патенті. Құрылғы ұңғымалық сораптардың жетегі ретінде қолданылады. Тербелмелі-станокта тіреуіш, біриықты баланнсир, траверса, шатун, кривошиптер, противовес бар. Кривошиптердің айналу өсі және траверсаның тербелу өсі балансирдің тербелу өсінен бірдей қашықтықта орналасқан.
2.4.2-сурет. Тербелмелі-станок
2.4.3-сурет. А көрінісі
Балансирдің алдыңғы иығының кривошиптердің айналу өсінен балансирдің тербелу өсіне дейінгі арақашықтыққа қатынасы тік және көлденең бағыттара сәйкес 10:5:6 қатынасында орындалған. Техникалық шешім – пайдаланатын қуаты бойынша экономикалық тиімді тербелмелі-станокты шығару.
Мұнайды өндіруде қолданылатын, штангалық тереңдік сораптардың жетегі ретінде қолданылатын тербелмелі-станок белгілі (Л. Г. Чичеров и др. «Расчет и конструирование нефтепромыслового оборудования». М., Недра, 1987, 209 бет, 10.4-сурет).
Аталған тербелмелі-станокта тіреуіш, тіреуіште шарнирлі орнатылған балансир, траверса, екі шатун, екі кривошип противовестерімен бірге, жетек бар. Траверса балансирде шарнирлі бекітілген, оған екі шатун бекітіледі, ол кривошиптердің айналмалы қозғалысын балансирдің тербелу қозғалысына ауыстыруға мүмкіндік береді.
Бұл конструкцияда тербелмелі-станоктың звеноларының негізгі өлшемдері арасындағы нақты қатынастар қарастырылмаған. Жұмыс барысы кезінде балансирдің жоғары жүрісінде, ұңғымадағы жүктеме максимал болғанда, шатунтардағы күштің балансирдің тербелу өсіне қатысты максималды иығы қамтамасыз етілмейді. Балансирдің төмен қарай жүрісінде, ұңғымадан минималды жүктеме әсер еткенде сәйкесінше минималды иық қамтамасыз етілмейді.
Аталған өнертабысқа белгілі белгілеріне сәйкес ең жақын жоғарыда келтірілгген анықтамадағы 10.5-суреттегі тербелмелі-станок, ол түпнұсқа ретінде қабылданған.
Тербелмелі-станокта тіреуіш, бір иықты балансир, траверса, шатунтар, кривошиптер противовестермен бірге, жетек бар.
Бұл тербелмелі-станоктың кемшілігі – шатунтардан кривошиптердің айналу өсіне қатысты күштердің толық теңестірілмеуі, бұл кривошипті-шатундымеханизм түзілімдерінің алдын-ала тозуына әкеледі және тербелмелі-станоктың жұмысы кезінде ұңғымадан пайда болатын күштерді өтуге кететін энергияның шығынын тудырады.
Ұсынылған өнертабыстың мақсаты – жетектің пайдаланатын қуаты бойынша экономды және ұзақ жұмыс жасайтын тербелмелі-станокты ойлап шығару.
Өнертабыстың негізі келесілерге негізделген.
Тербелмелі-станокта,
кривошиптердің айналу өсі мен траверсаның тербелу өсі балансирдің тербелу өсінен бірдей арақашықтықта орналасқан;
балансирдің алдыңғы иығының кривошиптердің айналу өсінен балансирдің тербелу өсіне дейінгі арақашықтыққа қатынасы тік және көлденең бағыттара сәйкес 10:5:6 қатынасында орындалған.
Бұл жағдайда балансирдің жоғары жүрісінде, ұңғымадағы жүктеме максимал болғанда, шатунтардағы күштің балансирдің тербелу өсіне қатысты максималды иығы қамтамасыз етіледі. Балансирдің төмен қарай жүрісінде, ұңғымадан минималды жүктеме әсер еткенде сәйкесінше минималды иық қамтамасыз етіледі.
