Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тема_16_17_по Access_ОМ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
54.33 Кб
Скачать

Кестелер арасындағы байланыс қалай жұмыс істейді?

Келтірілген мысалда бес кестедегі өрістер бір сүраудың мәліметтерін көрсететіндей етіп байланысуы қажет. Бұл байланыс кестелер арасындағы байланысты орнату арқылы орындалады. Кестелер арасындағы байланыс екі кестеде де бірдей аттары бар кілтті өрістер сәйкес келетін мәндер арасында қатынастар орнатады. Көп жағдайда әрбір жазбаның уникалды идентификаторы болып табылатын бір кестенің кілтті өрісімен басқа кестенің сыртқы кілті байланысады. Мысалы, қызметкерлерді олар жауап беретін заказдармен байланыстыру үшін «Сотрудники» және «Заказы» кестелері арасында «КодСотрудника» өрістерінің көмегімен байланыс құру қажет.

«Бірдің-көпке» қатынасы

«Бірдің-көпке» қатынасы кестелер арасындағы байланыстың ең жиі қолданылатын қатынасы болып табылады. «Бірдің-көпке» қатынасында А кестесіндегі әр жазбаға В кестесінің бірнеше жазбасы сәйкес келеді, бірақ В кестесіндегі жазбаның А кестесіндегі сәйкес жазбасы бірден аспауы керек.

«Көптің-көпке» қатынасы

«Көптің-көпке» қатынасы кезінде А кестесіндегі бір жазбаға В кестесіндегі бірнеше жазба сәйкес келеді, ал В кестесіндегі бір жазбаға А кестесіндегі бірнеше жазба сәйкес келеді. Байланыстың бұл типі тек үшінші (байланыстырушы) кестенің көмегімен ғана мүмкін бола алады, оның бастапқы кілті А және В кестелерінің сыртқы кілттері болып табылатын екі өрістен тұрады. «Көптің-көпке» қатынасы үшінші кестемен екі «бірдің-көпке» қатынасы болып табылады. Мысалы, «Заказы» және «Товары» кестелері арасында «көптің-көпке» қатынасы «Заказано» кестесімен екі «бірдің-көпке» қатынасын құру арқылы анықталады.

«Бірдің-бірге» қатынасы.

«Бірдің-бірге» қатынасы кезінде А кестесіндегі жазбаның В кестесіндегі бір жазбамен ғана байланысы болады және керісінше. Бұл типті қатынастар сирек қолданылады, өйткені осылайша байланысқан мәліметтердің көбі бір кестеге орналасуы мүмкін. «Бірдің-бірге» қатынасы өте үлкен кестелерді бөлуге, кестенің бір бөлігін бөлуге, сонымен қатар басты кестедегі жазбалар көпшесіне қатысты мәліметтерді сақтау үшін қолданылады. Мысалы, қызметкерлердің спорттық жарыстарға қатысуды тексеретін кесте құруға болады.

Кестелер арасындағы байланыстарды анықтау.

Кестелер арасындағы байланыс байланысатын кестелерді «Схема данных» терезесіне қосу жолымен және кілтті өрісті бір кестеден екінші кестеге апару арқылы анықталады. Сонымен қатар байланыстарды пернетақта көмегімен анықтауға болады.

Microsoft Access-те құрылған байланыстың қатынас типі байланысқан өрістерді анықтау тәсіліне тәуелді.

«Бірдің-көпке» қатынасы өрістердің біреуі кілтті немесе уникалды индексі бар болғанда ғана құрылады.

«Бірдің-бірге» қатынасы байланыстаны екі өріс те кілтті немесе уникалды индекстері бар болғанда ғана құрылады.

«Көптің-көпке» қатынасы үшінші кестемен «бірдің-көпке» екі қатынасы болып табылады, оның бастапқы кілті басқа екі кестенің сыртқы кілттерінен тұрады.

Деректер қоры кестесінен не байланысты кестелерден белгілі шартты қанағаттандыратын нәтижелік кесте құруға болады. Негіздік кестемен жаңылыстырмау үшін оны сұраныс обьектісі не жай сұраныс деп атайды. Яғни, сұраныс – дегеніміз пайдаланушының шартын қанағаттандыратын шарт.

Access –те сұраныстың екі типін құруға болады: QBE-сұранысы, SQL-сұранысы.

QBEсұранысы (Query By Example) — бұл сұраныс конструкордың көмегімен құрылған сұраныс.

SQL-сұранысы — бұл сұраныс SQL (Structured Query Language — структурированный язык запросов) нұсқауының жиынтығы бойынша құрылған сұраныс.

Барлық сұраныстар екі топқа бөлінеді: таңдау сұранысы, әрекет (действие) сұранысы.

Іріктеу немесе таңдау сұранысы – пайдаланушының өзіне қажетті шартқа байланысты таңдау арқылы жасалынатын сұраныс. Бұл сұранысқа сұраныстың мына түрлері жатады:

Кестеге байланысты сұраныс — байланысқан кестедегі мәліметтерді таңдау арқылы жүргізіледі.

Қиылма сұраныс — кестенің таңдалған өрістерінен берілгендерді топтап, оларды ыңғайлы түрде беру.

Парамертлік сұраныс — пайдаланушының белгілі бір критериін қанағаттандыратын шарт.

Өзгермелі сұраныс – пайдаланушының белгілі бір критериіне байланысты бірнеше жазбаға өзгеріс енгізу.

Қорытынды сұраныс — математикалық есептеулерді жүргізіп, оның қорытындысын шығарады.

Сұраулар мәліметтерді түрлі әдістермен қарап шығу, өзгерту және талдау үшін қолданады. Сұрауларды сонымен қатар формалардың, есептердің және мәліметтерге қатынау беттерінің жазбаларына қайнар ретінде қолдануға болады.

Microsoft Access-те түрлі сұраулар құруға болады: таңдау сұрауы, параметрлері бар сұраулар, қиылысқан сұрау және өзгерту сұрауы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]