
- •Практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Сабаққа арналған ақпараттық-дидактикалық материал дқбж ms Access медициналық мәліметтер қорымен жұмыс. Кесте, үлгі, есеп
- •Деректерді және олардың арасындағы байланыстарды ұйымдастырудың түрлі типтері.
- •Ms Access мәліметтерді басқару жүйесі. Кесте, үлгі,есеп. Ms Access интерфейсімен танысу.
- •Кестелер арасындағы байланыс қалай жұмыс істейді?
- •«Бірдің-көпке» қатынасы
- •«Көптің-көпке» қатынасы
- •Таңдау сұраулары және оларды қолдану
- •Параметрлері бар сұраулар
- •Қиылысқан сұраулар және оларды қолдану
- •Өзгерту сұраулары және оларды қолдану
Ф КГМУ 4/3-06/02
ИП №6 14 маусым 2007 ж.
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
МЕДИЦИНАЛЫҚ БИОФИЗИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА КАФЕДРАСЫ
Практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
Тақырыбы: «ДҚБЖ MS Access медициналық мәліметтер қорымен жұмыс. Кесте, үлгі, есеп»
Мамандығы: 5В130100 «:Жалпы медицина»
Пән: : ООDОO5 Inf 1105 «Информатика»
Курс: I
Құрастырған оқытушы: Рахимбекова А.Е.
Қарағанды, 2014ж
1 Қосымша.
Сабаққа арналған ақпараттық-дидактикалық материал дқбж ms Access медициналық мәліметтер қорымен жұмыс. Кесте, үлгі, есеп
Деректерді сақтаудың көп тараған әдісі – оларды комьютерде дерек қоры түрінде сақтау болып саналады. Деректер қоры дегеніміз – құрылымы берілген тәсіл бойынша ұйымдастырылған арнайы форматтағы файл. Деректер қорында болады:
Көптеген ақпараттар
Ақпараттарды сақтау мүмкіндігі
Белгілі аймаққа байланысты сол ақпараттардың ішінен алып шығу мүмкіндігі
Қажетті ақпараттарды тез алу мүмкіндігі
Санкцияланған ақпараттарды сақтаудың жоғарғы мүмкіншілігі және осы ақпараттарды қолдану мүмкіндігінің жоғарлылығы
Пайдаланушының берілетін сұраныстарға, үлгілерге, есептерге қоятын шарттарын қанағаттандырылуы.
Мәліметтер қоры (МҚ) — бұл нақты тақырыпқа немесе есепке қатысты мәліметтер жиынтығы. Егер мәліметтер қоры компьютерде емес, немесе компьютерде оның тек қана кей бөліктері сақталса, онда мағлұматтарды басқа қайнарлардан бақылауға болады, оларды пайдаланушы реттеуі және өздігінен ұйымдастыруы қажет.
Медициналық практикада мәліметтер қорларын қолдану дәрігер, зерттеуші не басқа медициналық жұмысшының жұмысында маңызды атрибут болып табылады. Microsoft Access-пен жұмыс істеу дағдылары түрлі кестелерді құруға және де басқа түрлі есептерді құруға және редактрлеуге кететін уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.
Деректерді және олардың арасындағы байланыстарды ұйымдастырудың түрлі типтері.
Ақпараттық нысан дегеніміз- әр түрлі салаларда берілгендерді дайындау, оларды өңдеу, сақтау болып табылады. Мысалы: топтың №, студенттің аты, жөні, сынақ кітапшасының №, туылған күні т.б. Деректерді және олардың арасындағы байланыстарды ұйымдастырудың түрлі типтері бар. Олар: иерархиялық, реляциялық, тораптық..
Иерархиялық ДҚ-да жазба элементтері реттеліп жазылады да, оның бір элементі негізгі қалғаны бағыныңқы болып саналады. Бұл жерде элементтер нақты бір тізбек бойынша сатылы түрде беріледі.
Тораптық ДҚ-да негізгі элемент – желі болып табылады.
Реляциялық ДҚ-да – кесте түрінде дайындалып беріледі. Бұл ең көп тараған берілгендер қоры, кесте арасындағы байланыс деген ұғымды білдіреді.
ДерекТЕР қорының негізгі этаптары:
Деректер қорында жазба үшін кесте жолы түсіндіріледі, кестеде қайталанатын бірдей жолдар болмайды.
Кесте бағанын құрайтын жазба өріс деп аталады. Өрістің бір ерекшелігі: бір өріс элементтері бірдей типті етіп құрылады. Мысалы: сандық не символдық.
Әр кесте үшін кілттік өрісті анықтау, кесте арасына байланыс орнату.
Әр кестенің құрылымын жасау үшін: өріс тізімін жасау, олардың типтерін және қасиеттерін анықтау.
Кестені берілген ақпаратпен толтыру.
Құрылған МҚ керекті сұраныстарды, есептерді, үлгілерді өңдеу.
Жиі қолданылатын әрекеттерді автоматты түрде макрос арқылы беру.
Реляциялық деректер қорын құру және онымен жұмыс істеуді басқару үшін көптеген арнайы программалар болады: dBase, FoxBase, FoxPro, Access болып табылады. Access программасының да бірнеше версиялары жарық көрді. Олар: Access 2,0, Access 7,0, Access 97, Access 2010. Бұл программалар жұмыс істеуді жеңілдететін күрделі программалар болып саналады.
Реляциялық ДҚ – кесте түрінде дайындалып берілгендер. Ол ең көп тараған берілгендер қоры (reiation – қатынас, байланыс) деген ұғымды білдіреді. Яғни, кесте арасындағы байланыс. Деректер қоры жазба үшін кесте жолы болып түсіндіріледі, кестеде қайталанатын бірдей жолдар болмайды. Кесте бағанын құрайтын жазба элементтері өріс деп аталады. Өрістің негізгі ерекшелігі – бір өріс элементтері бірдей типті етіп құрылады.
Мәндері бірегей болатын өрісті бірегей өріс деп атайды. Ол 64 символдан артық болмауы керек. Өріс атауы кез келген символ болуы мүмкін, бірақ қолданылмайтын белгілерге мыналар жатады: (.); (!); ('); ([); (]). Кестелерді байланыстыру үшін тағайындалатын өрістерді кілттік өріс деп аталады. Кілттік өріс (алғашқы кілт) – бұл бір немесе бірнеше өріс, олардың мәндері кестедегіәр жазбаны анықтайды. Кілттік өрістер қайталанбау керек. Кілттік өрістер кестелер арасындағы байланыстарды орнату үшін қажет.