Суреттерде көрсетілген:
2.4.4-суретте – тербелмелі-станоктың жалпы көрінісі;
2.4.5-суретте – тербелмелі-станоктың кинематикалық сұлбасы.
Тербелмелі-станокта (2.4.4-суретке сәйкес) тіреуіш 1, онда шарнирлі бекітілген бір иықты балансир 2, балансирде шарнирлі орнатылған траверса 3, траверсаны 3 кривошиптермен 5 кинематикалық байланыстыратын шатунтар 4 және кривошиптерді айналдыруға арналған жетек 6 бар.
О – кривошиптердің айналу өсі, О1 – шатунтардың айналу өсі, О2 – траверсаның тербелу өсі, О3 – балансирдің тербелу өсі, О4 – кривошипнің көлденең өсінің тіреуіш өсімен қиылысу нүктесі, О5 – балансирдегі сағалық штоктың іліну нүктесі.
А – балансирдің алдыңғы иығы (3.1.5-суретке сәйкес), В – балансирдің тербелу өсінен кривошиптердің көлденең бағытта айналу өсіне дейінгі қашықтық, С – балансирдің тербелу өсінен кривошиптердің тік бағытта айналу өсіне дейінгі қашықтық, D – балансирдің тербелу өсінен траверсаның тербелу өсіне дейінгі қашықтық, Е - баланстрдің тербелу өсінен кривошиптердің айналу өсіне дейінгі қашықтық.
Тербелмелі-станок өлшемдерінің қатынасы келесідей: D=Е,
А:В:С =10:5:6.
Тербелмелі-станок келесідей жұмыс жасайды.
Жетекпен 6 кривошиптерді 5 айналдырғанда (сағат бағытымен) балансир 2 2.4.4-суретте көрсетілгендей көлденең күйде болады, бұл кезде балансирге ұңғымадан берілетін жүктеме максималды мәнге ие.
Кривошиптерді 5 180°-қа бұрғанда балансирге ұңғымадан берілетін жүктеме минималды мәнге жақын.
Кривошиптердің қарастырылған екі күйінде де шатунтардың 4 біркелкі жүктелуі және кривошиптердің 5 айналу О1 өсінде айналу моменттерінің толық теңестірілуі қамтамасыз етеді, соның арқасында тербелмелі-станоктың ұзақтұрақтылығы артады және оның жұмыс жасауы кезіндегі энергия шығыны төмендейді.
2.4.4-сурет. Тербелмелі-станоктың жалпы көрінісі
2.4.5-сурет. Тербелмелі-станоктың кинематикалық сұлбасы
2000 жылғы №2135832 патент. Тербелмелі-станок мұнайкәсіпшілік жабдықтарына жатады. Тербелмелі-станок бір негізде бекітілген конструкция түрінде келтірілген. Ол бір-бірімен иілгіш тяга арқылы байланысатын екі роторлы балансирден, бір кривошипті-шатундымеханизмнен тұрады. штангалар тізбегінің жақсартылған теңгерілуінің арқасында экономиялығы артады және металлсыйымдылығы және екі кусттық ұңғыманы пайдаланудағы энергия шығынын төмендетуді қамтамасыз етеді.
Мұнайды штангалық тереңдік сораптармен өндіруге арналған тербелмелі-станоктардың бірталай түрлері белгілі. Олар балансирдің соңында немесе кривошиптерде орнатылған противовестермен штангалар тізбегін ұңғымада балансирлі теңестірілген және балансирсіз теңестірілген (Чичеров Я.Г. Нефтепромысловые машины и механизмы. М.: Недра, 1983, 117 және 129 беттер). Сонымен қатар роторлы балансирі бар Лафкин фирмасының тербелмелі-станогы белгілі (Рекламный проспект фирмы Лафкин Индастриз ИНК. Техас, США, 1995).
