Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тема_23_Медициналық Internet ресурстары. медици...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
38.96 Кб
Скачать

Ф КГМУ 4/3-07/01

ПП КГМУ 4/01

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Медбиофизика және информатика кафедрасы

Оқытушының басқаруымен студенттің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқау информатика пәнібойынша

ТАҚЫРЫБЫ: «Интернет медициналық ресурстары. Медициналық ақпаратты іздеу принциптері».

Пән ООDОO5 Inf 1105 ИНФОРМАТИКА

Мамандық: 5B1302100 – «ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА»

Курс: бірінші

Құрастырушы:

Оқытушы: Махано

Ақпараттық – дидактикалық материал

«Internet желісінде медициналық ақпаратты іздеу принциптері»

Internet желісінде ақпарат іздеуді ұйымдастыру

  1. Web парақтарын іздеудің қарапайым мысалдары

Қарапайым ақпаратты іздеу қандай-да бір күрделі іздеу жүйелерін Internet желісінде ұсынбайды, ол әдетте қарапайым домендік аттар мен символдардан тұрады.

Коммерциялық Web-сайттарды іздеу. Белгілі адресті алу үшін фирма, кәсіпорын, ұйым атауына немесе жай ғана ағылшын зат есіміне (кілттік сөзіне) .com доменін қосуға болады, ал алдына www. қоямыз, Web-беттің .com жоғары деңгейлі домені белгіленген адресте көбінесе ақпарат ағылшын тілінде жазылады.

1 мысал. SONY фирмасының атауын алайық, .com доменін алайық, алдына www. қояйық, - SONY фирмасының Web-бетінің адресін аламыз: www.sony.com. Ұқсас түрде:

www.cnn.com - дүниежүзілік CNN жаңалықтары;

www.mtv.com – музыкалық MTV жаңалықтары;

www.cosmopolilan.com - COSMOPOLITAN журналы.

Егер Internet Explorer жолына кілттік сөзді енгізсек және Ctrl+Enter бассақ, онда хаттама атауы мен Web белгісін автоматты түрде қоса отырып, шолушы нақты URL-адресіне ауысады, мысалы, http://www. және жоғары деңгейдегі домен .com. Мысалы, адрестік жолда me –ні терсек және Ctrl-Enter, онда Internet Explorer шолушы http://www.me.com адресті Web-түйінді ашуға тырысады. Егер түйін ашылмаса, онда ондай адрестің жоқ екенін білдіреді.

Аймақ бойынша іздеу. Ресей және басқа да аймақтары үшін жоғарыда келтірілген тәсіл өз күшінде қалады. Берілген жағдай үшін кілттік сөзге аймақтың жоғары деңгейдегі домені қосылады (мемлекеттің екі әріптік коды), бұл Web-беттің адресін береді. Мысалы, ресейлік серверлерді іздеу үшін кілттік сөзге .ru доменін қосып жазуға болады.

2 мысал. www.audi.com сервері бар екені белгілі. Оның филиалын Ресейден іздеп көруге болады, ол үшін .com доменін .ru доменіне ауыстырамыз, - www.audi.ru.

Ірі оқу мекемелерін іздеу. Оқу орнының атауына немесе қысқармасына .edu домені қосылады (негізінен, америка және еуропа аймақтары үшін), ол ереже бойынша, керекті адресті береді.

3мысал. OXFORD университетін алайық, оған .edu доменін, алдына www. қосайық, сонда OXFORD университетінің Web-бетін аламыз: www.oxford.edu. Көбінесе оқу орнының Web-беттіің адресінде .edu домені болмайды. Тіркелген екінші деңгейлі домен (немесе жасырын ат) қысқартылған ағылшын оқу орны болуы мүмкін. Ресей оқу орындарын іздеу үшін ағылшын аббревиатурасын алуға болады, мысалы, MSU (Moscow State University), .ru доменін қосамыз- www.msu.ru –М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті.

Жиірек Web-бет адресінде берілген Web-бет орнатылған компьютерде Internet қызметін көрсеттетін домендік атауы болады, мысалы, www.kgtu.runnet.ru – Красноярск мемлекеттік техникалық университеті, мұндағы runnet.ru - Internet қызметін жеткізушінің домендік атауы.

Көптеген елдерде оқу орындары үшін екінші деңгейлі домендер болады. Мысалы, Ұлыбритания үшін - бұл AC (Academic) домені. Кез-келген Web-бетте бірнеше адрес-жасырын аттар болады, осы бетке бұрмалау кезде пайдаланушы сол бір Web – бетке оралады. Мысалы, OXFORD университеті үшін www.ox.ac.uk және www.oxford.edu адрестері.

Web-бетті басқа да іздеу. Үкімет (.gov), әскери (.mil) және басқа да ұйымдарды (.org) іздеу үшін екінші деңгейлі кілт сөздерін және домендерін қолдануға болады. Мысалы АҚШ үкіметінің Ақ үй адресі: www.whitehouse. gov.