Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билеты по казахскому языку.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
52.36 Кб
Скачать

Билет № 21

Мәтінді оқып, аудар.

Қазыбектің Жоңғар ханына берген жауабы

Қаз дауысты Қазыбек – асқан шешен, ақын.

1730-1731 жылдары Тайкелтір бастаған төрт кісі Жоңғар ханы Қоңтәжіге елшілікке барған екен. Олардың ішінде Қаз дауысты Қазыбек би, Тұрсынбай батыр, Жәнібек батыр болған. Елшілікті қабылдаған Жоңғар ханының сыншыл Қарабас деген бәйбішесі Қаз дауысты Қазыбекке қарап тұрып: «Екі аяқтыға жол бермес, екі жақтыға сөз бермес адам екен.»депті. Осы жолы Қазыбек би Жоңғар ханын сөзден жеңіп, бітімге келтіреді. Ол жоңғар ханына:

- Қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзасына жылқының қылын таққан елміз. Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзымызды ақтай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды. Ұл мен қызын жатқа құл-күң ғып отыра алмайтын елміз, - дейді. Қазыбек одан әрі былай дейді:

Сен темір болсаң, біз көмірміз, еріткелі келгенбіз, қазақ-қалмақ баласын теліткелі келгенбіз, танымайтын жат елге танытқалы келгенбіз, танысуға келмесең, шабысқалы келгенбіз, сен қабылан болсаң, мен арыстан, алысқалы келгенбіз, жаңа үйреткен жас тұлпар жарысқалы келгенбіз, бітім берсең, жөніңді айт, бітіспесең, сонынды айт!

Өзінің жеңілгенін Қоңтәжі хан мойындап:

  • Бұған қайтарып айтар сөзім жоқ, мал мен жанын есептеп, қайтарып беріңдер, - депті.

Билет № 22

Мәтінді оқып, аудар.

Ресейдегі Эрмитаж бен Третьяков галереясы

Третьяков галереясы – орыс бейнелеу өнерінің Мәскеу қаласындағы аса ірі мемлекеттік мұражайы. Оның негізін белгілі көпес-меценат Павел Михайлович Третьяков (1832 – 1898 жылдары) қалаған. Павел Михайлович Третьяков 1856 жылдан бейнелеу өнері туындыларын жинаумен айналысып, соның нәтижесінде 1892 жылы інісі Сергей Михайлович Третьяков (1834 – 1892 жылдары) екеуі өздерінің жинаған жекеменшік картиналар қорын қоғам игілігі үшін сый ретінде Мәскеу галереясына өткізді. 1918 жылдан мұражай Павел және Сергей Третьяковтар атындағы Мәскеу қалалық көркемсурет галереясы деп аталды. Сол жылы 3 маусымнан Третьяков галереясы мемлекет меншігіне көшіріліп, қазіргі атына ие болды.

ЭрмитажРесейдегі және дүние жүзіндегі ең ірі көркемсурет және тарихи-мәдени мұражай. Санкт-Петербург қаласында 1764 ж. Екатерина ІІ-нің жеке қоры негізінде ұйымдастырылған. 20 ғ-дың 20–30-жылдары мұражай қайта жинақталып, экспонат саны арта түсті. Коллекция қатарында Батыс Еуропа өнері туындыларынан Рафаэль, Леонардо да Винчи, Микеланджело, Джорджоне, Тициан, Веласкес шығармалары, Рембрандт пен Рубенстің ең үздік полотнолары бар. Эрмитажтда 2 млн. 400 мың шамасында зат сақталған. Эрмитаж ғимараты әйгілі архитектуралық ансамбль құрамын (Қысқы сарай, т.б.) толықтырады. 1939 жылдан Эрмитажда Түркістандағы алып қазан сақталып келді; ол 1989 ж. қайтарылып, Қожа Ахмет Иасауи мешіт-кесенесіндегі бұрынғы өз орнына қайта қойылды.