Балансирлі тербелмелі-станоктардың кемшілігі – кривошиптердің біліктеріндегі айналу моменттерінің біркелкісіздігі, олар жұмыс кезінде тербелетін штангалар тізбегінің инерциялық күштерімен негізделген. Балансирсіз тербелмелі-станоктарда штангалардың іліну қозғалысының сипаттамасы жақсартылған – гармониялық тербеліске жақынырақ, яғни кривошиптердің біліктеріне инерциялық жүктемелері де азырақ болады. Бірақ оларда да керекті теңгерілу қамтамасыз етілмейді. Роторлы балансирі бар аралас теңгерілген тербелмелі-станокта да теңгерілу толық жетпейді.
Жақын прототип ретінде балансирдің артқы иығында қосымша басы бар тербелмелі-станок алынған, онда иілгіш элемент және противовес бар және олар қосымша ұңғымада (мұнай өндіруге арналмаған) орналасқан. Тербелмелі-станоктың бәсеңдеткішінде кривошиптер орнына екі барабан орнатылған, оларда иілгіш элемент жиналған, оның біреуі балансирдің артқы иығымен қосылған және жетектік болып табылады, ал екіншісі екінші қосымша противовеспен жалғанған, ол екінші қосымша ұңғымада орналасқан ((авт.куәл. N 1372101, кл. F 04 B 47/02, 1988).
Бұл прототипте алдыңғы аталғандардағыдай штангалар тізбегін теңгеру көптонналы противовес көмегімен қамтамасыз етіледі, ал электрқозғалтқышқа берілетін динамикалық жүктемелерді төмендетуді қосымша противовес арқылы іске асыру ұсынылады. Кемшілігі – екі қосымша ұңғымаларды жасауға қосымша шығындар кетеді.
Ұсынылған өнертабыс прототиптердің кемшіліктерін жоя отырып теңгеруді жақсартады, противовестердің массасын азайтады, динамикалық жүктемелерді төмендетеді, мұнай өндіретін екі кусттық ұңғыманы бір уақытта пайдалану кезінде тербелмелі-станоктың экономдығын және ПӘК-ін арттырады.
Бұл ұсынылып отырған роторлы балансирі бар тербелмелі-станоктың конструкциясында мұнай өндіретін ұңғымада штангалар тізбегін теңгеруге арналған противовестердің массасының орнына көрші мұнай өндіретін ұңғыманың ұқсас штангалар тізбегі қолданылған.
Сызбада іргетаста екі мұнай өндіретін кусттық ұңғымалар арасында орнатылған тербелмелі-стнаоктың толық көрінісі көрсетілген.
Тербелмелі-станокта (2.4.6-суретке сәйкес) негіз 1, негізгі 2 және қосымша жылжымалы 17 тіреуіштер, орын ауысытру механизмі 18, жетекші 3 және қосымша жетектегі 16 роторлы балансирі, жоғарғы тірек 23, арқанды илгіштер 4 және 15, сағалық штоктар 5 және 13, негізгі 6 және көрші ұңғыма 14, траверса 7, шатундар 8, кривошиптер 9, противовестер 10, бәсеңдеткіш 11 электроқозғалтқышпен 12 бірге, иілгіш тяга 19, талреп 20, балансирлердің төменгі тіректері 21 және 22 бар.
Негізінде ұсынылған конструкция ортақ жетекті тербелмелі-станок болып табылады, ол бәсеңдеткіш білігінің айналмалы қозғалысын кусттық екі мұнай өндіруші ұңғымада өзара теңгерілген екі штангалар тізбегінің ілгері-кейін қозғалысына айналдырады.
Ұсынылған тербелмелі-станоктың прототиптен принципиалды ерекшелігі – онда идеалды теңгерудің арқасында екі штангалар тізбегінің де іліну нүктесінің тербелу қозғалысының гармониялық сипаттамасы қамтамасыз етіледі. Біркелкі теңгерудің арқасында үлкен көлемді противовестерді және екі қосымша ұңғыманы қолдану керек болмайды, соның арқасында конструкцияның металлсыйымдылығы және энергия шығындары төмендейді. Көптонналы противовестер кішкене жүктермен алмастырылған. Бұл кезде бір типтік бәсеңдеткіштің қуаты екі мұнай өндіруші ұңғыманы бір уақытта пайдалануға жеткілікті, соның арқасында тербелмелі-станоктың энергия шығындары бойынша экономиялығы 2 есе артады.
