Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тема_16_17_по Access_ОМ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
54.33 Кб
Скачать

Таңдау сұраулары және оларды қолдану

Таңдау сұрауы - сұраудың ең жиі қолданатын түрі. Бұл типті сұраулар бір немесе бірнеше кесте мәліметтерін қайтарады және оларды кестелер түрінде көрсетеді, оның ішіндегі жазбаларды жаңартуға болады (кейбір шектеулермен). Таңдау сұрауларын жазбаларды топтауға, қосындыларды, орташа мәндерді есептеуге, қорытынды мәндердің басқа жазбаларын табуға қолдануға болады.

Параметрлері бар сұраулар

Параметрлері бар сұраулар — бұл орындау кезінде өзінің диалогтық терезесінде мәліметтер енгізуге шақыруы шығатын сұрау, мысалы, өріске кірістірілетін жазбаны не мәнді қайтару шарты. Мәліметтердің бірнеше бірлігін енгізуге шақыруды шығаратын сұрау құрастыруға болады, мысалы, екі дата. Сосын Microsoft Access осы екі дата арасындағы интервалға келетін жазбаларды қайтара алады.

Параметрлері бар сұрауларды үлгілер, есептер және мәліметтерге қатынау беттерінің негізі ретінде қолдану ыңғайлы. Мысалы, параметрлері бар сұраудың негізінде табыстар туралы айлық есеп құруға болады. Осы есепті басу кезінде Microsoft Access экранға табысы есептелуі қажет айды енгізу туралы шақыруды шығарады. Айды енгізген соң Microsoft Access сәйкес есепті баспаға шығарады.

Сұрау параметрлерін енгізу үшін параметрлері бар сұраудың диалогтық терезесінің орнына арнайы үлгі немесе диалогтық терезе құруға болады.

Қиылысқан сұраулар және оларды қолдану

Қиылысқан сұрауда кестенің бір өрісінің мәліметтері бойынша орындалған статистикалық есептеулер нәтижелері көрсетіледі (сумма, жазба саны және орташа мән). бұл нәтижелер мәліметтердің екі жиынтығы бойынша топталады, біріншісі – кестенің сол жақ бағанында, екіншісі – жоғарғы жолында орналасқан.

Кеңес. Қиылысқан кесте мәліметтерін мәліметтер қорында жеке сұрау құрмай да шығаруға болады — не формадағы жиынтық кестелер мастерінің көмегімен, не мәліметтерге қатынау бетінде жиынтық тізім құру арқылы. Жиынтық форма не жиынтық тізім қолдану кезінде мәліметтерді түрлі жақтардан талдау үшін қажеттілігіне қарай жолдар мен бағандардың тақырыптарын өзгертуге болады.

Өзгерту сұраулары және оларды қолдану

Өзгерту сұрауы деп бір операция кезінде бірнеше жазбаға өзгеріс енгізетін сұрауды айтады. Өзгерту сұрауының төрт типі бар: жазбаларды өшіруге, жаңартуға және қосуға, және де кестені құруға.

Макрос – бір немесе бірнеше макрокомандаларын бойында сақтайтын қуатты шағын программа. Ол Access ішінде басқа программаны іске қосу және бір формадан екінші формаға өту, сұранысты іске қосу және т.б. істерді автоматты түрде орындай алады.

Макросты орындау үшін макростар конструкторы терезесінде қалаған макрокоманданы таңдап, аргументтерін орнату жеткілікті болып саналады. Макрос- бұл обьект, ол дайындалған соң МҚ терезесіне енгізіліп қойылады да, сәйкес атауын не түймесін шертіп, сол жерден іске қоса беруге болады.

Access-тегі макрокомандаларды келесі түрде берілуі бойынша жіктеуге болады:

  • Мәліметтерді орын ауыстыру макрокомандалары

  • Макросты, сұранысты орындау макрокомандалары

  • Орындауды тоқтату макрокомандалары

  • Экспорт-импорт макрокомандалары

  • Нысанмен жұмыс макрокомандалары

  • Басқа да макрокомандалар

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]