Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жер сілкінісі2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
979.63 Кб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе

Жер сілкінісі туралы жалпы түсінік

Жер сілкінісі кезіндегі ғимараттар беріктігі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстан Республикасының айтарлықтай жер көлемі сейсмикалық аймақта орналасқандықтан, төтенше жағдайлар кезіндегі ғимараттарды пайдаланудың сейсмикаға беріктігі мен сенімділігін арттыру құралымдық - конструкциялардағы құрылыс материалдарының сапасына және жер сілкінісіне қарсы шараларға еңбек шығынын тиімді қолдану түрлеріне байланысты жүргізіледі.

Дүниежүзінде болған жер сілкіністердің тарихымен және оларға жүргізілген талдаулар көрсетіп отырғандай, күшті жер сілкіністер барынша сирек болып, олардың қайталануы жүздеген жылдарға созылады. Ал қарқындылығы бойынша төмен жер сілкіністер сейсмикалық басқа аймақтармен салыстырғанда жиі болып тұрады, сондықтан бұл аудандардағы ғимараттар жер сілкінісінің әсеріне бірнеше рет ұшырап отырады. Осыған байланысты көптеген ғалымдар ғимараттар мен имараттардың сейсмикаға беріктігін қамтамасыз ету және құралымдар сенімділігін арттыру мақсатымен ғимараттарды сейсмикалық жүктемеге жобалау кезінде екі рет есептеу жүргізуді ұсынуда.

Әлсіз жер сілкінісіне есептеуді құралым жұмысының серпімді кезеңі бойынша қандай да бір зақымдаулардың болуына жол бермей жүргізу, ал күшті жер сілкіністерінде адам өмірі мен материалдық құндылықтарды сақтай отырып, ғимараттар мен имараттарды қирау жағдайына жеткізбей жекелеген құралымдарда серпімді емес деформациялық ақауланумен жүргізуді ұсынған. Әрине, мұнда халық шаруашылығының экономикалық және әлеуметтік құбылыс жағдайлары еске алынған. Мұндай көзқарас ғимараттар мен имараттар есебінде сейсмикалық жүктеменің әртүрлі шекті жағдайын қабылдайтын екі деңгейінде, яғни жобалық жер сілкінісі (ЖЖ) мен максималды есептік жерсілкінісі (МЕЖ) деңгейіндеорындауды ұсынады.

Сонымен қоса, МЕЖ деңгейінде есептеу кезіндеғимараттар мен имараттардың сейсмикаға беріктігін анықтайтын негізгіқасиеттердің бірі -құралымдар жұмысының қирауға жақын серпімді емескезеңіндегі сейсмикалық жүктемелердің жоғарғы шекті қабылдауының аса үлкен кернелген аймақтарда зақымдалулар жіберілетін кезеңінде құралымдардың аз қайталамалы беріктілігі мен деформациялылығы болып табылады. Алайда бұл мәселелер тәжірибелік сынақ түрінде толық зерттелмеген, сондықтан темір бетон бөлшектерінің аз қайталамалы беріктілігімен деформациялылығы нақты зерттеулер арқылы жүзеге асырылады. Төтенше жағдайлар кезіндегі сейсмикалық сипаттағы толық көлемдегі аз қайталамалы жүктемелердің әсеріне темірбетон элемент - бөлшектерінің кернелген - деформацияланған жағдайларын зерттеу - сейсмикаға беріктілік құрылыс саласындағы өзекті мәселелердің бірі.

Менің курстық жұмысымның мақсаты - сейсмика түріндегі аз қайталамалы жүктемелер әсеріне ұстындардың жақсартылған құралымдық көрсеткіштерін есепке ала отырып, бірқабатты қаңқалы өнеркәсіптік ғимараттардың төтенше жағдайлар кезіндегі сенімділігін және сейсмикалық беріктілігін арттыру.

Менің курстық жұмысымның міндеттері:

а) сейсмикалық сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі Тараз қаласының жоғары балдық жер сілкінісі дүмпулеріне төтеп беретін солтүстік бөлігіндегі нақты қаңқалы өнеркәсіптік ғимараттардың динамикалық сипаттамаларын жете зерттеу;

ә) төтенше жағдайлар кезіндегі сейсмикалық сипаттағы кернелген темірбетон ұстындарымен қаңқалы ғимараттардың беріктілігін арттыратын бетон құрылымында ұнтақты жұқа толтырғыштары бар органикалық және органикаминералдық модификаторларды біріктіріп қолданудың арқасында сығылған құралымдардың көтергіштік қабілеттілігінің сенімділігін анықтау;

б) сейсмикалық түрдегі айныматаңбалы аз қайталамалы көлденең бағыттағы жүктемелердің әсеріне тұрақты тіке түсетін күшке ғимарат қаңқасындағы жеке үлгідегі ұстындардың көтергіштік қабілеттілігінің сенімділігін сынақты тәжірибе жасау арқылы анықтау;

в) сейсмикалық сипаттағы төтенше жағдайларға арналған ірі масштабты және нақты бір қабатты қаңқалы ғимараттар фрагменттерінің динамикалық қасиеттерін вибрациялық В-3 мәшинесі арқылы жоғары жер сілкінісі түріндегі жүктемелердің әсеріне сынау және нәтижелерін талдап қорытындылау;

г) төтенше жағдайлардың сейсмикалық сипатындағы аралығы мен биіктігі көп таралған үлгідегі бір қабатты қаңқалы ғимараттардың ұтымды құралымды - конструкциялық шешімдерінің тиімді экономикалық көрсеткіштерін негізгі нұсқалары бойынша айқындау және жобалауға ұсыныстар жасау.