Тербелмелі-станок келесі күйде қондырылады және жұмыс жасайды.
Монтаж кезінде тербелмелі-станок негізімен 1 іргетасқа 24 алдын-ала бұрғыланған ұңғымалар 6 және 14 арасында орнатады, жетекші роторлы балансирді 3 тіреуішпен 2 бірге шартты негізгі ұңғымаға 6 қарсы орналастырады, екіншісі ретінде тереңдігі және штангалар тізбегінің салмағы жоғары ұңғыманы таңдап алады. Соңғысын сағалық шток 5 және арқандық ілгіш 4 арқылы балансирдің 3 жоғарғы тірегіне 23 бекітеді. Орын ауыстыру механизмі 18 көмегімен қосымша тіректерді 17 жетектегі роторлы балансирмен 16 бірге көрші ұңғымаға 14 орнатады, ал сағалық штокты 13 ілгішпен 15 бірге қосымша жетектегі балансирдің 16 жоғарғы тірегіне 23 бекітіледі. Балансирлерді 3 және 16 қосатын иілгіш тяга 19 соңдарымен төменгі тіректерге 21 және 22 бекітілген. Бұл тяганың ұзындығын реттеу үшін талреп 20 қолданылады.
2.4.6-сурет. Тербелмелі-станок
Жетекші балансир 3 траверса 7 арқылы шатунтар 8 мен кривошиптер 9 көмегімен қозғалысқа келтіріледі, оларда противовестер 10 бекітілген. Кривошиптер 9 өз кезегінде бәсеңдеткішпен 11 электроқозғалтқыш 12 көмегімен айналдырылады.
Қосымша балансир 16 жетектегі болып есептеледі және жетекшімен 3 иілгіш тяга 19 көмегімен қозғалысқа келтіріледі. Бірдей балансирлер болғанда штангалардың іліну нүктесіндегі олардың салмағымен негізделген айналу моменттерінің теңдігі қамтамасыз етіледі. Бұл салмақтардың мүмкін болатын айырмашылығы және ұңғымалардың ұқсас еместігі (әртүрлі тереңдік, оқпанның еңістігі, штангалардың әртүрлі үйкелуі және т.б.) компенсациялаушы противовестермен 10 теңгеріледі. Нәтижесінде теңгерілген тербелмелі-станоктың жұмысы кезінде жетектің негізгі қуаты сұйықтық көлемдерін штангалық ұңғымалық сораптармен кезекпен көтеруге және ұңғымадан көтерілген сұйықтықты магистральды құбыржолға айдауға шығындалады
Көрші ұңғыманы 14 іргелі жөндеу кезінде негізгі ұңғыманың 6 балансирі 3 төменгі тіректе 22 арқандық тягадан 19 босатылады және тербелмелі-станок жұмыстың бірлік режиміне ауысады, бұл үшін кривошиптерге 9 компенсациялаушы жүктердің орнына уақытша стандартты резервті противовестер 10 орнатылады. Жөндеу жүргізілетін ұңғыманың 14 балансирі 16 орын ауыстыру механизмі 18 оның сағасынан алыстатылады.
Негізгі ұңғыманы 6 жөндеу кезінде стандартты противовестерді 10 орналастырудың алдында кривошиптерді шатунтармен 8 және траверсамен 7 бірге демонтаждайды және симметриялы түрде көрші ұңғыма 14 жаққа қарай бұралады және оның балансирімен 16 траверса 7 көмегімен байланысады. Балансир 16 тіректегі 21 тягадан 19 босатылады, ал балансир 3 орын ауыстыру механизмімен шеттетіледі.
Бұл тербелмелі станоктың жақсы теңгерілу, аз металлсыйымдылық және жоғары экономиялығыан басқа бір артықшылығы – оның шағын көлемі.